Материалдар / Рухани жаңғыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
өлкетану пәні бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рухани жаңғыру

Біздің тегіміз-Түрік, дініміз-Ислам, кітабымыз-Құран.

Н.Ә.Назарбаев


Жетісу - талай тарихтың куәсіне айналған қасиетті мекен. Қазақылығы бұзылмаған, имандылығы сарқылмаған құтты жер. Іле бойындағы әрбір төмпешіктің тарихынан сыр шертіп, рухани шабыт алуға әбден болады. Сырын ішіне бүккен кең даламыздан талай әулиелер, ахун мен ишандар туылып, елдің руханиятында өшпестей із қалдырғаны сөзсіз.

Іргеміздегі Алматының 1000 жылдығы тойланып өтті. Аулымыздағы рухани мұраларамызды да қайта жаңғыртып, ұрпаққа кең көлемді насихаттау - бүгінгінің еншісі. XIX ғасырда ауылда молда болған Серікбай қажы екен.Ол кісіден кейін баласы Серікбайұлы Мұсабек молда болған. Серікбай қажы немересі Мұсабеков Қожахан (1887-1970) ата жасырын түрде молда болған. 1924 жылдан бастап дінге қысым болып,ауылда Толқынбеков Илияс,Мұсабеков Қожахан аталар бір үйге жиналып,терезе пердесін жауып, тығылып намаз оқыған,балаларды жасырын сүндеттеген. Ол кісілер кеткен соң, халық ауылға Байсерке мен Жетіген,Николаевкадан молдалар әкеліп, жаназаларын жасырын шығартқан. Айт күндерінде үйлерді аралап,құран оқитын Далабаев Қарқабат,Бозжігітұлы Борантай аталар да дәстүр мен дінімізді сақтап қалуға тырысты.Өткен ғасырдағы 80 жылдардың басында ауыл адамдары салт- дәстүрді ұмыта бастады.Желтоқсан көтерілісінен кейін халық рухы ояна бастады. Сол кезде аулымызға Қарақалпақстаннан көшіп келген Бурбаев Орынбай ата молда болып,халықты дінге шақырып, жаназада арақ құюларын тоқтаттырды.

Бурбаев Орынбай ата 1986-1999 жылдары Жаңадәуірде молда болды,ол кісі ауырып қалған күндері Раймбекова Шолпан ауылдастарының нәзір садақаларында құран қатым оқып, «Молда қыз» атанып көмектескен.Игілікқызы Нұрбүбі апа мен оның қызы Бозжігітова Гүлсара Борантайқызы да халықты дәстүрге,дінге шақырумен айналысып жүздеген үйлерге айт күндерінде айтшылап, құран оқыттырды.1988 жылдан бастап жарапазан айту,Наурыз мерекесі алпыс жылдан астам уақыттан кейін, аулымызда қайта жаңғырды.

1987 жылдан бастап, баспасөзде Мұхаммед пайғамбар өмірбаяны жазылып,1991жылы маусымда Рәтбек қажы Нысанбайұлының қазақша аудармасымен Құран Кәрім кітабы жарық көріп, дінге еркіндік беріле бастады.Қазақстан Мұсылмандарынының басқармасы Өзбекстаннан бөлініп, 1990 жылы ашылғанда алғашқы мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы болды.

Ауыл жұртшылығына Раймбекова Шолпан Жанахметқызы имандылықты насихаттап,дін ғұламасы,халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері,қасиетті құранның түсінігі мен мазмұнының аудармасын жасаған,Қазақстанға 4 миллион Құранды тегін таратқан Халифа Алтай атамызды Жаңадәуірге шақырып,ауыл жұртшылығы мен туыс,дос-жарандарына 1999 жылы 11 сәуірде ас берді. Халифа Алтай ата жұбайы Бибәтіш апамен келіп,аста аруақтарға құран бағыштап,халқымызға бата берді,Құран кітабы мен Сияри наби кітаптарын тәбәрік ретінде Алла разылығы үшін жұртшылыққа таратты.Халифа Алтай атамыздың дұғасы қабыл болып, 1999 жылы Жаңадәуірде «Ар-Рахман» мешіті ашылды.Мешіт ашуға Бекмұратов Асылхан аға мен соғыс ардагерлері Турусбеков Иген,Түлкібаев Мұқан аталарымыз атсалысты.Жаңадәуірде мешіт 1999 жылы 2 тамыз күні бұрынғы кітапхана бөлмесінде ашылды. Оған "Ар-Рахман" мешіті деп ат қойдық.Көрші Жаңаталап,Қоянқұс ауылдарында мешіт болмағандықтан олардың намазхандары өз ауылдарында мешіт салынғанша Жаңадәуірге келіп жұма намаздарын,тарауық намаздарын оқыды.Алғашқы имам болып 20 жасар,медресе түлегі Садықов Жеңіс Нұрыллаұлы келді.Ол Жаңадәуірде 1999-2001 жылдары имам болды.Өте әдепті,зерек молда ақида мен иманшарт,муаллим саниді үйретіп,Алланың білімін ала келді. Мешітке қамқоршылық жасап көмектескен ақ жаулықты мұсылмандардан басынан бастап көмектескендер:Қабиқызы Камал, Әмірқызы Күлән,Айтбайқызы Ұлбосын,Жанахметқызы Шолпан,Наркулова Ұрқия,Әзиқызы Айым,Шәріпханқызы Сандуғаш болса, кейіннен үлкен апаларымыз да көмектерін аямады.Мәуліт мерекесі алғаш рет 1999 жылы тойланып,биылға дейін жиырма рет өткізілді.Ауылымызда дәстүрлі исламды ұстанатын Ханафи мазһабындағы мұсылман отбасыларында Мәуліт айында құдайы тамақ беріліп,Мәуліт оқыту дәстүрге айналды.

2001-2006 жылдары Конисбаев Рамазан Мухамедиярұлы «Ар-Рахман» мешітінде Бас имам болды. Оразғалиев Әлібек көмекші имам болды.Рамазан молда Башкеев Абай Ынтымаққа мешіт салмақшы болғанда үгіттеп,Жаңадәуірге салуына келісімін алған.Жаңадәуір,Қоянқұс ,Жаңаталап ауылдары халқы өздерінің діни сұрақтарына жауап алып,күрдтер үйлерінде Мәуліт оқыттыртып,мұсылман мерекелері мен діни дәстүрлерімізді насихаттап,көптеген адамдарды молдалыққа дайындап кетті.

2006-2008 жылдары Медеуов Болат Әбілхайырұлы Жаңадәуірдегі «Ар-Рахман » мешітінде Бас имам болды.2008 жылы Башкеев Абай Ынтымақ ауылының тұрғыны Жаңадәуірге жаңа мешіт салғызып беріп, «Айтақын Ата» мешіті деп атады.Оның жанынан құдайы тамақ беретін үй қатымхана салып, халықтың алғысына бөленді.Ашылуы салтанатты түрде өтті.

2008-2016 жылдары Шеримов Қалдыбай Өмірсейітұлы Жаңадәуірде жаңадан салынған «Айтақын Ата» мешітінде Бас имам болды.2015-2016 жылдары жылдары Медеуов Болат Әбілхайырұлы «Айтақын Ата» мешітінде наиб имам болды.

2016 жылдың тамыз айынан бері Жардыбай Ережеп Бас имам. 2016 жылдан Шеримов Қалдыбай Өмірсейітұлы наиб имам.

Мешіт жамағаттары

Қожалардан Серікбаев Ғадылбай Лаубайұлы бүгінде дініміздің жаршысы болып жүр.Азаншы Оспанов Теміржан, азаншы Рыстанбаев Әбдіқадыр ата, Айтжанов Бадайбай Айтжанұлы,Жаңабаев Сүлеймен Қамшыбекұлы,Ауазов Абдрахман Ауазахунұлы , Жақыпов Нұрланхан ,Жұмағалиұлы Әжіғали сияқты жұма намаздан соң бата беретін аталарымыз марқұм болып кетті, осы мұсылмандарға Алла разы болсын. Мешіт жамағаты Айтжанов Сакен (1968-2000) жылдары өмір сүрді.Қазақстанға ислам дінін таратқан қасиетті қожалардың тұяғы бабалар жолын жалғастырған,ораза ,намазын өтеген,рамазан айында мешітте ығтикафта отыратын тақуа жан болды.Бүгінде мешіттегі батагөй атамыз Қошпанов Абдраман ата, Құсайынов Ермек, азаншылар Шалқарбаев Байрамбай Аметұлы, Аманкелдіұлы Дархан және мешітімізде ауылға қамқоршы болып жүрген намазхандар Қызайбекұлы Нұрбол,Қазбекұлы Серік,Уразбаев Шерзат,Уразбаев Айбек,Тустукбаев Жанат,Кенжебаев Берік т.б. көптеген жастарымыз дәстүрлі исламды ұстанып,ата-бабалар жолын жалғастырып жүр.Мешіт жамағаттары Ауыз ашар беру,Сәресі беру,Мәуліт өткізу, Наурыз мерекесін өткізу, Айт намаздарын тойлау,құрбандық шалып,мұқтаж отбасыларға ет тарату, тамақ әперу,зираттарды жөндеу,тазалау,тал отырғызу,мектептегі оқушыларға киім,оқу жабдықтарын алып беру,мектепке тал отырғызу,мұқтаж жандарға көмек беру, су тасқындарынан зардап шеккен ауылдарға ақша,киім жинап жіберу сияқты қайырымдылық істеріне атсалысып жүр.

Раймбекова Шолпан Жанахметқызы

Іле ауданы №5 орта мектеп

тарих пәні мұғалімі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!