400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Робототехника» үйірмесінің жылдық есебі. 5-9 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Робототехника» үйірмесінің жылдық есебі

Мақсатым:Робото техника курсын үйрету қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру.

Күтілетін нәтиже:

Робот техникасы бағдарламасын меңгерген және оны кәсіби мамандығында пайдалана алатын тұлға


Робототехника –ғылым мен техниканын ең озық бағыттарының бірі , ал білім беру роботты техникасы – жаңа пәнаралық өріс, технология, математика, кибернетика және АКТ, физика білімдерін интеграциялауға , түрлі жастағы оқушылардың жаңа ғылыми –техникалық шығармашылық үдерісіне қатысуға қызықтыруға мүмкіндік береді.

Робототехника оқушылардың өзара іс-қимыл дағдыларын, олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді , өздігінен шешім қабылдауға үйретеді, олардың шығармашылық мүмкіндігін ашады.

Балалар мен жасөспірімдер - өз бетінше бір нәрсені ойлап тауып , құрастырғанда мұны жақсы түсінеді. Робототехника бойынша сабақ барысында , осы факт жай ғана есепке алынбайды , керісінше , шын мәнінде әр сабақта пайдаланылады.

Робототехника қазір не үшін қажет болды? Осыдан 10 жыл бұрын қосымша білім беру балалар қолөнерге қызығатын болса, қазір компьютермен, роботпен жұмыс істеуге балалар қызығады. Қазіргі таңда автоматтық құрылғыларды немесе адам баласының алдын ала қондырылған бағдарламаларына бұйрық арқылы орындауын үйрететін робототехникалық үйірмелер қажетті деп танылуда.

Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі.

Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.

Робот деп біз белгілі бір әрекеттің бағдарламасына және функцияның соңғы жиынтығына ие құрылғыны айтамыз.

Робот (чех тілінен аударғанда robota– еріксіз еңбек,rob– құл) – тірі организм ретінде құрылған автоматты құрылғы. Ол байланысатын және әрекет ете алатын, ойлай білетін, қабылдай алатын машина.

Робот алдын ала салынған бағдарлама бойынша және сыртқы әлем туралы датчиктерден ақпарат ала отырып әрекет етеді (тірі ағзалардың органдарына ұқсас). Робот әдетте адамдар орындайтын (немесе жануарлар) өндірістік және басқа да операцияларды жүзеге асырады.

Сонымен қатар робот оператормен байланыс жасай алады (одан бұйрықтар ала алады) және дербес әрекет те ете алады.

Ал енді балаларға роботтарды тек құрастыру ғана емес, өз бетінше идеясын іске қоса алады.

Қазіргі уақытта мен Жаңаөзен қалалық оқушылар шығармашылық үйінде

робототехника үйірмесінен жарты ставка сабақ беріп келемін.Үйірмеде балалар LEGO - конструкторларын қолдану тәсілдерін үйретуде. Бұл үйірме балалардың білімге деген уәждемесін арттырады, яғни өнер мен тарихтан бастап , математика және жаратылыстану ғылымдарына дейін барлық дерлік пәндерді білуді талап етеді. Lego сабақтары балаларға қызықты. Олар робот конструкторларын құрастырады, әртүрлі ойындар, шығармашылық көрме заттарын дайындайды.









Робототехника көрмесі"Біз болашақтанбыз!"


9-сынып оқушыларының датчиктер құрастыру сәті.


"РОБОТОТЕХНИКА" бағдарламасы бойынша сабақтар жоспары: 
1. Ең алдымен РОБОТОТЕХНИКА дегеніміз не?
- робототехникада қандай бағыттар бар?;
- роботтарды қолдану мысалдары;
- пайдалану салалары.
2. Сіз білесіз бе - Роботтар заңға бағынады ма, оларды кім ойлап тапты?
              Робототехниканың бірінші заңы: Робот адамға зиян келтіруі мүмкін емес...
              Барлық басқа заңдар бірінші заңнан шығады
3. Жоғары топ оқушылардың ең үлкен қызығушылығы Arduino UNO роботехникалық жиынтығы.
- Балалар Arduino UNO бөлшектерімен танысты
- Олардың атауын білді
- Болашақ роботтың бөлшектерін қолданудың ықтимал әдістерімен танысып жұмыс жасауда. Жоғары сынып оқушылары үшін роботтарды бағдарламалау тақырыбы өзекті және қызық.



5-6 сынып оқушыларының датчик құрастыру жұмысы











9-сынып оқушыларының мектепішілік байқауға дайындық сәті



5 «Б»-сынып оқушылары Ғанибек Ернұр, Жүрсінбек Мейіржанның құрастырған датчигі







5 «Б»-сынып оқушысы Оралбай Қуаныштың құрастырған датчигі







Жұма күні «Робототехника» үйірмесінде 5 «Ә» сынып оқушылары роботтан «Puppy» құрылғысын жасап шықты. Әр үйірменің өз қызықтары бар. Балалар үйірме жетекшісі Асия Орынбасарованың көмегімен робот - көліктерді құрастырған болатын. Сабақтан тыс уақытта пайдалы іспен айналысудың күннен күнге артып келе жатқаны көңіл қуантады.

Мектеп оқушылары робототехника үйірмесіне келіп, робот жасау технологияларын меңгеруде. Үйірме жетекшісі робототехника пәнінің мұғалімі Орынбасарова А

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
01.02.2021
2046
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі