Материалдар / «Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінің гуманитарлық пәндерімен кіріктірілуі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1202
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде

мектепте білім беру пәндерінің кірігуі»


«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру мүмкіндіктерін оқу пәндерімен интеграциялау (ықпалдастыру, кіріктіру) арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыда қарастыру мен негіздеу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Рухани-адамгершілік жүйесі тек бір пәнмен шектелмей, бүкіл білім кеңістігін ізгілендіру құралына айналдыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе дей келе, кіріктіру ұстанымын жеке пәндердің, тәрбие істерінің құндылық мәнін күшейту мақсатында олардың рухани-адамгершілік білім мазмұнымен ықпалдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Демек, кіріктіру ұстанымының негізінде бүкіл білім беру ісі, оқу-тәрбие үдерісі рухани-адамгершілік біліммен ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс, - делінген. Осыған орай жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндер бойынша сабақ барысында және сыныптан тыс оқушылардың шығармашылық жұмыстары да жоғарыда аталған мәселені жүзеге асыруда өз үлесін қосары сөзсіз.

Халықтық тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Ғалымдардың пайымдауынша пәнаралық интеграциялаудың қазіргі оқыту үдерісінде толық, жартылай және блоктік деп аталатын үш түрі ұсынылуда. Салалас пәндер мазмұнындағы оқу материалдарының бір курс төңірегінде топтасуы толық ықпалдасу деп аталады. Оқу материалдарының бір тақырып аясындағы ең өзекті мәселеге топтасуы жартылай интеграцияны білдіреді. Ал блоктік интеграция  дегеніміз жалпы білім беру бағдарламалары ның жеке пәндік бағдарламалармен ұштастырылу.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру мүмкіндіктерін оқу пәндерімен интеграция арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерінің ғылыми негіздеуінде ғалымдардың пайымдауынша, рухани-адамгершілік жүйесі тек бір пәнмен шектелмей, бүкіл білім кеңістігін ізгілендіру құралына айналдыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе дей келе, кіріктіру ұстанымын жеке пәндердің, тәрбие істерінің құндылық мәнін күшейту мақсатында олардың рухани-адамгершілік білім мазмұнымен ықпалдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Демек, кіріктіру ұстанымының негізінде бүкіл білім беру ісі, оқу-тәрбие үдерісі рухани-адамгершілік біліммен ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндер мен гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі, әдебиетін кіріктіріп оқыту барысында және сыныптан тыс оқушылардың шығармашылық жұмыстары да жоғарыда аталған мәселені жүзеге асыруда өз үлесін қосары сөзсіз.

Интеграциялау оқыту принципі арқылы жеке пәндердің, тәрбие істерінің құндылық мәнін күшейту мақсатында олардың рухани-адамгершілік білім мазмұнымен ықпалдастыру құралы болғандықтан кіріктіру ұстанымының негізінде бүкіл білім беру ісі, оқу-тәрбие үдерісі рухани құндылықтар ұғымдары және ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндер мен гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі, әдебиетін кіріктіріп оқыту барысында және сыныптан тыс оқушылардың шығармашылық жұмыстары да оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына, дамуына ықпал етері сөзсіз. Жеке тұлға өзінің болашағына мақсат қойып, өз бойындағы қабілеттіліктері мен мінез ерекшеліктерін ескеріп, мамандық таңдауына әсер ету.

Адамгершіліктің бес құндылығын:

  • Ақиқат – рухани кәусар бұлақ көзіне жолды іздеп табу-бұл әрбәр жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың және өмірге жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндеті

  • Сүйіспеншілік – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

  • Дұрыс іс-әрекет – ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі және іс жүзіне асырылады. Дұрыс әрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу.

  • Қиянат жасамау - ақиқатпен өмір сүру, мінез-құлық пен жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс. «Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар-жүрек ісі.. Абай

  • Ішкі тыныштық – адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады.

Оқушылар дәлелдеуі тиіс:

- түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сай сындарлы тұрғыда

шешуі;

- адамдарға көмек көрсету, туыстарын, жақындарына мейірімді болу;

- өз ойын жеткізу, сөзі мен ісі сай болуын қадағалау;

- қоғамға қызмет етуді іс жүзінде дамыту (бүгінгі жас ерекшелігіне сай)

- ойы, іс-әрекеті шынайы болуы;

- өзі табиғатпен үйлесімді өмір сүруге дағдылау;

- өзімен-өзі үндестікте өмір сүру.

Өз іс-тәжірибемде 5-сыныпта «Су өмір көзі» атты тақырыпта жаратылыстану пәнінен және «Өзін өзі тану» пәнімен интеграцияланған математика сабақтарын өткіздім. Тақырып: Рационал сандар

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: адамгершілік, білімділік, бірлік, жауапкершілік.

Мақсаты: Рационал сандар тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін тереңдету, жүйелеу, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушылардың рационал сандар туралы түсініктерін тереңдету.

- Оқушылардың адамгершілік, білімділік қасиеттерін дамыту.

- Оқушыларды жауапкершілікке,бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. 5-Т ережесін, 5-құндылықты еске түсіру Абай Құнанбаевтың “Ғылым таппай мақтанба» өлеңін құрастыру арқылы топқа бөлу. Тыныштық сәті. Тыныс алуға зейін қою. Үй тапсырмасын тексеру. "Қайталау оқу анасы"Сәйкестендіру тесті Дәйексөз "Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең, Ашыларсың жылма-жыл Абай Ішкі интеграция Оқиғаларды әңгімелеу “Егіншілік -Балалар, осы мәтінде қандай құндылық көрініс табады? -Үш ағайынды жігіттің бойынын қандай рухани адамгершілік қасиеттерді көрдіңдер? Ендеше балалар, бізде №412 есепті орындау арқылы, дәнді дақылдардың өсіп-өнуіне қолайлы температураны қос теңсіздік түрінде жазайық. Шығармашылық әрекет.Топтық жұмыс "Өнер алды –бірлік,ырыс алды -тірлік"(Абайдың 6-ншы кара сөз) №407,№408 1-топ:(1,2,3) 2-топ:(1,2,3) 3-топ:(1,2,3) "Білім,ғылымды көбейтуге екі қару бар:бірі –ойласу,пікір алысу,екіншісі-есте сақтау және қорғау"(Абайдың 32-нші қара сөзі) Жұптық жұмыс №410,413 Сергіту сәті "Орысша оқу керек,ғылымда ,өнерде бәріде орыста тұр.Сен орыс тілін білсең,көкірек көзің ашылады"(Абайдың 25-нші қара сөз) "Жұбын тап " ойыны Топпен ән айту «Сегіз аяқ» Сөз і:Абай Құнанбаев Үй тапсырмасы Өз бетімен тест жұмыстарын құрастыру Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады. Бүгінгі сабақтан алған ісерлеріңізді,барлық ізгілікті қасиеттер мен іс-әрекеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. (Тыныштық....бар жерде,тыныштық....бүкіл әлемде)    

Осы сабақтағы оқушылар пікірі:

Базарханов Тілеужан: Маған интеграцияланған сабақ қатты ұнады.Себебі сабақ өте қызықты болды.Бәріміз ән айтып, әңгіме талдап сабақтың басынан аяғына дейін нұрға бөлендік. Барлық сабақ осылай өтсе қиын пәндерден еш қиналмаймыз деп ойлаймын.

Қуанышханова Аяулым: маған математика мен өзін өзітану пәндері иньеграцияланған сабақ қатты ұнады. Бұрын бізге бұндай сабақ болған емес. Математика пәні бұрын қиындық келтіреді. Ал өзін – өзітану пәнімен интеграцияланған кезде сабақ көңілді, еш қиындықсыз өтті. Алға қарайда осындай сабақтар өтіп отырса дейміз.

Менің түйгенім: - математика пәнін өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастырудың тиімді екендігіне көзім жетті. -пән мұғалімдерінің арасындағы байланыс нығайды. -оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты. Сабақ жалпыадамзаттық құндылықтарды бала бойына сіңіру, түсіндіру арқылы жүзеге асты деп ойладым. Оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақпен байланыстыра түсіндіру, балалардың қызығушылығын оятты. Сабаққа қатысқан мұғалімнің пікірі: А. Нурсеитова: (математика пәнінің мұғалімі) Сабақ жақсы жоспарланған. Тыныштық сәтімен басталған сабақ оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сабаққа ынтасын арттырды. Математика пәнінен жаңаша өткізілген сабақты көрдік. Өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастырылған сабақтың жақсы жетістіктерінің куәсі болдық. Күнделікті сабақтағыдай емес оқушылардың қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Қиындық келтіретін пәнді игеру оқушылар үшін жеңіл әрі қызықты болды. Бұл сабаққа қатысу арқылы ішкі және сыртқы интеграцияның мағынасын ұғындым. Сабақта өзін- өзі тану пәнінің әдіс - тәсілдерін ұтымды қолдана отырып ,оқушы бойына рухани адамгершілік құндылықтарды сіңіре білді. Мұғалім Абайдың қара сөздері мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін математика пәнімен шебер байланыстыра білді. Математика пәнін өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастыру тиімді екеніне көзім жетті. Алдағы уақытта осындай сабақтарды көбірек өткізсек, жақсы нәтижелерге жетеміз деп есептеймін. Сөзімді қорытындылай келе,өзін-өзі тану пәнін барлық пәндермен ықпалдастыра отырып,осы әдістің тиімділігін әріптестеріме түсіндіру ді алдағы мақсатым деп есептеймін.

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: Қазіргі білім кеңістігін рухани адамгершілік тұрғысынан ізгілендіру.

Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудағы қазіргі білім беруді ізгілендірудің мәнін ашу.

Міндеттері: 1.Рухани –адамгершілік құндылықтардың адам игілігі үшін маңызын ашу; 2. Мұғалімнің бойындағы рухани адамгершілік құндылықтарды дамытуға бағыт беру; 3. Рухани адамгершілік құндылықтарды білім мазмұнына енгізу. Жоспар: 1. Рухани адамгершілік білім беру-басты құндылық 2. Рухани –адамгершілік білім берудегі мұғалімнің ролі. 3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды мектептің біртұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялау. Жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңi. 1) Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Баяу музыка Рухани-адамгершілік білім беру – бұл білім мазмұнына оқушылардың жоғары рухани-адамгершілік болмысын ашуға және толық адам болып қалаптасуына ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы арқылы оларды белсенді оқу-танымдық әрекетке ынталандыруды және оны ұйымдастыруды, сол сияқты ойы, сөзі және ісі бір жерден шығатын кемел мінезді адам тәрбиелеуді мақсат ететін педагогикалық үдеріс. Мұғалімнің ролі. Қазіргі таңда мұғалім тұлғасының қайта өзгеруі барлық әдістемелер мен бағдарламалардан маңыздарақ екені дәлелдеуді қажет етпейді. Бұл жайында әйгілі қазақ ұстазы Ы.Алтынсарин өте жақсы айтқан: «Мұғалім – білім берудегі ең маңызды адам. Ең озық педагогикалық оқу құралдары, үкімет қаулылары, өте қатал инспекторлық бақылау маңызы жағынан мұғалім дәрежесімен теңесе алмайды. Сондықтан, мен үшін мұғалім әлемдегі барлық асыл заттардан қымбат». Рухани-адамгершілік білім беруді мектептегі біртұтас педагогикалық үрдістермен интеграциялау. Мектептегі рухани-адамгершілік білім берудің маңызды шарты болып, білім берулің мазмұнын мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту негізінде рухани адамгершілік білім беру мен оқытуды интеграциялау, сонымен қатар білім берудің рухани-адамгершілік құрамдасын анықтау болып табылады. Интеграция кешенді түрде жүзеге асырылуы керек, сондықтан да «интеграция» ұғымы біріктірілген сағаттардың арифметикалық қосындысы емес екендігі өзінен-өзі түсінікті, ол рухани-адамгершілік пен интеллектуалды дамудың бірігуі, оның жаңа белгілерге, жоғары сападағы жаңа сипатқа ие болуы назар аударатын мәселе. Мұндағы ең маңыздысы мектепте қоғамға, мемлекетке, адамзатқа, қызмет етудің жоғары рухымен, парыз, абырой, әділдік идеяларымен сусындаған ахуал құру. Бейнекөрсетілім «Звездочка на земле» фильмін көрсету І.Шығармашылық іс – әрекет, топтық жұмыс 3 топ әр пәннен интеграциялау жоспарын құру. 1. Өзін – өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау жоспарын құру. ІІ.Дәйексөздің мағынасын ашу. 1-топ. Мектепті емес, мұғалімнің рухани дүниесін реформалау керек. Ш.А.Амонашивили. 2- топ. Қандай ұрыс-керіс, жанжал, қарсылық болмасын барлығын сүйіспеншілікпен жеңіңдер. Махатма Ганди. 3- топ. «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» Сократ Топпен ән айту. «Ұстазым» Үй тапсырмасы «Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін!» эссе жазу. Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі семинардан алған әсерлеріңізді, барлық ізгілікті қасиеттер мен іс - әрекеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Мұғалім пікірі: Шалкенова Шамшибану: Семинардан алған әсерім ұшан теңіз. Семинардың тақырыбы «Қазіргі білім кеңістігі рухани адамгершілік тұрғысынан ізгілендіру»деп алынғанынан –ақ көп нәрсе аңғаруға болады. Қазіргі мұғалім бойына ең қажетті дүние рухани адамгершілік құндылық деп ойлаймын.Семинардан нұрланып шықтым. Жан дүнием тыныштыққа бөленді. Жанғалиева А : Өзін-өзі тану пәнімен кіріктірілген сабақтар туралы мұғалім жақсы баяндады.Әр сабақта рухани адамгершілік 5 құндылықты ескеру керектігі айтылды. «Звездочка на земле » видеоролигін тамашалай отырып, әр сәби жүрегіне жол табу оңай емес екенін тағы бір түсінгендей болдық. Кіріктірілген сабақты жоспарлау бөлімінде тобымызбен қазақ әдебиетінен М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін жоспарладық. Мұғалім семинарда тыныштық сәті арқылы аз ғана тыныштықта көбірек ойлануымызға мүмкіндік берді деп ойлаймын.Балаға сабақта ең алдымен тәрбиенің басты қағидаларын сіңіруіміз керек. Мұғалім семинары сәтті өтті.





















Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Абай энциклопедиясы, А., «Атамұра» 1995ж

  2. Смайлова А. Қазақтың мақал-мәтелдері , Алматы, 2006ж

  3. Математика 6-сынып, Алдамуратова Т. Әдістемелік құрал 2016ж

  4. Өзін-өзі тану. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Б.А. Әрінова, Р.О. Ізғұттынова, Ж.Ж. Әкімбаева. Алматы. «Бөбек» ҰҒПББСО, 2010 ж. Әдістемелік құрал






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!