Материалдар / Р.ҚОШҚАРБАЕВ: ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Р.ҚОШҚАРБАЕВ: ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
1186
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» КММ

















ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

Р.ҚОШҚАРБАЕВ: ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ





Орындаған: Таштанова М

11 сынып оқушысы

Ғылыми жетекшісі: Жуматаева Г.К

Тарих пәні мұғалімі















Алматы, 2019

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3


  1. Р.ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ӨМІР БЕЛЕСТЕРІ……………...…………………..5

    1. Р.Қошқарбаевтың өмір жолы мен өскен ортасы.............................................5

    2. Р.Қошқарбаевтың әскери қызметінің басталуы мен әскери қызметкер ретінде қалыптасуы…………………………………..............................……10

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………...…………...………………….29


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ...………………………..31


ҚОСЫМША…………………………………………………..………………….32
































КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Тәуелсіз еліміздің ақиқатын танып, елі мен жері үшін, елінің намысы үшін күрескен аға ұрпақ өкілдерінің өмірі мен қызметін зерттеу қазіргі таңда аса өзекті болып отырған мәселелердің бірі. Кез келген мемлекеттің рухани негізі – халықтық патриотизм. Осы орайда ақтаңдағы көп кеңес дәуірінің Ұлы Отан соғысы жылдарында тек қана қазақстан емес, бүкіл одаққа белгілі болған көптеген қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметі әлі де толық зерттелмей келеді. Бұған себеп, кеңестік дәуірде ерлік жасаған кейбір қайраткерлердің есімдері тоталитарлық жүйенің арнайы жүргізілген шараларының негізінде жасанды түрде төмендетіліп, кейінгі орынға ығыстырылды, тіпті әдейі ұмыттырылды. Болашағымыз өскелең ұрпақты ұлттық сана-сезім, патриотизм рухында тәрбиелеу туралы айтқанда нақ осы мәселенің алтын арқауы – халқымыздың талай сын сәттерде суырылып шыққан көсемдерін айтпау мүмкін емес. Солардың бірі – Рақымжан Қошқарбаев. Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсетіп, жеңіс жалауын Рейхстагқа алғаш тіккендердің бірі болды. Бірақ, Кеңес Одағы кезінде ерлігі лайықты бағасын ала алмады. Академик Манаш Қозыбаевтың «Кеңес тарихының ең сүбелі бөлігі Ұлы Отан соғысының тарихы зерттеліп келеді. Алайда, әлі де шешуін күтіп тұрған проблемалар баршылық» деуі [1], Р.Қошқарбаевқа қатысты айтылғандай, себебі Р.Қошқарбаевқа қатысты кейбір мәселелерді қайта қарауды, бағалауды талап етеді.

Көптеген тарихи тұлғалар, асыл азаматтар тарихтағы өз бағаларын алып, бүгінде арамызға қайта оралғандай болды. Өз кезегінде Р.Қошқарбаевтың да қызметі, өмірінің сан-қилы жақтарын ашудың ғылыми-теориялық қана емес, практикалық маңызы бар екендігінде түсінеміз. Өйткені тарихтағы жеке тұлғаның өмірімен, қызметімен танысу, оның халқына сіңірген адал еңбегіне, ерлігіне объективті баға беріп, тәлім алу. Оның үстіне қазіргі таңдағы ұлттық сананың қайта жаңғырған тұсында төл тарихымыздың жаңа мазмұн, соны сипат алуына кең жол алып, мол мүмкіндіктер беріліп жатқан мезгілде ғана ұзақ уақыт бойы бұрмаланып, бір жақты қаралып, ақиқаты айтылмаған тарихи құбылыстарды қайта ой елегінен өткізіп, шынайы бағасын беруге талпыныс күшейе түсті. Сондықтан, Р.Қошқарбаевтың өмірі, қызметі және ерлігіне жаңа көзқарастар, біздің ойымызша күрделі зерттеудің тоғысында тұрған тақырып болып табылады. Сонымен бұлардың барлығы Р.Қошқарбаевтың ерлігіне арналған тақырыптың өзекті екендігін аңғартса керек.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты – Рақымжан Қошқарбаевтың өмірінің барлық кезеңдерін қамти отырып, қоғамдық қызметі мен тарихи ерлігінің маңыздылығын жан-жақты зерттеп, Рейхстагқа алғашқы болып ту тіккенін деректерді пайдалана отырып дәлелдеу. Осы мақсатқа байланысты қарастырылатын негізгі мәселелер мен жұмыстың міндеттері төмендегідей:

  • Р.Қошқарбаевтың еңбек жолын, өзіндік ұстанымы, ой-талғамы бар, балама жол ұсына алған тұлға екенін, тарихқа қосқан үлесі мен Отандық тарихымызда тиісті орын алатын батыр болғандығын дәлелдеу.

  • Жауынгерлік жолының бастапқы кезеңдерін бейнелеу және әскери шенінің жоғарлауының себептерін талдау;

  • Р.Қошқарбаевтың өмірі мен қызметі бүгінге және болашаққа тарихи үлгі екендігін көрсете келе, батырдың ерлігінің жарқын іздері жаңа ұрпақ үшін де ұлағатты әрі өміршең болып қала беретіндігін дәлелдеу;

Зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы. Р.Қошқарбаевтың өмір сүрген жылдары, яғни 1924 жылдан 1988 жылға дейінгі аралықты қамтиды.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректеркөздерінің тізімінен және қосымшадан тұрады.






























  1. Р.ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ӨМІР БЕЛЕСТЕРІ


1.1 Р.Қошқарбаевтың өмір жолы мен өскен ортасы

Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданының Тайтөбе ауылында (бұрынғы Целиноград ауданы Тельман ауылы) дүниеге келген. Ақмоланың топырағы киелі. Өйткені, кешегі Абылай хан басқан, оның ұрпақтары өсіп-өнген асыл топырақ екендігінде дау жоқ. Қабанбай, Бөгенбай батырлардың ізі қалғаны да рас. Кенесары бабамыз отаршылардың ең алғашқы бетін қайтарған қасиетті жер. Кенекеңнің батырлары Ағыбай мен Иманжүсіп масатыдай жайнаған жайлауын жайлаған жер. Бұлардан кейін, қазақ халқының атын бүкіл дүние жүзіне танытқан Балуан Шолақ пен Қажымұқан бабаларымыз өмір сүрген топырақ. Осы қасиетті өлкеде Рахымжан Қошқарбаев та дүниеге келді. Қасиетті өлкенің табиғатынан нәр алып өсті.

Рақымжанның әке-шешесі текті әулеттен шыққан жандар еді. Барымен бөлісіп, ауылдың жұртшылығын туысындай көріп, қолдарынан келген жақсылықтарын аямайтын.

Анасынан төрт жасында айырылған Рахымжанның тәрбиесі әкесінің қолына көшті. Анасы қайтыс боларда ұлына айтқан: «Құлыным-ай, ендігі панаң кім болар екен?» - деген [2, 151 б.] сөзі Рақымжанның есіңде жатталып қалды. Небәрі 4 жаста болса да, анасының соңғы сөздерін қиналғанда әрдайым есіне алатын. Анасын жоқтатпайын деп әкесі Рақымжанға ерекше көңіл бөліп, бетін қақпай еркелетіп өсірді. Әкесі екінші рет үйренгендіктен, Рақымжан әкесі, өгей шешесі Үндемес, бауыры Мұхтар (Үндеместің бұрынғы куйеуінен қалған бала) және әжесі Әлиманмен бірге тұрды. Берекелі жанұяда баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. Осы ұйып тұрған берекені 1936 жыл шырқын бұзды. Осы жыл жалпы қазақ халқының қасіретіне айналған жыл болды. Қазақтың кеудесі бар азаматтарының барлығы дерлік саяси жалған жаламен айыпталып, сотталып, түрмеге отырды, ату жазасына ұшырады. Осы жаппай қудалау Рақымжанның да үйіне де келді. Әкесі саяси қудаланып, репрессия ұшыраған. Анасының жоқтығын білдіртпеген әкесі «халық жауы» атанады. Әкесіне тағылған айып байдың, тектінің тұқымы еді. Түн ішінде бөгде адамдардың алып кетуі себебін 8 жылдан кейін босап шыққан әкесі Р.Қошқарбаевқа: «Менің әкем Мұса, оның әкесі Құдайқұл деген кісі болған. Менің сорыма сол Құдайқұл шағын дәулеті бар кісі болыпты. Қазір біздің колхоздың негізгі шабындығы болып отырған бір өзек сол арғы атамыз Құдайқұлдың жері болса керек. Бірақ, мұның да өтірік-шыны белгісіз. Әкем Мұса тақырдың тақыр кедейі болды. Ал әкесі бай болса, оның өз баласына қалдырған дәулеті, мұрасы қайда? Мені көрсетушілер арғы атасы бай болған депті. Бар айып сол» - деп баяндады [2, 39 б.].

1936 жылы әкесінен айырылған Рақымжан осы кезден бастап жетімдіктің қиындығын көп көріп өсті. Әкесінің жақсылығынан өмірдің қиыншылығын көрмеген жас Рақымжан қатты қиналып, әкесін алып кеткен күннен бастап балалық шағы шорт үзілді деуге болады. Бірақ, ұлан ұлдың жүрек түкпірінде оқуға деген ұмтылыс, ықылас пен ынта жатты. 13 жасқа толмаған Рақымжан 1936 жылдың тамыз айында оқу іздеп қалаға келеді. Білімге деген құштарлық Рақымжанды өмірде өзінің жолын табуға көмектесті. Анасының: «Қарғашым-ау, жұрттың балалары оқу оқыса, әке-шешелеріне сенеді. Ал, сен кімге сенесің? Әкең аман-есен оралғанша оқуды қоя тұр. Мұхтар да жоқ (жасы Рақымжаннан үлкен болғандықтан, Ақмолада оқу оқиды). Сен кетсең мынау азын-аулақ малға ие болып, Қошқарбайдың түтінін өшірмеуге көмектесер менде ешкім жоқ» деп [2, 8 б.], айтқан сөзіне де қарамады. Р.Қошқарбаев өзінің алдағы өмірі тек өзінің қолында екенін жақсы түсінді. Өзінің тапқырлығы мен қайсарлығының арқасында Тайтөбе балалар үйіне орналасады. Жетімдер үйінде тәрбиеленді. Жетімдерді балалар үйі қыздарды, үлкендерді сыйлауға, олардың алдында инабатты, сыпайы болуға тәрбиеледі. Рақымжан өзінің естелігінде балалар үйі туралы былай дейді: «Осылайша балалар үйіндегі өмірім жалғаса берді. Өзімді бақытты сезінгендеймін. Ең бастысы бұл жерде ешкім маған «әй, қу жетім» демейді. Енді тіпті жетімдігімді де, жалғыздығымды да біржолата ұмытқандаймын. Балалар үйі өз үйімдей болып кетті. Киімім де мұнтаздай» [2, 13 б.]. Жастайынан жетімдіктің тауқыметін көрген Рақымжан балалар үйі білім беріп қана қоймай, жаңа өмірге, жақсы өмірге жетелейтінін, бағыт көрсететінің білді. Өміріндегі түрлі жағдайларда да бірінші оқу оқып, білімін жетілдіруді ойлады. Анасының (өгей шешесі Үндемес) балалар үйіне іздеп келген сәтінде жас Рақымжан екі түрлі ойда еді. Біріншісі, әкесінің түтінің өшірмей, үйдегі анасының шаруасына жәрдемдесу; екіншісі, қаршадайынан жетімдіктің тауқыметін көрген үйге не себепті қайтып бару керек, одан да оқи беру керек, себебі, адам болуың оқуға байланысты деп шешті. Бірақ, болашағын ойлаған жас Рақымжан оқу арқылы өзіңе, еліңе, пайда келтірер азамат болса, әкесінің түтінің жалғастырғаны сол екенін ұққан, түсінген ол балалар үйі беріп отырған тәрбиені жалғастырады.

Балалар үйінде көрген тәрбиені Р.Қошқарбаев кейінгі жылдары да ұмытпады: «Әке орнына әке, шеше орнына шеше болған сол бір балалар үйі маған тым ыстық. Міне, қазір де көз алдымда тұр. Бәрі де күні кешегідей. Жетімдік көрмегенім сол бір балалар үйінің арқасы. Сағат ағай, Айтжан мұғалім...» [2, 152 б.] - деген ойлар, өміріндегі аса маңызды ерлікті жасаған сәтте көз алдынан жүгіріп өтті.

Балалар үйіндегі жеті жылдық орта білімнен кейін Р.Қошқарбаев білімін Балқаш қаласындағы фабрика-завод училищесінде (ФЗУ) жалғастырды. Училище сол кездегі қаланың сыртында орналасқан Набережная деп аталатын ауылдың сегізінші үйінде орналасты. Училищенің тәртібі қатты, талабы күшті болды. Оқу таңертең мектеп бағдарламасы бойынша оқылып, түстен кейін шеберханадағы жұмыспен аяқталатын. Жұмыс деген аты болмаса, ол да сабақ еді. Себебі, өндіріс құралдарының түрлерімен танысып, оларды пайдалану тәсілдерін үйреніп, кейбіреулерін студенттер жасайтын. Мысалы, Рақымжан ең алғаш кішкентай балға жасады. Ал, қалаға тәрбиешілердің жетекшілгімен ғана жіберілді. Мамандық беретін училищеде де (ФЗУ) Рақымжан өзінің өжеттігімен, білімге деген ынтасымен ерекшеленіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Училищедегі музыканттар тобын басқарып, әдебиет үйірмесінің мүшесі болды. Жас Рақымжанға түрлі спорттық жарыстарды ұйымдастырушы міндеті жүктеліп, сол спорт жарыстарының барлығына дерлік өзі қатысқан. Соның бірі, конькиді мәнерлеп тебу қалалық жарысында Р.Қошқарбаев Фабрика-завод училищесінің оқытушысы Таня Кудринаға серік болды. Қалалық өнерпаздар байқауынан өтіп, бірінші орынның иегерлері атанды.

Р.Қошқарбаевтың балалар үйінде де, Балқаштағы Фабрика-завод училищесінде де ерекше көзге түскен қасиеті – орыс тілін жетік меңгергені. Тіл білгеннің арқасында түрлі үйірменің ұйымдастырушысы болды. Ал, Балқаштағы Фабрика-завод училищесінде сабақтың бәрі тек орыс тілінде ғана жүргізілді. Сондықтан ауылдан келген балалардың көпшілігіне сабақ ауыр болды. Орыс тілін нашар білетін ауыл балаларын қамқорлыққа алған училище басшылары тілді жақсы меңгерген балаларға 5-6 баладан бөліп берді. Р. Қошқарбаевқа да 5-6 баланы орысша үйрет деп бекітіп береді. Аз уақыттың ішінде Рақымжанға бөлінген балалар өзге топтардан қарағанда тез үйреніп, сөйлеп кетті.

Жан-жақты Рақымжан айналасы 5-6 айдың ішінде ГТО нормасын ойдағыдай тапсырып, әртүрлі дәрежедегі значоктарды алды. Соның бірі «Ворошилов атқышы» деп аталатын значок. Бұл значокты алу оңай болған жоқ, себебі значок нормасын тапсыра алғандарға ғана берілді.

1941 жылы Балқаштағы Фабрика-завод училищесін ойдағыдай тәмандаған Р.Қошқарбаевты «Қосшы» колхозының сауатсыздар мектебіне жолдайды. Мұғалім қызметін атқарған Р.Қошқарбаев көптеген ересектерге орысша білім берді. Мұғалім қызметін абыроймен атқарған Р.Қошқарбаев, әрбір шәкіртіне ерекше ынта көрсетті. Сауатын ашуға келген ересектерді, балаларды жылы шыраймен қарсы алатын. Себебі, өзі білім қуып, қалаға келіп, балалар үйіне қабылданғаны есіне түсетін. Халық жауының баласы атанған Р.Қошқарбаев балалар үйіне қабылдану үшін біраз қиыншылықтарды басынан кешірді. Айтқан бетінен қайтпайтын қайсарлығының арқасында мақсатына жетіп, білім алады. Алдындағы бөгеттердің бәрін аттап өтуге, жеңуге үйренеді.

Р.Қошқарбаевтың «Қосшы» колхозындағы мұғалімдік қызметі 1941 жылы маусым айында басталған екінші дүниежүзілік соғыстың себебінен тоқтатылды. Р.Қошқарбаевтың өмірінде үлкен сын болған Ұлы Отан соғысы туралы ең алғаш рет естіген сәті туралы өзінің сұхбатында былай дейді: «Есімде, бәрі де көз алдымда ғой. 22 маусым – жексенбі болатын. Біздің «Қосшы» ұжымшарының адамдары сол күні ерте тұрып, шабындыққа аттанды. Шөп қалың, тура белуардан екен. Қос шалғылы косилканың екі айналған жері бір мая. Түске таяй бергенде ауыл жақтағы қара жолдан шаң көтерілді. Бізбен бірге жексенбілікке шыққан Нұрғали деген мұғалімнің әйелі ай-күніне таяп отыр еді. Анау адам дәу де болса сүйінші сұрағалы келе жатыр деп ойлады жұрт. Салт атты адам Төлеубай шал екен, өңі боп-боз болып кетіпті: «Ақсақал, не болды, жайшылық па?» - деді жігіттердің біреуі. «Оу, жарандар, соғыс басталды», - деп ол кісі тақиясымен маңдайын сүртті. Мына сөзді естігенде ел де, жер де ауыр күрсінгендей болды. Бәрі де ат-арбаларына үрпиісе мініп, ауылға қарай бет алды. Содан айналасы бір аптаның ішінде ер-азаматтың бәрі майданға аттанды [3, 5 б.].

Фашистік Германияның Кеңес Одағына ашқан соғысы «Ұлы Отан соғысы» деп аталды. Бұл ұғым 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды:

«...Фашистік Германиямен соғысты жай ғана соғыс деп санауға болмайды. Ол тек қана екі армияның арасындағы соғыс емес, сонымен бірге ол неміс-фашист әскерлеріне қарсы бүкіл совет халқының ұлы соғысы болып саналады. Фашистік езушілерге қарсы бұл бүкіл халықтық отан соғысының мақсаты тек біздің еліміздің үстіне төнген қауіпті жою ғана емес, сонымен қатар герман фашизмінің құлдығындағы Еуропаның барлық халықтарына көмек болып саналады. Бұл бостандық соғысында біз жалғыз болмаймыз. Бұл ұлы соғыста Еуропа мен Америка халықтарыда, соның ішінде гитлершіл сұрқиялардың езуіндегі герман халқы да біздің адал одақтастарымыз болады. Отанымыздың бостандығы жолындағы біздің соғысымыз Еуропа мен Америка халықтарының өз тәуелсіздігі үшін, демократиялық бостандығы үшін, демократиялық бостандығы үшін күресімен ұштасады» [4, 35 б.].

Кейбір авторлар «Екінші Дүние жүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).

1941 жылы 23 маусымда Орта Азиялық Әскери Округінің (ОАӘО) әскер қатарына шақыру турасындағы бұйрығы шықты. Бұған Қазақ КСР-іде ілікті [5, 54 б.]. Алайда бұл бұйрық ресми түрде жарияланған жоқ.

Кеңес азаматтарын Ұлы Отан соғысына жаппай шақыру КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің 1941 жылы 29 маусымдағы директивасы бойынша жүзеге асырылды. КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен БК(б)П Орталық Комитеті: «Фашистік Германияның Кеңестер Одағына басқыншылық соғысы жалғасуда. Бұл шапқыншылық соғыстың мақсаты – кеңестік құрылысты құлату, кеңес жерлерін басып алу, Кеңес Одағының халқын құлдыққа салу, біздің елімізді тонау, біздің нанымызды, мұнайымызды тартып алу, капиталистер мен помещиктер үкіметін орнату. Жау кеңес жеріе басып кіріп, Литваның Каунас және Вильнюс қалаларымен бірге үлкен бөлігін, Латвия, Кеңестік Белоруссияның Брест, Белосток, Вилей облыстарын және Батыс Украинаның бірнеше аудандары басып алды», - деп мәлімдей отырып, кеңес азаматтарын бүкіл жұмысты соғыс талабына сай тез арада қайта құруға, еліміздің әрбір жерін қорғауға шақырады.

Соғыстың алғашқы басталған күнінен бастап қазақстандықтар майданға алына бастады, көбі өз еркімен аттанды. Қалғандары тылда еңбек етті. Жалпы, Қазақстаннан майданға халықтың 25 % аттанды. Бұл ел көлеміне шаққанда өте жоғары көрсеткіш [6, 6 б.]. Еліміздің 18-50 жас аралығындағы ер адамдардың 70 % майданға аттанды. Республикада 12 атқыш, 4 кавалериялық, 7 атқыш бригада, 50 шақты жеке полктер мен батальондар құрылды. Барлығы майданға 1 млн. 200 мың адамнан 1 млн. 400 мыңға дейін адам аттанды деп есептеледі. Бірақ, бұл сандар нақты және объективті көрсеткіштер емес.

Әскерге міндеттілерді шақыруға әзірлеу жөнінде Орта Азиялық Соғыс Округінде Қазақстан бірінші орынға ие болды. Қазақстанда 14 облыстық және 195 аудандық әскери комиссариаттары құрылып, әскери міндетті адамдарды тіркеуге ала бастады. Қазақ КСР-ғы жаппай әскерге алу 1941 жылдың 22 маусымы мен 1944 жылдың 7 желтоқсанына дейінгі аралықта Қазақстаннан 260 мыңнан астам адам алынып, әр алуан Халық комисариатына жіберілді.

Әскер қатарына жаппай шақыру басталған шақта республиканың коммунистері мен комсомолдары және жастары майданға жіберуге өз еркімен өтініш білдірген. Өз өтініштерімен алғашқы күндері Қазақстаннан соғысқа 3150 коммунист пен 8773 комсомол аттанған [7, 27 б.]

Фашистік Германия КСРО-ға опасыздықпен шабуыл жасасымен, барлық жердегі сияқты, Ақмола өңірінде (қазіргі Астана қаласы) жаумен шайқасқа бүкіл еңбекшілерді жұмылдыру мақсатында «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» ұраны кеңінен өрістеді. Жастардың басым бөлігі өздері сұранып, ажал оғы себелеген ұрыс даласына аттанды. Ал Ақмола қаласы болса соғыстың бастапқы күнінен бастап жауынгерлік бөлімдерді жасақтау орталығының біріне айналды. Мұнда аса қысқа мерзімде үш атқыштар, бір атты әскер дивизияларының құрамдары жасақталды.

Бір Ақмола қаласынан 14723 жауынгер соғысқа қатысты. Солардың 7414 жауынгері шайқаста қаза тауып, үйлеріне оралмады [8, 3 б.].

Ер азаматтың міндеті бойынша Р.Қошқарбаев соғысқа қатысуға ниеттеніп, туып-өскен Ворошилов атындағы колхозға аттанады. Бірақ, жасының жетпегеніне байланысты, 17 жастағы Рақымжан кіре айдап, Ақмолаға астық тасыды. Кейін сабан, шөп тасыды. Соғысқа өзінің пайдасын тигізуге барын салды. «Бәрі де соғыс үшін» деген ұранмен жұмыс істеді. Себебі, Қазақстан майданды азық-түлікпен, киіммен, әскери құралдармен жабдықтауда үлкен рол атқарды. Бүкіл Қазақстан өндірісі мен өнеркәсібі майданға жұмыс жасады. Экономиканың барлығы партия комитеттері мен жаңа құрылған органдар мен ведомоствалардың қарауында болды. Тылдың нағыз ауыртпалықтары заводтардың, колхоздардың, өнеркәсіпорындарының қарапайым жұмысшыларына түсті.

1941-1945 жылдары 460 завод, кен орындары, шахталар, басқа да өнеркәсіп орындары салынды. Қазақстанда жалпы одақтық мыстың 35 %, қорғасынның 85 %, молибденнің 60 %, висмуттың 65 %, түрлі-түсті металдардың 79 % шығарылды. Қарағанды шахтерлері соғыс жылдарында 35 млн. Тонна көмір шығарып, мұнай өндіру 39 % өсті. Ауыл тұрғындары қиын жағдайда қызмет етті. Осындай қиыншылықты Р.Қошқарбаев ауыл тұрғындарымен бірге көрді. Осы Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға Ақмола облысы да үлкен үлес қосты. Егер, Ұлы Отан соғысы жылдарының қарсаңында, 1939 жылдың қазан айларында Ақмола Ақмола облысының административінің орталығына айналып, 32 өнеркәсіп жұмыс істеді. Олардың үшеуі республикалық маңызға ие болса [9, 96 б.], Ал, Ұлы Отан соғысы жылдарында өндірістегі жұмысшылардың ерен еңбегінің арқасында Ақмола облысының тауар өндірісі 63 %-ға өсті.

Р.Қошқарбаев өзінің естелігінде 1941 жылдың ауыр зардаптарын былай дейді:

«Ал күзге қарай... ия, күзге қарай біздің ұжымшарға алғашқы «қара қағаздар» да келе бастады. Мұндай ауыр жағдайды көргеннен кейін мен майданға жіберуді өтініп әскери комиссариатқа екі рет арыз бердім. Бірақ олардан ешқандай жауап болмады. Ақыры 1942 жылдың тамыз айында өзіміздің ауылдағы темір ұстасы Өтегеннің Нұрымы мен маған шақыру қағазы қатар келді. Бәріміз майданға аттандық» [10, 5 б.].

1942 жылы тамыз айында Р.Қошқарбаевқа әскерге шақыру қағазы келді. Р.Қошқарбаев 18 жасында әскерге алынып, алғаш әскери өмірі 1942 жылдан басталған болатын. Осы сәттер туралы Кәртай Мұсабеков Р.Қошқарбаевтың інісі былай дейді: «жылап-еңіреп Рахымжанды әскерге шығарып салғаным есімде [10, 3 б.].

Рахымжан Қошқарбаевтың үлкен өмірге жолы осылай басталды. Балалық шағын артта қалдырып, елін-жерін қорғауға, жұртының алдында қасиетті борышын ақтауға аттанды.



1.2 Р.Қошқарбаевтың әскери қызметінің басталуы мен әскери қызметкер ретінде қалыптасуы

Қазақ КСР әскери комиссариатының Қазақстан азаматтарын жаппай әскер қатарына шақыру 1941 жылдың шілдесінің ортасынан басталды.

Р.Қошқарбаев та 18 жасқа толғаннан кейін әскерге шақырып, 1942 жылы Отаны алдындағы міндетін өтеуге рұқсат алады. Себебі, Отанды қорғау, Советтік қарулы күштер қатарында қызмет ету - Совет азаматының қасиетті, абыройлы парызы еді. Ол әскери антты да қабылдады.

«Мен, Советтік Социолистік Республикалар Союзының қатарына кірерде, ант беріп, адал, батыр, тәртіпті, қырағы жауынгер болуға, әскери және мемлекеттік құпияны сақтауға, барлық әскери уставтарды, командирлер мен бастықтардың жарлықтарын сөз етпей орындауға салтанатты серт етемін.

Мен әскери істі адал ниетпен үйренуге, әскери және халықтық мүлікті барынша сақтауға және ақтық тынысым біткенше өз Халқыма, өзімнің Советтік Отаныма және Жұмысшы-Шаруа Үкіметіне адал болуға серт етемін.

Егер мен арам оймен өзімнің осы салтанатты антымды бұзсам, онда мен совет заңының қатал жазасына ұшырайтын болайын, жаппай еңбекшілер алдында жексұрын, жүзі қара болайын» [2, 70 б.].

1941жылдың 18 қыркүйегінде Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің КСРО азаматтарын жалпыға бірдей міндетті әскери оқуға тарту жөніндегі қаулысы жарияланып, 1 қазаннан бастап әскери оқуға 16 мен 50 жас аралығындағы ер азаматтарды тарту мәселесі қойылды [2, 4 б.]. Осындай әскери оқу жүйесі арқылы барлық азаматтарды алғашқы әскери дайындықтан өткізу көзделінді. Сол арқылы Қазақстаның түпкір-түпкірінде жасақталып жатқан әскери бөлімдер мен құрамалардың қатарын толықтыру қажет болды.

Жалпы, соғыс жылдары республикада әскери құрамалар мен бөлімдер құрылды. 1941-1945 әскери оқу орындарына 42 мың қазақстандық жастар жіберілді. Республика аумағында жұмыс істейтін 27 әскери оқу орнын 16 мың офицер бітіріп шықты. Мұның сыртында майдандағы қауырт жағдайларға байланысты 10,5 мың курсант сержант шенімен, 10 мың адам қатардағы жауынгер ретінде алдыңғы шепке аттандырылды.

Р.Қошқарбаев жаяу әскер училищесіне түседі. Училищеде тәртіп өте қатаң еді. Таңғы әтеш шақыруынан іңір қараңғылығы үйірілгенше тыным жоқ. Жаяу әскер училищесі Тамбов қаласынан Фрунзеге көшірілген болатын. Фрунзе – аумағы шағын қала. Қала іргесінен Алатау көрінісі айқын көрінеді. Ал, училищенің казармасы қаланың қақ ортасында орналасқан. Училищенің бір ерекшелігі сабақ беретін барлық офицерлер соғыста қатысқандар. Сол себепті училище тәртібі аса қатал. Училище бастығының орынбасары подполковник Савченко жауынгерлердің қасында ертелі-кеш жүріп, мергендікке үйретті. Савченко соғыс кезінде қатты жарақаттанып, бір қолынан айырылған. Ол – Москва түбіндегі шайқастарға, Сталинградтағы соғысқа қатысқан офицер, сыңар қолымен пистолеттен, автоматтан атқанда көз ілестірмейтін мерген. Винтовка найзасымен «тұлыпты» шанышқанын көргенде, училище жауынгерлері таң қалатын. Қысқасы, соғыс өнерін жақсы білген офицер. Жалпы, училище офицерлері әдейі сұрыптап, таңдап алғандай аса өнерлі де білгір адамдар еді. Батальон командирі, майор Антонов та, взвод командирі, лейтенант Батурин де мейлінше мергендер еді. Пистолетті кез келген қолымен ата беретін, нысанаға дөп тигізетін офицерлер жастарды қатаң ұстап, қатаң талап қойып, соғыс өнерін жетік меңгеруге бар күш-жігерлерін аямады. Батыр өзінің естелігінде, Фрунзедегі жаяу әскер училищесінің офицерлерін ерекше мақтап: «Біздің әскери өнерді жақсы үйренгеніміз училище офицерлердің шеберлігінің, талап қойғыштығының арқасы болар. Ал оларды осыншалықты өнерге үйреткен – әскери өмір, соғыс. Мен осы ұстаздарыма қарап тұрып ойға шомамын. Соғыс – қырғынның қырманы, бірақ, ол ерліктің дүкені де, сондықтан қорықпауым, жүректі болуым керек. Атам қазақ «ерлік білекте емес - жүректе» дегенді тегін айтпаған болар» [4, 37 б.] – деп, еске алады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!