Материалдар / "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы гимназиядағы тәрбиелік іс- шаралар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы гимназиядағы тәрбиелік іс- шаралар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік іс-шаралар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2021
340
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны



Аннотация

Кіріспе.....................................................................................................................3



Негізгі бөлім

І. Алаяқтық қылмыстың құқықтық сипаттамасы

1.1. Алаяқтық қылмыстың түсінігі және оның жағдайы....................................5

1.2 Алаяқтық қылмыстың жасалу тәсілдері........................................................9



ІІ. Алаяқтық жолмен жасалған қылмыстардың жүйесі

2.1. Қазіргі қоғамда алаяқтық жолмен жасалып отырған оқиғалар тәжірибесі................................................................................................................12

2.2. Жамбыл облысы бойынша алаяқтық қылмыстардың қазіргі жағдайын талдау.......................................................................................................................19



ІІІ. Алаяқтық жолмен жасалған қылмыстардың алдын алу шаралары

3.1. Алаяқтық қылмыстың себептері......................................................................24

3.2. Алаяқтық іс-әрекеттерден сақтанудың жолдары..........................................25


Қорытынды............................................................................................................27


Қолданылған әдебиеттер .....................................................................................28


Зерттеу күнделігі....................................................................................................29


Пікір













АННОТАЦИЯ



Жұмыстың тақырыбы: «Алаяқтық қылмыстың алдын алу және онымен күресу»

Жұмыстың мақсаты: Алаяқтық қылмыстың жасалу тәсілдерін зерттей отырып, одан сақтанудың жолдарын көрсету.


Зерттеу міндеттері:

  • Алаяқтық жолмен жасалған қылмыстық оқиғаларды анықтау;

  • Алаяқтық қылмыстың себептерін қарастыру;

  • Алаяқтық қылмыстардың қазіргі жағдайын талдау;


Зерттеу өзектілігі: Қазіргі қоғамда алаяқтық жолмен жасалып отырған іс-әрекеттердің қоғамға тигізетін зардаптарын анықтап, одан сақтанудың жолдарын іздестіру.


Жұмыстың жаңашылдығы мен әдісі:

Алаяқтық жолмен жасалған қылмыстық оқиғалар тәжірибесі мен жасалу тәсілдерін сараптау оны алдын алуға және сақтануға мүмкіндік береді.





























Кіріспе

Бүгінгі таңда өзге қылмыстармен бірге моральдық және материалдық елеулі зиян тигізетін қылмыстардың бірі - алаяқтық болып отыр. Жылдан жылға аталған қылмыс, жаңа түрлерімен және әдістерімен ерекшеленеді.
Алаяқтық қылмыс алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы негізделеді. Бұл қылмыстың ерекшелігі сол, ол сырт жағынан қарағанда меншік иесінің өз еркімен мүлкін қылмыскерге беру арқылы сипатталады. Алаяқтар жоғары кәсіпқойлығымен, техникалық, жағынан толық жабдықтануымен ерекшеленеді. Карта ойнайтындар ойынға қатысушылардың картасын көру үшін телеқондырғыларды қолданған жағдайлар да кездеседі.

Алаяқтар қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге жылдам назар аударып, қарапайым тұрғындар мен коммерсанттардың жеткілікті кұқықтық білімінің және нарықтық қатынастарға сәйкес тәжірибелерінің жоқтығын ескере отырып, нарыктағы бағалы қағаздармен, шетелмен коммерциялық байланыстарды жүргізуге, жекешелендіруге толық инвестициялармен, несиелік-банктік қызметпен байланысты әр түрлі алдау әдістерін ойластырып тәжірибеде қолдануда. Казіргі кездегі алаяктық әрекетінің өзіне тән ерекшелігі, олар занды тұлғаның атынан азаматтық-құқықтық мәмілелер жасап және қаржылық-шаруашылық операцияларды жүзеге асыруында.

Соңғы кездері елімізде алаяқтық сарындағы оқиғалар тым жиілеп барады. Тәртіп сақшылары алаяқтықты жасаушылардың көбіне әйелдер екенін айтады. Әккілердің құрығына алдымен түсетіндердің қатарын да нәзік жандылар құрайды. Олардың көбісі әлеуметтік жағдайларды түзеп беруге атап айтқанда, жұмысқа орналастырудан бастап, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындауға жұмыстарнына көмектесуге уәде етеді.

«Жеңілдетілген несие алып беремін» деп сазға отырығызып кететін қамқор алаяқтардың айлакерлігі өз алдына бір мақалаға жүк боларлық. Жалпы, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолы қайсы? Ол үшін алдымен алаяқтық дегеннің не екенін түсініп алудан артықтығы жоқ. Алаяқтық – алдау немесе сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғу, иә болмаса бөтен мүліктің құқығына ие болу арқылы іске асатын қылмыс болып табылады.

ҚР ҚК 177-бабы 1-бөлігінің диспозициясына көз жүгіртсек, алаяқтық бұл:

а) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтен мүлікті ұрлау (талан-тараждау), немесе ә) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтен мүлікке құқықты алу[1].

Өзге талан-тараж нысандарынан алаяқтықтың тағы да бір айырмашылығы – бұл қылмыс заты ретінде тек мүлік қана емес, сонымен қатар мүлікке құқық та болуында. Мүлікке құқық ретінде меншік құқығы өзінің толық көлемінде түсініледі. Демек, кінәлі мүлікке құқық алғанда, мүліктің өзін де иемденеді. Мысалы, алаяқ алдау нәтижесінде ірі жеңіс түскен лотореялық билетті иемденеді. Байқайтын болсақ, мүлікке құқық алу сәті мүліктің өзін алудан бұрын немесе бір уақытта пайда болады.

Мүлік, алаяқтықтың заты ретінде, белгілі бір белгілерге ие болу керек. Ең алдымен, оның құны болу керек. Ол, әдетте, баға арқылы белгіленеді. Ал бұл белгі тек заттарға ғана тән емес, сонымен бірге ақпараттық түрлі нысандарына тән. Мысалы, компьютерде сақталатын ақпарат.

Сонымен қатар, талан-тараждың заты ретінде әр түрлі мүліктік сипаттағы игіліктерді алуға болмайды: қоғамдық көлікте тегін жүру немесе қол жүгін өткізу т.б.

Мүлік дегеніміз – бұл зат. Оны жасауға еңбек жұмсалып, нәтижесінде оның құны пайда болады, қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті пайда болды. Бірақ мүлікті жасауға еңбек міндетті түрде жұмсалу керек тезисі күннен күнге күмәнді туғызады. Мысалға, жер учаскесін алайық. Олар сату-сатып алу, кепіл, айырбас, сыйға тартудың пәні болады. Демек, қылмыстық қол сұғушылықтың да заты болуы ықтимал. Әсіресе алаяқтықта. Қалай десек те, тауарлы-материалдық құндылықтар және ақша алаяқтықтың заты ретінде болатынына күмән жоқ[2].

Зерттеліп отырған қылмыстың заты ретінде – еркін айналыстағы мүлік болуы керек. Мысалы, егер алдау жолымен қызметтік жағдайын пайдалана отырып, тұлға қаруды талан-тараждаса, бұл бойынша ҚР ҚК-нің 255-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды[3].

Алаяқтықтың 85%-на шамаласы қалаларда, әсіресе ірі қалаларда жасалады. Бұл көшедегі тұрақты емес саудада, әр түрлі лотереяларда көрініс табады. Бұл алаяқтықтың негізгі массасы. Бұдан сиректеу кездесетіні пәтерлермен жасалатын қылмыстар және арнайы білімді, интеллектіні қажет ететін қаржы алаяқтықтары. Алаяқ қылмыскердің тұлғасы әртүрлі болуы мүмкін. Бұл жерде білім деңгейі төмен, жоғары, жасы кәмелетке толмаған, толған, ересек адамдар қатысуы мүмкін.

Жалпы алаяқтық қылмысының жартысына жуық топпен жасалады. Мұндай топта әр мүшенің рөлі айқындалады. Бұл жәбірленушіні алдауға жеңілдетеді, ал заң шығарушы үшін қоғамға қауіптілік деңгейін арттырады.

Алаяқтар арасында өздерінің “мамандықтары” болады. Олар: “шулерлар”, “оймақшылар”, “қуыршақшылар”, “пәтершілер” және т.б.














І. Алаяқтық қылмыстың құқықтық сипаттамасы

1.1. Алаяқтық қылмыстың түсінігі және оның жағдайы


 Алаяқтық Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес - бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену. Ол үшін қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды. Бұл арада мынаны еске алу керек, алдау және сенімге кіру жолымен басқа да қылмыстар жасалуы мүмкін, бірақ олар басқа қылмыстық-құқықтық нормалар бойынша қарастырылады. Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында істің мәнісін жан-жақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан ажырата білу қажет. Қылмыстық жауапқа тарту және айыпты деп тану үшін сол әрекеттерде қылмыс құрамының болған-болмағаның анықтап алу қажет. Мұның өзі қылмыстық заңда қылмыстық жауапкершілікке тартуға бірден-бір негіз болып табылады.

Алаяқтық жағдайында ақша қол сұғушылықтың басты заты болып табылады. Ақшаны заңсыз алу үшін қылмыскер әдетте болашақ жәбірленушіге шын мәнінде орын алған тәрізді оқиғалар мен жағдайлар туралы, немесе іс жүзінде орын алғанымен, бұрмаланған деректер туралы мағлұмат береді. Осы мақсатпен көбінесе өте қу амалдар қолданылады.  

Алаяқтық бөтеннің  мүлкін заңсыз айналдырудың ішінде  жалған құжаттар арқылы алдау әдісі көп қолданылады. Жалған құжаттарды беріп отырып, алаяқ оған бөтен мүлікті алуға құқық беретін тәрізді алдамшы фактілерді немесе жағдайлардың бар екендігін растайды. Сөйтіп, ол иелігінде мүлкі бар адамды шатастырады.

Алдау арқылы қылмыскердің оған ақшаның, мүліктің және т.б. өз еркімен берілуіне қол жеткізетіні  осы қылмыстың ең негізгі және өзіне тән қасиеті болып табылады. Айналасындағы адамдарға алаяқ адал болып көрінеді. Сырттай әдепті болып көрінуі оған тыныш өмір сүруге көмектеседі. Алаяқтықтың зияндылығы да осында.

Сөйтіп, алаяқтық алдау деп өзге тұлғаның шындыққа қатысты ойының шатасуына алып келген ақиқатты бұрмалауды я шындық жайлы айтпай қалуды түсіну керек.  Өзге тұлғаның шындыққа қатысты ойының шатасуына алып келмеген ақиқатты бұрмалау я шындық жайлы айтпай қалу – алдауға қастандық болып саналады, яғни аяғына дейін жеткізілмеген, толық емес.

Алаяқтық кезіндегі алдаудың мазмұнын әртүрлі, жәбірленушінің ойын шатастыра отырып алаяқтың шындықты бұрмалауына я айтпай қалуына қатысты, жағдайлар құрайды. Алдаудың мазмұны қылмысты талдауға, атап айтқанда алаяқтықты, еш әсері жоқ, алайда алаяқтық алдауды тіркеуге маңызды болуы мүмкін, атап айтқанда алдауға жатпайтын әрекеттерден бөле қарау үшін, сонымен қатар алдаудың басталған уақыттын және сәйкесінше алдауға дайындықты, алдауға қастандықты және алдау соңын бөліп қарастыру үшін. Сонымен қатар, уақытылы алдау мазмұны жайлы хабардар болған алдаудың бастапқы кезеңінде анықтап, алдаумен байланысты қылмыстың сақтандыруға мүмкіндік береді.

Алаяқтыққа кінәлі тұлға жәбірленушінің мүлкін иелену, пайдалану және билік ету мақсатын көздейді. Қылмыскер әрине, бұл мүлікке меншік құқығын иеленбейді.

Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу меншікке бағытталған қылмыстар қатарына жатады.

Меншікке қарсы қылмыстардың ішінде алаяқтық қылмысы сирек кездесетін, бірақ кейінгі жылдары оның өсу қаркыны бірден көзге түседі. Алаяқтың қоғамға қауіптілігі күннен-күнге өсуде: бұл тектес қылмыстық әрекетгер мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, коммерциялык құрылымдарға және азаматтарға үлкен материалдық зиян келтіріп, саяси тұрақсыздандыруға апаратын факторға айналып отыр. Көбінесе алаяқтық әрекетті жүзеге асырғанда қылмыстық кол сұғушылық заты болып ақша табылады. Кейбір жағдайларда алаяқтар өндірістік тауарларды, валюталарды, бағалы қағаздарды, мүлікті, зергерлік бұйымдарды, өнер тауарларын иемденеді.

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін, тікелей қасақаналықты анықтау қажет. Әйтпесе, бұл объективтік айыптауға (ҚР ҚК 19-баптың 2-бөлігі) немесе дұрыс сараламауға әкеледі. Және де субъкетивтік жақты ескермей, алаяқтық қол сұғушылықты азаматтық құқықтағы мүліктік сипаттағы міндеттемелерді орындамаудан айыруға болмайды. Әрине, кінәлідегі қылмыстық қасақаналықтың пайда болу сәтін анықтау қиынға соғады.

Бірақ дәлелдеудің қиындығы бұл әрекеттердің қылмыстылығын жоймайды.

Мемлекетіміздің қолданылып жүрген қылмыстық заңында меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылыққа  тиісті баға берілген, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 6 тарауында мемлекеттік және жеке меншікке қарсы қастандық қылмыстары үшін жауапкершілік тағайындалған. Олардың ішінде, меншікке қарсы қылмыстық қастандықтың кең таралған түрлерінің бірі ретінде, алаяқтық ерекше орын алады.

Қазақстанда алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Қылмыстық кодекстің 177-бабына сәйкес осы қылмыс үшін олар жауапқа тартылады. Алаяқтық үшін берілетін ең жоғарғы жаза – бас бостандығынан 10 жылға дейін айыру[4].

Қылмыстык занда "Алаяқтық - яғни бөтен мүлікті талан-таражға  салу немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу", - деп көрсетілген (ҚК-тің 177-бабы). Алаяқтың заты бөтеннің мүлкі немесе бөтен мүлікке құқық  алу болып табылады.

Объективтік жағынан  алаяқтық бөтен мүлікті талан-таражға  салу немесе бөтен мүлікке құқықты  алу занда көрсетілген екі тәсіл арқылы: алдау немесе сенімге қиянат жасаумен жүзеге асырылады. Осы қылмысты жасағанда жәбірленуші мүлікті қылмыскерге оған сеніп өз қолымен тапсырады. Алданып немесе сеніп қалған меншік иесі немесе өзге де занды иеленуші қылмыскерге мүлкін немесе мүлкіне құқықты өз еркімен тапсырады. Алаяқтық жолмен алдау дегеніміз - шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзін құқық қорғау органының қызметкері етіп көрсету, әртүрлі келісімдер бойынша бұйымның, заттың саны, сапасы, бағасы жөнінде көрінеу шатастыру, жалған сенім хаттар көрсетіп, басқа біреуге тиесілі қаражатты немесе мүлікке құқықты алу, осындай әдіспен біреудің үйін, көлігін және басқа мүлкін сатып, айырбастап жіберу, т.б. болып табылады. Алаяқтың жалған құжаттарды пайдалануы көп реттерде заңсыз зейнетақыны, жәрдемақыны, басқа да төлемдерді алуда жиі пайдаланылады. Кінәлі адам осы құжаттарды пайдалану арқылы алаяқтықпен алдауда өзінің жасы, денсаулық жағдайы, еңбек стажы, орташа айлық, жылдық табысы туралы жалған мәліметтер енгізеді. Мұндай реттерде жалған құжаттарды кінәлінің өзі жасаса, онда оның, әрекеті қосымша ҚК-тің 325-бабымен саралануға жатады[5].

Субъективтік жағынан  алаяқтык тек қана тікелей қасақаналықпен және қылмыс пайдакүнемдік ниет және мақсатпен орындалады. Бұл қылмыстың  субъектісі де ұрлық субъектісімен (175-бап) бірдей:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық;

Осы қылмыстың ауырлататын  түрі болып табылады.

Қылмыстык кодекстің 177-бабы 2-тармағының "а" және "б" тармақшаларының мазмұны ұрлықтың (175-бабы) ауырлататын түрінде көрсетілген осыған ұқсас ұғымдармен бірдей, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық деп (177-бабы 2-тармағының "а" тармақшасы) мемлекетгік кызметтің немесе коммерциялық, өзге де ұйымдардың басқару функциясын атқарған адамдардың қызмет бабын теріс пайдаланып, бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімге қиянат, жасау жолумен иеленуі немесе соған иелік етуге құқық алуы болып табылады[6].

  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 177-бабына сәйкес, алаяқтық - алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алу (дұрысы осы, ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 177-бабында алаяқтық құрамының диспозициясының қазақша мәтіні қате баяндалған).      

  Алаяқтықты: 1) бөтен мүлікті ұрлау; 2) бөтен мүлікке құқықты алу деп екі түрге бөлу алаяқтық затының мазмұнына елеулі түрде ықпал етеді. Егер алаяқтың бірініші түрі орын алған жағдайда оның заты жылжымалы мүлік қана бола алтын болса, ал бөтен мүлік құқығына ие болған жағдайда алаяқтық заты үй, саяжай, кеме сияқты жылжымайтын мүлік болады.





Алаяқтардың ішінде рецедивистер көп, соның 30 пайызын әйелдер құрайды. Соңғы жылдары қылмыстың жекеленген түрлері бойынша мамандандырылып ұйымдасқан топтарды құру кеңіңнен таралуда. Бұл топтардың ішінде кылмыскерлер атқаратын рөлдерін өзара бөліседі. Әдетте әр түрлі әуесқой ойындарды өткізген кезде біреулері азаматтарды ойынға тартады, ал басқалары ойын үстінде жәбірленушіге психологиялық әсер етеді, үшіншілері ойынды жүргізеді, төртіншілері операцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Топтың мұндай түрі техникалық жабдыктылығымен, шапшандығымен, басқа топ қылмыскерлерімен тұрақты байланысымен ерекшеленеді. Олардың ішінде кейбіреулері нақты белгіленген, танымал ұлттық-аумақтық атаққа ие.

Жәбірленушілердің ішінде қасақана занды бұзатын адамдар көп кездеседі. Оларды көбіде алаяқтар пайдаланады. Мұндай тұлғалар тәртіптен тыс визалар, шетелдік паспорттарды алуға, банктік несиелерді пайдалануға, шетелдік келісім шарт жасауға, шетел азаматтарынан келіп түскен жүктерді кеденнен өткізуге, өздерінің мүлік-заттарын валютаға сатуға тырысады.

Занды мүлтіксіз орындайтын азаматтардың көбісі алаяқтардың алдауына ұшырап, кылмыс құрбаны болуда. Алаяқтар қылмыстық әрекеттерін көбінесе түрғын үйі бар жалғыз басты қарттар, психикалық аурумен ауыратын адамдар, көп балалы жанұялар, кәмелетке жасы толмағандарға жасайды.
























1.2 Алаяқтық қылмыстың жасалу тәсілдері

Алаяқтық қылмысы әр түрлі тәсілдерімен жасалады. Алдау немесе сенімді пайдалана отырып зиян келтірудің кептен келе жатқан тәсілдеріне мыналар жатады: карта, басқа да әуесқой, құмар ойындарды («рулетка», «сүйек-бөтелке» айналдыру т.б.) ойнағанда әр түрлі айла қолдану; жасанды асыл бұйымдарды сату; жасанды ақша мен заттарды пайдалану; жалған ақша купюраларының эквивалентті емес түрлерін айырбастау; өздерін бақылау және құқық қорғау және т.б. органдарының қызметкерлері ретінде таныстыру жолымен әрекеттер жасау.

Кейінгі жылдары алаяқтык қылмыстарының төмендегідей тәсілдері өте кең тараған: банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу; жалған фирмалар құрып кейіннен халықтың қаражатын иелену; тұрғын үйлерді алу (сату, айырбастау, арендаға, кепілге беру) үшін жалған құжаттар жасау; банкоматтан ақша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін, біреудің немесе қолдан жасалған пластикалық карточкаларды колдану; валютаны айырбастау, шетелдік куәліктерді, визаларды рәсімдеу кезіндегі, қамтамасыз етілмеген акцияларды және құнды қағаздарды сату барысында жалған құжаттарды қолдану және т.б.

Басқа тәсілдерге тоқталатын болсақ: 1) мемлекеттік және коғамдык материалды қүндылыкты қоймалардан, базалардан және басқа да объектілерден жалған құжаттарды пайдалану арқылы алу; 2) жалған құжаттарды пайдалана отырып мемлекеттегі құжаттарды, мемлекеттік зейнетақыларды немесе әлеуметтік қамсыздандыру органдарынан басқа да төлемдерді заңсыз жолмен иелену; 3) мемлекеттік және коммерциялық банктерден әр түрлі жалған чектік құжаттарды қолдану жолымен көп мөлшердегі каражаттарды иелену; 4) мемлекеттік мүлікті жалған құжат арқылы несиеге алу немесе калған қарызды төлеуден жалтару[7].

Алаяқтардың ақшалай қаражаттармен жасаған қылмыстық тәсілдері банктік есеп айырысуда толық құрылымды және күрделі болып келеді. Алаяқтар қылмыстық іске кіріспес бұрын, міндетті түрде дайындық жұмыстарын жүргізеді. Олар алдымен қатаң есептегі банк қүжаттарын қолға түсіріп, ұрланған ақшаны аударатын ұйымдарды анықтайды және кұжаттарды жеткізу (жіберу) әдістерін шешеді. Басқа да қажетті мәліметтер мен банк кодтарын, шифрларын, т.б. алдын ала анықтап біледі. Сонымен қатар, дайындық жұмысына қылмыскердің көздеген тиісті коммерциялық банктердің қызметкерлерімен алдын ала сөз байласып келісулері жатады. Ұрлық қылмыстары құжаттарды белгіленген жерге жіберіп, оның банкке өтуін қадағалау мен есеп бойынша аударылған ұйымнан түскен ақшаны алу жолымен жүзеге асады. Мұндай қылмыстық іс ақша айналымын құрайтын құжаттарды (жалған мәміле, шарт, келісімдер және т.б.) тексеру арқылы ашылады.

Азаматтардың жеке мүлкіне қол сұғушылық кезінде алаяқтар әр түрлі тәсілдерді қолданады: ақшаны жоғары пайызбен қарызға алу және оны қайтармау; сатылатын заттың өзін емес оған ұқсас затты беру; сауда жасағаада, ақшаны айырбастағанда, майдалағанда алдау; алтын бұйымдардын орнына мыстан жасалған бұйымдарды сату; жалған ақша беру; көмек көрсетемін деп ақша алу немесе белгілі бір кызмет көрсетуге тауарларды алу; пал ашу, тәуіпшілік, емшілік жасау арқылы акша алу; тауарларды және басқа да материаддық құндылыктарды алу мақсатында басқа адамның атын иеленіп жалған шарттар жасау нәтижесінде ақша алу; жалған мәмілелер жасау.

Алаяқтық кылмысын жасау тәсілдерінің кеңінен тараған түрлері: алаяқтар бір бума ақшаға ұксас жалған ақшаларды жолға тастап, оны бөлген кезде жәбірленушінің шын ақшаларымен ауыстырып алу, сонымен қатар алаяқтардың бөтеннің мүлкін иелену мақсатымен некеге тұру; атақты әншілердің атынан концерттер қою, өнер туындыларын қолдан жасау және сату сияқты тәсілдері жиі кездеседі.

Жәбірленушілерді алдау, олардың тікелей байланысқа түсулері арқылы жүзеге асыратыдықтан, соңғылары барлық уақытта өздерінің қылмыстық іс-әрекетінің ізін жасыруды ойластырады. Осындай мақсатта картадан ұтылған жәбірленушіге ақшаның жартысын ұтып алуына, жалған құжат жасауына, жалған алиби құрастыруына, шетелге қашуына мүмкіндіктер беріп, сырт көзге занды болып көрінетіндей барлық шараларды қолданады.

Алаяқтық қылмысы қолданылатын тәсілдері мен басқа да жағдайларға байланысты көшеде, жеке пәтерде, дүкен, фирма мекемелерінде жасалады. Алаяқтардың жек

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!