Сабақтың
тақырыбы: Рухани
жаңғырудың жарқын жолы
Сабақтың
мақсаты: Рухани
жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық
құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас
ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш
сезімін ұялату, ұлттық рухты
сіңіру.
Оқыту
нәтижесі: Оқушылар
рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа
бағдар
Мұғалімнің
іс - әрекеті: «Достық торы»
әдісі арқылы бір - бірлеріне сәттілік тілейді. Оқушылар ән
шумақтарын ұйқастыру арқылы 4 топқа
бөлінеді
Топтың
ережесін еске түсіру
Таныстырылым: Еліміз
жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз
белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан
бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
І. ХХІ
ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі
біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен
ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт - дәстүрлерін алдағы
өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын,
болашаққа сеніммен бет алуын
қалаймын.
1. Бәсекелік
қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі
бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік
алады.
2. Прагматизм
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген,
бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта
түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды
нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды
жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен
кердеңдікке жол бермеу деген
сөз.
3. Ұлттық
бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың
кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен
музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық
рухымыз бойымызда мәңгі қалуға
тиіс.
4. Білімнің
салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу –
біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты
факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар
жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа
жетеді.
5. Қазақстанның
революциялық емес, эволюциялық дамуы Бұл кезеңде елімізде белгілі
бір жаңғыру болды.
6. Сананың
ашықтығы Оқушының іс - әрекеті: Бір - бірлеріне сәттілік тілейді. 1
- топ. "Қазақстан" Ән: Көк тудың желбірегені 2 - топ. "Салт дәстүр"
Ән: Қазақы дәстүрлер - ай 3 - топ. "Мәдени құндылықтар және өнер"
Ән: Қара жорға 4 - топ "Ұлттық ойындар мен тағамдар" Ән: Қазақы
дастарханым Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады. Оқушылар үйге
берілген тапсырманы қорғайды.
Топтағы ең үздік «Рухани жаңғыру» тақырыбында
коллаж қорғайды
ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ
МІНДЕТТЕР
Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп
алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз.
Тапсырма: 1 - Қазақстан - Еуразия жүрегінде 2 - Қазақ халқының салт
- дәстүрі 3 - Қазақ халқының мәдени құндылықтары және өнері 4 -
Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары 3 - топ: туралы айту;
«Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. Оқушылар қазақ халқының рухани
мәдениетін шет елге таныстырады Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды
шетелдік қонақтарға таныстыру» бейне ролик қарап, мазмұнын түсіну,
өз ойларын жеткізу. Аяқталмаған сөйлем «Рухани жаңғыру -........»
«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру» «Рухани жаңғыру -
әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу" «Рухани жаңғыру –
табысты ел болуымыздың кепілі» «Рухани жаңғыру – ұлттық сана -
сезімнің көкжиегін кеңейту»