Рухани жаңғыру –
қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы
күш. Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың мақаласынан кейін ойым сан-саққа кетті.Бұл
мақаланың халыққа тійгізер орасан зор пайдасы бар.жағылған шамның
жарығындай ерекше сәуле беріп,алға ұмтылатындай.
Қазақ елінің азаматшасы
мен азаматтары білімді елдің болашағы және тарихи жеріміздің
иегерлері ,елін жерін құрметтеуге,салт дәстүрін дәріптеуге
міндетті.Ол үшін ілім-білімге
ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.
Аймағымыздағы келер
ұрпақтың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиялы қауым Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласын Жан жақты
талқылап тармақтарды таратып,колледж студенттеріне даралап
түсіндіріп,келешекте осы бағытпен жұмыс жасайтынымызды ұжымға
түсіндірдік. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі
мәңгілік боларына мен қақ сенемін.
Елбасының жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның
үшінші жаңғыруы басталды деп жарияланды. Қайта жаңғырудың екі процесі – саяси реформа мен
экономикалық жаңғыруды қолға алып жатырмыз. Осы жұмыстарды
жүзеге асыру үшін әрқайсымыздың санамыз ісімізден озып жүруі, одан
бұрын жаңғырып отыруы тиіс, делінген мақалада. Шындығында
ұлттық рухы, руханияты жоғары, мәдениеті озық ел көп нәрсеге
қол жеткізетіні анық. Және ұлттық бірегейлікті сақтау ұлттық
жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін қажет етеді.
Елбасы ұлттық мәдениетті сақтай отырып жаңғыру және ұлттың дамуына
кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту қажет
екенін қазақстандықтардың түсіне білуі керек екендігін баса айтады.
Мақаладағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алу ұсынысы жас ұрпақты
тәрбиелеуге дәл және уақытында айтылған нақты тапсырма деп білемін.
Әрбір адамның жүрегінде кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына,
туған жеріне деген сүйіспеншілік, құрмет болмайынша – Отан деген
Ұлы ұғымға адал қызмет ету, жан дүниесімен беріле сүю
екіталай.
«Қазақстанның қасиетті
жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді
кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық
қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы», – делінген
мақалада.
Мақалада: «Біз жаңғыру
жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде
тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта
түлетуіміз керек», – делінген.
Расында, жастайынан дін мен
дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ
теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпейді. Салт-дәстүрі
мен тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі берік
болмақ.
Неғұрлым тұтастыққа жету
үшін елді айшықтап тұрған ұлттың танымдық, тәрбиелік маңызға бай
әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қажет. Кез келген халықты өзінің
төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре
алады. Елбасы мақалада осы ұстанымды айқын көрсетіп
берді:
«…Жаңғырған қоғамның өзінің
тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады…Жаңа
тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай
білу».
Жалғасын табатын жарқын
істердің жүзеге асуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл басындағы
халыққа Жолдауында айтылған Қазақстанның үшінші жаңғыруы
бағдарламаларымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
бағыт-бағдар болатыны сөзсіз. Түркістан елінің зиялы қауым
өкілдері, білім алушылар рухани жаңғырудың, озық ой-сананың,
ұлттық рух пен патриотизмді насихаттайтын жарқын істердің
көшбасында жүреді деп сенемін.