400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Рухани-адамгершілік білім берудегі маңызды мәселе

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі мұғалім,оқушы қарым қатынасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққайың

жалпы орта білім беретін мектебінің директордың

оқу ісі жөніндегі орынбасары Ауталив Роза


Рухани-адамгершілік білім берудегі маңызды мәселе

Кез келген адамның адамгершілігі амандасудан басталатыны белгілі

Таңертең ұстаздың алдына сәлемдесіп кірген жас жеткіншектен қалай ғана айналмайсың. Ішкі жан дүниесі таза білімге деген құштарлығы мол балаға әуелі адами сүйіспеншілікпен қарап, жетектеу мектептегі мұғалім деген тұлғаның басты міндеті.

Сүйіспеншілік энергиясы сөзбен, көзқараспен, күлімсіреумен, іспен, түсінусімен, оймен беріледі. Сүйіспеншілік энергиясының көзі АДАМ болып табылады. Осы үлкен әріппен жазылған тұлға мейлі ол оқушы, мейлі ол сенің әріптесің, басшың болсын үйретуден, тәрбиелеуден, жұмысты талап етуден бұрын сыпайылық сүйіспеншілік бірімізді біріміз түсінетін көзқарас бүгінгі білім берудегі педагогикалық әдепке әкеледі.Сабақта талап етуден гөрі көмектесу, үйретуден бұрын сүю маңызды. Сабақты сүйіспеншілікпен жүргізу үдерісі нәтижеден де маңызды.  Нәтижеге жететін мұғалім,өз мамандығын сүйген алға қойған мақсаты анық өз ісінің шебері.Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілікке ғана ашылады.Мектепте де нақ тұрмыстағы сияқты міңез-құлық нормалары қолданылады. Ең біріншісі сыпайылық. «Сыпайылық » деген ұғымға кіретін жолдастық сезім, достық пейіл, ілтипаттылық және ізгі ниеттілік ұжымшылдық сезімінің жарқын көрінісі болып табылады. Сыпайы қызметкер – ұжымның жақсы мүшесі. Егер біз бір-бірімізге сыпайы болсақ, біздің жанымызда жақсы ұжым болса, оқу сапасы да жоғары, көңіл-күйі де көтеренкі болады. Егер жұмыста кемшіліктер кездессе немесе қателіктер жіберілсе, мұны жолдастық ниетпен және әдепті түрде көрсету мектеп әкімшілігінің міндеті. Егер әріптесіңіз көмек сұраса, өзіңіздің қолыңыздан келгенінің бәрін істеуге тырысыңыз. Іскерлікпен және байсалды түрде түсіндіріп беру оқу ісі меңгерушісінің басты функционалдық міндеті деп білемін.Сонымен қатар ұжымда эстетикалық және интеллектілік сезімде кездеседі.Білім алу барысында, тәрбиелеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады. Әсіресе оқушыларды ғылыми жобаларға дайындауда. Мұғалімде осы сезімдердің барлық түрі болуы тиіс, өткені ол жас ұрпақты тәрбиелеуде.Әдептілік – ұлт психологиясының өзегі, адамгершіліктін бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы. Әдеп сақтау - әлеуметтік дәстүр. Содықтан бала тәрбиелеу үрдісінде, ең алдымен мұғалім әдепті, тәртіпті, мәдениетті болуы тиіс. 

        Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді дегендей   әдеп, адамшылық – амандасудан басталады. 

        



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.06.2021
373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12