400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Роботтарды басқару алгоритмі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Роботтарды басқару алгоритмі" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары. Төмендегі оқу мақсаттарын қамтиды: 1. Робот қозғалысының траекториясын жоспарлау үшін қажет алгоритмдер туралы білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

    Сабақ тақырыбы: Роботтарды басқару алгоритмі

Бөлім:

Әскери робот техникасы негіздері

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Роботтарды басқару алгоритмі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1. Робот қозғалысының траекториясын жоспарлау үшін қажет алгоритмдер туралы білу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

«Алгоритм» ұғымын біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Жол іздестірудің алгоримдерін үш топқа бөліп, оларды түсіндіре алады

Кейбір оқушылар:

Орталықтандырылған (бір басқару құрылғысынан) басқару мен орталықсыздандырылған (роботтардың жеке басқару жүйелері бір-бірімен айқастырыла байланыстырылған болса) басқару түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдай алады

Құндылықтарға баулу

Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресур-р

Басы

3'

Амандасу, түгелдеу, оқушылардың сырт көріністерін тексеру.


Взвод командирінің орынбасары оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға сабаққа дайындығы жөнінде баяндама жасайды.



5'

Саптық жаттығулар.

Жаттығуларды орындап болғасын орындарына отырғызамын.

Қимыл-қозғалыс әрекеттерін дұрыс жасауға тырысады. Кабинетке кіріп, орындарына отырады.



Ортасы

5'

Білу

«Алгоритм» ұғымын түсіндіремін. Әскери қызметтегі роботтар көбінесе алыстан қатысушы құрылғылар болып саналады және тікелей оператормен басқарылады. Оларды басқару алгоритмі – оператордың әрекеттер тәртібі. Мысал ретінде ұшқышсыз ұшу аппараты операторының әрекеттер алгоритмін келтіруге болады.

  1. Нысанды іздестіру;

  2. Нысанды анықтау;

  3. Нысанды тану;

  4. Нысанның координатасын анықтау;

  5. Тұтынушыға ақпаратты жедел түрде жеткізу.

Жауап беру арқылы диалогқа түседі









Қалыптастырушы бағалау



10'


Түсіну

YouTube — видеохостингіндегі АӘжТД каналынан «Роботтарды басқару алгоритмі» бейнефильмін көрсетемін

Бейнефильмді қарайды, Роботтарды басқару алгоритмімен танысады.


Жауап берген сұрақтың деңгейіне байланысты бағаланады

https://www.youtube.com/watch?v=zgVSAR1ksQc

10'


Қолдану

1. Wing Loong ұшқышсыз ұшу аппараты қандай режимдерде басқарылады?

2. Wing Loong ұшқышсыз ұшу аппараты қандай фунцияларды автоматты түрде, қандай функцияларды оператордың басқаруымен орындайды?

3. Ұшқышсыз ұшу аппаратының операторы ұстанатын әрекеттер алгоритмі туралы айт.

- Wing Loong ұшқышсыз ұшу аппараты қандай режимдерде басқарылатынын біледі;

- Wing Loong ұшқышсыз ұшу аппараты қандай фунцияларды автоматты түрде, қандай функцияларды оператордың басқаруымен орындайтынын біледі;

- Ұшқышсыз ұшу аппаратының операторы ұстанатын әрекеттер алгоритмін біледі.


Қалыптастырушы бағалау


5'


Талдау

Орта және ұзақ қашықтыққа ұша алатын ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторлары орындайтын алгоритмдерді салыстыру және талдау

- Орта және ұзақ қашықтыққа ұша алатын ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторлары орындайтын алгоритмдерді салыстырады және талдайды

Қалыптастырушы бағалау



Аяқталуы

2'


Кері байланыс

«Плюс-минус-қызықты» тәсілі.

«П» - «плюс» бағанына- сабақта ұнағанның бәрі жазылады: жақсы көңіл күй сыйлаған немесе пайдалы болған ақпарат және жұмыс түрі.

«М» - «минус» бағанына – сабақта ұнамаған жайттар: жағымсыз әсер қалдырған, түсініксіз болған немесе пайдасы болмаған ақпарат жазылады.

«Қ» - бағанына – сабақта жаңадан білген «қызықты» мәліметтер, бұл тақырыпта тағы білгілері келетін мағлұматтар және мұғалімге қойылатын сұрақтар жазылады.

Үйге тапсырма беру

§2

Кестені толтырады.



     



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 қыркүйек
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі