Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Рухани-адамгершілік ілім негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруда отбасының рөлі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Рухани-адамгершілік ілім
негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруда отбасының
рөлі
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгі өнегесі
Міндеттері:Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгі өнегесіне талдау жасау,отбасы түсінігін ашу
Болашақта ел тұтқасын ұстар
азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған
мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, асқақ
адамгершілік қадір-қасиетін, танымдық көзқарастарын,
рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру – үлкен
қажеттілік. Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық құрылымының
негізгі құндылығы болып саналатын оқушыны жеке тұлға ретінде қарау
және оның ішкі жан дүниесінің ерекшелігін дамыту – жалпы білім
беретін оқу орындарының басты мақсаты. Оқушыларды
рухани-адамгершілік тәрбиелеу қаншалықты қиын болса, ол соншалықты
маңызды да. Рухани-адамгершілік тәрбие оқушының тәртібін және
рухани дағдысын қалыптастырады. Яғни ол адамның ішкі жан дүниесінің
ерекшелігін көрсететін адамгершілік деңгейін анықтайтын,
сипаттайтын, оның тұрақтылығы мен үздіксіздігін, дамуын, қоғамдық
мәнін айқындайтын жеке тұлғаның ең маңызды ішкі жан дүниесінің
элементі.
Бүгінгі таңдағы сұраныс қоғамды ізгілікке, руханилыққа бет
бұрғызып, оқу-тәрбие жұмыстарын рухани-адамгершілік негізінде
ұйымдастырып, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін
қалыптастыру қажеттігін айқындап отыр. Тәрбие деген не? деген
сұраққа М.Жұмабаевтың анықтамасымен жауап берсек, ол – қандай да
бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне
көмек көрсету деген сөз.
Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі
және халық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие дұрыс
берілсе, оның тәрбиесі толық болғаны. Руханилық – ізгі ақылдың
шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың
саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі болса, ұлы Абайдың
айтуынша: Адамгершілік – махаббат пен әділдік, олар барлық нәрседе
болады және бәрін шешеді, яғни рухани тәрбие адамдарды
адамгершілікке, білімге, еңбек пен имандылыққа, бір сөзбен айтқанда
жан дүниесінің сұлулығына тәрбиелеу деген сөз. Шындығында,
адамгершілік мінез негіздерінің астарында жалпы адамдық пен ұлттық
құндылықтар бірігіп, адамдардың рухани мәдениетін жүзеге асыратыны
белгілі.
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан
отбасы және ана мен баланы қолдау, өскелең ұрпаққа патриоттық,
рухани және адамгершілік тәрбие беру, салауатты өмір салтын
қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп
отыр.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадамда. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер, дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік. Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс-жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің «кім?» және «қандай?» екенін практикада сынап байқап көреді.
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс-жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің «кім?» және «қандай?» екенін практикада сынап байқап көреді. Отбасында әр түрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі -тәрбиесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше.
Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларның көз алдында өтеді,сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, еліне мейрімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға құқығы жоқ. Ата -ана бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат.
Отбасынадағы тәрбиенің ең дұрысы– баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қатнаста әдеп-инибат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола алады. .
Ата-ананың ең үлкен міндеттерінің бірі - мұсылман үмбеті деген атқа лайық иманды перзент тәрбиелеу. Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Сондықтан қазіргі ата-аналар Ислам дініндегі мәні терең, мазмұнды тәрбие негіздерімен танысып, жаны ізгі, көргенді ұрпақ тәрбиелеп жатса, бұл тектілігімізге қайта оралғандығымыз. Артына сауап жолдап тұратын иманды ұрпақ қалдыра білген ата-аналардың екі дүниеде де жүздері жарқын болмағы хақ.
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Бала бойындағы шынайы рухани-адамгершілік тәрбиесі оны қоршаған ортада, отбасында, мектепте, жұртшылық қауыммен қарым-қатынаста, жолдастар арасында, көшеде, еңбекте көрініп, нәтиже береді. Рухани адамгершілік тәрбие – баланың шынайы тәрбиесінің нығаюына игілікті әсер ететін, оның тұлғалық дамуына өзек болатын, өз еркіндігін жасампаздықпен, шығармашылықпен паш етуге мүмкіндіктер ашатын түрткі деуге болады.
Менің сыныбымда Бекесова
Жұлдыз атты жан -жақты оқушым бар.Ол өзі көп балалы отбасынан
шыққан оқушы. Ол сабаққа өте жақсы,өнерлі, еңбекқор,ұқыпты және
өнерлі. Жұлдыздың осындай жеке тұлға болып қалыптасып келе
жатқанына ата-анасының рөлі зор екенін байқауға болады.Жұлдыздың
іні-сіңілілері де сабаққа жақсы,жан-жақты,еңбекқор болып өсіп келе
жатыр.Өзі таңертенгі ауысымда оқиды,түстен кейін ол би
үйірмесіне,оқу орталықтарына барып қосымша дайындалып жүр.Қазіргі
уақытта Жұлдыздың алға қойған арманы - аудармашы болу екен.
Бүгінгі күні балаға адамгершілік-рухани тәрбие беруде отбасының
ролі төмендеп кеткен.
Осыған орай, соңғы жылдары балалардың мінезінде қатыгездік,
бойкүйездік, рухани құндылықтарға деген немқұрайлылық, енжарлық
орын алуда.
Рухани адамгершілік қадір-қасиеттер мен сапаларды оқушының бойына
дарыту үшін ең алдымен, олардың саналылығын көтеру; екіншіден,
адамгершілік тұрғыдан сезімталдығын тәрбиелеу және дамыту;
үшіншіден, баланың бойына жағымды мінез-құлықтың дағдыларын мен
қылықтарын үнемі сіңдіріп отыру қажеттілігі талап
етіледі.
Орындаған:Сатыбалдиева Жарқынай Мұратқызы, №25 ЖОББМ
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген тәрбие сағатынан фотосуреттер
Менің оқушым Асланның өзінің жеке тұлға болып қалып келе жатқаны жайында дайындап келген ақпаратпен бөлу сәті
Өтініш
Аты-жөні |
Сатыбалдиева Жарқынай Мұратқызы |
Жұмыс орны |
Орал қаласы,№25 ЖОББМ |
Қызметі,ғылыми дәрежесі,атағы |
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі |
Баяндаманың тақырыбы |
Рухани-адамгершілік ілім негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруда отбасының рөлі |
|
uralsk-jm@inbox.ru |
Байланыс телефоны.факс |
87783538084 |
3