Материалдар / Рухани- адамгершілік білім беру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Рухани- адамгершілік білім беру

Материал туралы қысқаша түсінік
ата -аналарға, оқушыларға, жасөспірімдерге, студенттерге ,ұстаздарға керек себебі, "Өзін-өзі тану" пәнін терең меңгеруге көмегі бар.Балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруге пайдасы тиер деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2018
472
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рухани- адамгершілік білім беру«.... жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді,кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады». Н.Ә.Назарбаев Елбасы атап өткен рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру жолы әрине «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылады. «Өзін- өзі тану» пәнін оқытудың мақсаты- рухани- адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы, сөзі, ісі бірлікте өмір сүретін, кемел мінезді адамды дамыту. Яғни, өзінің ішкі дүниесін түсінуіне үңіле алатын сонымен қатар өзінің мүмкіндіктерін аша білетін тұлғаларды қалыптастыру. «Өзін-өзі тану» пәні жалпы жүрекке арналған пән, оның себебі балаға жай ғана білім беріп қана қоймай өмірлік жағдайларда табиғатпен қоғаммен өзара ұштасуына жағдай жасау. Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақтың тәрбиесіне аса зор мән берген. Қазіргі кезде дамыған елдерде , ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны  белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты. Әрине адамгершілік тәрбие ізгілік отбасынан бастау алады, оған ата- ананың берген тәрбиесі, тұрмысы ықпал етеді. Халықтық мақал «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» адамгершілік тәрбиенің негізгі отбасында қалыптасатынын көрсетуде. Осы орай да ата –ананың балаға деген сүйіспеншілігі мен сенімі оған барынша күш беріп, өзінің қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасайды. Баланың қоршаған әлемге деген көз қарасын өзгертіп, қызығушылықтарын дамытуға өзіндік пікір қалыптастыруына «Өзін-өзі тану» пәнінің де үлесі зор. Ұлы Абай: «Ақпейіл және ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті,сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше мәнге ие болады. Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын»,- десе, К.Д. Ушинский: «Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды»,- деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ  ұрпағымыз тәрбиеден ғана  рухани байлық алып, тәрбие арқылы  ғана  Адам болып қалыптасады және сол атқа лайықты өмір сүреді.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!