Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Рухани Жаңғыру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жаңартылу бағдарлама бойынша
дидактикалық ойынды тиімді пайдалану.
Дидактикалақ ойындар балалардың білімін кеңейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.
«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма» дегендей, ойынның қай түріне
болмасын зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, одан мінді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Өйткені алдымен ненің болсын бастамасы жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі, демек біз ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз.
Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай –ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалақ ойындардың орны ерекше болып табылады.
Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады, оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал болып есептеледі.
Мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларға дидактикалық ойындарды ойнатуға талпындарамын, ал балалар ойнап отырып үйренеді, сондай –ақ өзіндік ойын әрекеті нәтижесінде де қалыптасады.Өзіндік ойын әректі балалардың ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана іске асады.Балалар ойын ойнағанды ұнатады және өз ынталарымен ойнайды.
Тапсырмаларымды балалар өз беттерімен орындап және ойынды ұйымдастырып бір- біріне әділ баға беруге үйренді.
Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда дидактикалық
ойын маңызды құрал болып табылады.
Мен ойын арқылы білімді меңгеріп және оны бекіту үшін дағды мен әдетті қалыптастырамын.Балалабақшада жиі қолданатын дидактикалақ ойын түрін өткіземін.
Үстел үстінде ойналатын ойындарды ,балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындарды іріктеп, тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түсемін, және ойлауын, зейінін , есте сақтау қабілетін дамытуға көмектесемін.
Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:Дидактаикалық тапсырмалар, мазмұны ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент –дидактикалық тапсырамлар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі.
Тапсырмалар ір-түрлі болады.(табиғат, жанауарлар және өсімдіктер әлемі, адамдар, еңбек) жіне қарапайым математикалық ұғымдарды бекітуге байланысты.
Ойынның басты рөлі ережелерге сүйенеді,ережелер баланың ойынды не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді,және ақыл –ой қабілеттерін дамытады, әсіресе кішкентай топтағы балалардың өзін-өзі ұстауға, өздерінің мінез-құлықтарын қадағалауға үйренді.Сонымен бірге психалогиялық жағдайларыжақсартады: Көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке,кішпейілділікке үйретеді.
Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға ,әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге-өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуіне көмектеседі.Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.
Ойын өткізгенде мен ойын мақсатын сақтай отырып қана қоймай, ойынға өзім де қатысамын және белгіленген ережені орындауын қатаң түрде талап етемін, бұл баланы талапты орындауға, ережені бұзбауға үйретеді.
Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет.Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы
Орындайтынын анықтаймын және ойынды өткізу алдын-ала дайындалып,сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Ойын баланың жан серігі.Ойын сырттан қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көнуі мүмкін.Дидактикалық ойын сәбилер тобынын басталады. Мұнда жоңары топтарға қарағанда жнңіл түрлері беріледі, балалр аз ойланады.Мысалы: бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктердің түсіне қарай топтастыру, қане сен көк кубиктерді әкелші,» үстелге апарып қойшы»т . б.Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді.
Баланың тілін дамытуда ауыз екі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту дидактикалық ойындардың маңызы зор.Ойын шартары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойын әректін дамытуға болады.
Дидактикалық ойындар баланың ақал-ойын дамытуға, ойдауын , қабылдауын , есте сактауын, зейінін, салыстыру, өзін-өзі бақылауға үйретеді.Тәрбие –баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, әрі тәрбиелейтін негізгі әрекет-ойын.ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, адамдардың еңбегімен танысады.Ойын негізінен балаларға дене—шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы.
Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы- дидакикалық ойын.Бұл ойынның пайдасы- баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қоядыСондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттер шешеді.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.
Дидактикалық ойындар- балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет.
Ойындарды бала енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстар атқардық.
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дидактикалық ойындар жасадық. Сол ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданып
отырдым.Дидактикалақ ойындарды тиімді пайдалану ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әсерлігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді.
Ойын үстінде дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге көп көңіл бөліп отырамын.Балалардың таным қабілетінің ,логикалық ой өрісін кеңейтіп, ынтасын арттырда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланамын.Олар сенсорлық және ақыл ойдың дамуы мен баланың оқып-үйрену үшін арналған.Оларға дәстүрлі дидактикалық ойыншықтар –түрлі түсті шарлар, пирамидалар, құрастыруға арналған ойыншықтар-мозайкажәне т. б. Үстел үсті ойындары дидактикалық ойыншықтардың ерекше түрін құрайды: лото, бірдей суреттер.
Дидактикалық ойындар балалрды қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақал-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Дидактикалық ойыннң ережесі балалардың ұсьамдылықты , тәртіптілікті
қажет етеді.Сонымен қатар дидактикалық ойлау қабілеттерін, іздемпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.
Дидакткалық ойындардың тиімділігі- оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өткенді қайталау,естеріне
түсіру кезінде қолданып отырамын.
Антоним сөздермен таныстырғанда жануарларды зообаққа әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі.Бала жануарлардың денесіне қарап,»үлкен , кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен торға немесе кіші торға орналастырады.
Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ой-өрісін кеңейту үшін өте пайдалы.Сондықтан антоним сөздерді осы сияқты дидактикалық ойындарды ұйымдастыру арқылы меңгертуге болады. Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес , балалардың білімді игеру, ақыл –ой қызметін дамытуда , өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші.Дидактикалық ойындарда балалардың алдына қандай да бір міедеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т . б.Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымбарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі.
Ойын үстінде бала өзін емін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудан басталады. Сондай –ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іөдемпаздыққа, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың
байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше екенін айты кету керек.Дидактикалық ойынның нәтижесі ойын жолымен ұту емес , бала білімді игеру, ақыл ой- ой қызметін дамытуда,өзара қарым-қатынас жасауды ой жетістіктерінің көрсеткіші.Дидактикалық ойындар мен ойыншықтар балаларды белсенді оыйн әректіне жетелейді, өйткені бала ойнап жүріп, түрліше қимылдар жасайды:анықтап қарап, ұстап көреді, түсін пішінін, көлемін салыстырады, бөлшектейді, қарапайым қорытынды жасайды.Дидактикалық ойыншықтар балаға мынасымен қызықты, онымен ойнай отырып бала тапасырманы орындайды.Әрбір ойындарда ерекше талап қойылады.Қорыта айтқанда ойын баланың жан серігі.Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін.Ал іс жүзінде бала ойынға қатысу үшін өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінң дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді. Мектепке бейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндет. І-сәбилер тобынын бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына бейімдеу.
Пайдаланған әдебиеттер
1.»Казахские Детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар.
2.»Шынашық кітабы». Құрастырушылар –М. Әлімбаев, Қ . Баянбаев.
Алматы «Балауса» 1992ж.
Отбасы және балабақша.№2 . Тіленбаева Н . Б.
«Бөбек лүпілі»жеке меншік балабақшасы
Баяндама
Тақырыбы:«Жаңартылу бағдарлама бойынша
дидактикалық ойынды тиімді пайдалану»
Дайындаған:Далабаева.М.Қ
Көкжайық ауылы
2018ж