Рухани жаңғыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы





Рухани жаңғыру мен бірге дәстүрімізді жаңғыртайық

Оразқан Сайра

«№2 Теректі орта мектебі»КММ

ШҚО Күршім ауданы



ХХ Ғасырдың соңында қазақ елі өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, алды – артымызды бажайлап, өткен – кеткендерімізге көз жүгіртіп, өзіміздің төл тарихымызды жаңа көзқараспен қайта қарастырып, оны жан жақты саралап, ұлтымыздың мүддесі тұрғысынан, кеңінен зертеуге мүмкіндік туды. Қазақ ұлтты ұзақ тарихқа, ұлттық түсі қою мәдениетке ие ұлт.

Салт – дәстүр осы беті пайда бола қалмаған. Ол адамзаттың өмір сүру, жаратылысты тану, оған сәйкесу, өзін дамыту қимылы барысында бірте – бірте пайда болып қалыптасқан. Арналы асау өзен суларының сонау қарлы шыңдағы тарам – тарам мөлдір бұлақтардан бастау алғаны сияқты, халқымыздың қазіргі рухани мәдениеті ең алғаш жылт еткен, сәби сезімнен бастау алған.

 Қазақ халқы ұлын үйлендіріп, қызын ұзату салт-дәстүрлерін ғасырлар бойы желісін үзбей жалғастыруда. Бұл әдет-ғұрыптар ұрпағының келешегін, нәсілінің болашағын ескеруден туындаған.[1, 86-88].

Ұл үйлендіру, қыз ұзату рәсімдері негізінен қыз көру, құда түсу, жаушы жіберу, есік-төр көрсету тойы, ұрын той, қыз ұзату тойы, келін түсіру тойы сынды белестерге бөлінеді.

Осының ішінде мен сіздерге бүгінде ұмыт болып бара жатқан дәстүріміздің бірі келін түсіру тойындағы шымылдық құру туралы айтқым келіп отыр.

Қазақ халқы келін түсіру тойында ақ отау тігіп жас келінді қарсы алатын. Күйеу әкесі отауды үйінің оң жағына тігеді. Мұнда да отаудың шаңырағын көтеруге балалы-шағалы, төңірекке жақсы атағы жайылған салиқалы ата таңдалады. Отау тігіліп болысымен түрлі жиһаздар шығарылып, жайнатып жиналады.Құдалар келгенде жігіттің жеңгелері отаудан отау көрімдігін алады.









Келе жатқан келіннің алдынан ауылдың қыз-келіншектері шымылдық алып шығады. [3, 19].

Шымылдықтың атауын екі түрге бөлеміз:

  1. Шымылдық

  2. Жасырғы

Шымылдық – ұлттық бұйым. Оның кең таралған ашпалы түрі төсектің алдына тұтылып, түнде ұйықтаған кезде кеңістіктен төсекті бөліп тұратын камера қызметін атқарады. Мұндай шымылдық жібекатлас, ақ сұрып, торғын, торқадан тігіледі, сондай-ақ екі бөліктен тұрады. Биіктігі 2 м-дей, ені 4,5 м-дей болады. Басқы жиегіне әсемдік үшін зер салынып, көз тимес үшін үкі тағылады. Жасау шымылдықның термелі бау өткізілетін жері шымылдық балдағы деп аталады. Жоғары жағына екі-үш қарыс (шымылдық желбіршегі) орнатылады.

Жасырғы - ауылға келін болып келе жатқан келіннің алдынан алып шығатын шымылдықты жасырғы - деп те атайды. Ені 2 м – дей, биіктігі 1,5 -2 м болады. Жас келінді беті ашылмай тұрып, атасынан батасын алып, жасалған ақ отауға оң аяқпен кіргенге дейін ғана қолданған. Одан кейін отауда жасалған арнайы жастардың төсегінде құрылған ашпалы шымылдыққа отырады. Келіннің жанында ауыл жастары, қыз келіншектер келіп жайғасады.

Беті-жүзі үлкендерге көрсетілмей, шымылдықпен бүркемеленген келінді алдымен қайын атасының үйіне кіргізеді. Ұлы шаңырақтың босағасынан оң аяғымен аттасымен тізесін бүгіп, үш рет сәлем берген келініне атасы «Көп жаса, қарағым» деп батасын береді. Содан соң жас келінді ошақ жанындағы жұмсақ тулақ-баспаққа отырғызады.

Осы рәсімдер аяқталған соң жас келінді ақ отауға әкеледі. Күйеу шешесі шашу шашып, оң аяғымен табалдырық аттаған жас келінді сол жаққа тігілген шымылдық ішіне отырғызады. Қарсы алушы қыз-келіншектерге қыз шешесі жаулық, көйлек, орамал үлестіреді. [2, 222 ].

ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген ұлттық құндылығымыз бен ұмыт болған салт-дәстүрімізді жаңаша бағытпен жаңғыртуды дәріптеп былай деген еді. «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін».





Менде ел басымыздың осы бір саясатын жалғастырып мектеп оқушыларына дәстүрімізді құрметтеумен қатар, ұлттық қол өнерімізді де нәсихаттай отырып олардың жасалуымен қолданлуы жайлы терең мағұлмат беріп оқушылардың жүрек түкпірлеріне өшпестей орын алуға тәрбиелеудемін.

Халқымыздың дәстүрімен мәдениетін біріктіріп әрқашан тек бір ел, бір халық, бір мәдениет, болып жалғаса берсе деп тілеймін. Сонда ғана еліміз мәңгі тұғырлы, болшағымыз нұрлы болып тек қана алға самғай бермекпіз!





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Айып Нұспоқасұлының. Ағаш бесіктен жер бесікке дейін // 2004, 18-19 беттер.

  2. Қазақ халқының дәстүрлі әдет - ғұрыптары // Алматы 2003, 86-88 беттер

  3. Қазақ халқының дәстүрлі әдет - ғұрыптары, салт дәстүрлері.



























Оразқан Сайра

«№2 Теректі орта мектебі»КММ

ШҚО Күршім ауданы

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
376
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі