Материалдар / Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру болашаққа апарар жол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Мазмұны :

Аннотация

  1. Кіріспе

Мені қызықтырған...

Тарихтың асыл бетін ақтарсақ.....

  1. Негізгі бөлім

а) Cыр бойында ауыл бар Көксу деген

ә) Көксу ауылының қазіргі келбеті

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер

















Жобаның негізгі мақсаты:


Оқушыларға кіндік қаны тамған жер,өз ауылының тарихы туралы тереңірек білу.

Қазақстандың потриотизмді отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және зерттеу мамандығына деген қызығушылығын арттыру



Жобаның міндеттері:


Ауыл тарихын зерттеу

Өз жерінің тарихын жетік білу

Болашақта өз өлкесінің дамуына үлес қосу



Зерттеп зерделеу:


Ауылымыздың шығу тарихын анықтап,осы күнге дейінгі жағдайын зерттеп,зерделеу.



















Аннотация


Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, көп жылдан астам жазылмай келген ауылымыздың, жеріміздің тарихын, елден шыққан тарихи тұлғалардың өмірін,олардың ел арасына тараған мұраларын жинақтауға арналған.

Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу-Насыр Әл Фараби «тарихты білмей өткенді,қазіргі жағдайды білу,келешекті болжау қиын»–деген екен. Негізгі тарих дегенііз халықтың зердесі. Зердесі жоқ,өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов ағамыздың романындағы мәңгүрттен еш айырмашылығы болмайды.

Сондықтан осы еңбегімізді болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.

Бұл зерттеу жұмысында оқушыларға өз өлкемді танысам, сырын білсем деген құштарлыын арттырып, берері мол болар еді. Отан сүюге тәрбиелейді.

Осындай мақсатпен жұмыс істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында көптеген экспонаттарымен, жаңа тың деректермен толықтырар еді.






















Абстракт


Это исследовательская робота, в течение многих лет, без какого- либо урегулирования, помогла устоновить исторю нашего аула, жизнь исторических деятелей нашего аула, чтобы получить их общее наследие нашего государство.

Известный во всем мире, великий предок Абу Насыр аль – Фараби, «не зная прошлого, трудно предсказать будущее». Человек, который не знает своего прошлого по роману Чингиза Айтматова тот и не знает своего будущего.

Поэтому молодые должны всегда помнить что история народа передается из поколения в поколение.

Ученики, ознакамливаясь с роботой данного исследования, знают, что это было бы полезно, чтобы увеличить стремление к жизни, чтобы воспитать любовь к Отечеству. Блогодаря хорошей роботе школьников можно сделать много нового, для получения новых данных экспонатов.























Abstract


This research work, over many years, without any settlement6 the history of our country, the livesvof historical figures from the country, to gain their arasna common heritage of the country.

Known throughout the world, the world, the great ancestor of Abu Nasr

al-Farabi, “without knowing the past history, current knowledge of the situation,it is diffulct to predict the puture”. What is the history of people’s intellingence. Intellingence, a person who does not know where it came from that Chingiz Aitmatovagamizidin novel is no different mangurtten.

Therefore, anyone in the history of the birth of young ones in the future of this work is to to understand that it is detective.

Olkemedistudents familiar with the work of this study, I knew it would be useful to increase the longing for meaning. To foster a love of the Fatherland.

For this purpose, the school musemum, thanks to the students do a lot of new data toliqtirilar of the exhibitis.




















Кіріспе

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні балам өзі шертеді.

Тарих керек-іргетасы қазақтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

Қадыр Мырза Әлиев

Қазақтың қай ауылына барсаңда ғасырлардың куәсіндей әр жерде қадау-қадау боп қалып қойған саялы бәйтеректерді кездестіреміз.Біздің ауылымыздың да сондай тамыры терең болып жапырағы жайқалған бәйтеректер де бар.Тек солармен сырласып өскен үрім бұтақтар ғана талай сындардан өтіп, адамгершілікпен азаматтықтың бауырмалдық пен достастықтың ұлы мектебінен дәріс алады,дәл солардай еңсесі биіктей түседі.Сөйтеді де, ақырын ғана сылдыр қағып,сандықтың қақпағын ашады,шежіре шомылдырып,тарих қойнауын тоғытып алады.

«Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір бұтағы, қомақты тармағы-халықты,ұрпақты патриотизмге,отаншылдық,елжандылық рухқа елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру» - деп айқын жол көрсеткен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев.

Рухани тұрғыда гүлдену қашанда тіршіліктің барлық саласының өркендеуіне ықпал етеді. Елбасы айтқандай, келешек ұрпағымыздың бойында Жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуміз керек. Әр ата-ана өз отбасында қазақ елінің болашағына адал қызмет ететін, ар-намысы биік, парасатты ұрпақ тәрбиелесе, елдің дамуына қосқан нақты үлесі болмақ. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор.Ар-намысты қорғауға,Отанға тіреу болуға, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу.Ол елжандылық рухын көтеру.Осындай халықшылдық идея,елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып,біздерді белсенді іс-әрекетке тәрбиелейді.

Осы мақсатта туған елінің, өзімнің ауылымның жерімнің қалір қасиетін үғындыру, туған жертүлғаларына деген қүрметтерін арттыру.Зерттеу нәтижесінде тарихы жайлы біраз мағлұматтар жинақтау, Көксу ауылының ата тарихы, әріден басталып келетін, қасиетті мекен. Көксу ауылында небір тарихи тұлғалармен талантты ұл –қыз өрбіткен бұл мекннің тарихы мол.Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдары мен бірен саранды жазбаларда ғана кездеседі.Өзі мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастарды көбі біле бермейді. Бүгінгі таңда нарықтық қыспағына ұшырап ауылдар елді мекендерін, кіндік кескен туған жерін тастап,жұмыс іздеп қалаларды сағалап көшіп кетуде.Қазірден бастап мен сияқты жастардың санасына «Туған жер»деген ұғымды тереңірек сіңірсе келешекте біз сияқты жастардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасуына уақтылы үлес қосамыз.


































Негізгі бөлім

«Рухани жаңғырудың» негізінде жүзеге асырылып жатқан айрықша маңызды жобалардың бірі – «Туған жер».

Латын әліпбиіне көшу – елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

Туған жерге туыңды тік деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен туындайды. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен тасы, өзені мен көлі тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Көне замандағы көрікті қалалары мен сән салтанаты жарасқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз осыған бұлтартпас айғақ болып табылады,

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Көксу ауылынан басталады. Туған елі үшін жан беретін азаматтар да аз емес. Туған елім кең байтақ, өте керемет жер. Осындай әдемі, көркіне көз тоймайтын жерді қалай мақтаныш етпеске. Мен туған елімді өркендету үшін жақсы білім алып, келешекте өз ауылыма пайдамды тигізгім келеді.

Мені қызықтырған ауылымның тарихы.

Мен Көксу ауылында туып өстім. Осы ауылдағы Саттар Ерубаев атындағы жалпы орта мектептің 9-сыныбында оқимын. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білу керек деп ойлаймын. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым.

Ауыл-ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән ербеткенисазгер, қызыл тілді шешен,ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл-сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін барша халықтың шежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйігі, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймын. Керемет ақын Мұқағали Мақатаев:

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,

Бұдан артық рахат табылмайды.-деп

туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады.

Міне осындай туған жерге деген менің балалық ауылым жайлы тереңірек білуге баулыды.

Тарихи деректерге сүйенсек, біздің ауылдың іргетасы 1937 жылы қаланған. Осы жылы Сырыдң төменгі жағындағы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданына қарасты Көксу, Қаракөл қой шаруашылығының №1- фермасының 11 отар қоғамдық малы түгелдей жаңадан бой көтерген осы шаруашылыққа көшіріліп, ауыл сол жердегі кеңшар атымен Көксу деп аталды. Сонан бері бұл ауылыдың өсіп-өркендеуі үшін барша азаматтар өзіндік үлестерін қосты.

Көксу кеңшарының алғашқы директоры Жәкен Берішев 1937-1946 жылдары қызмет атқарды.1946-1947 жылдары Ережеп Қамырбаев,1947-1948 жылдары Федор Познеев, 1948-1955жылдары Әбдіуахап Нұрымов,1956-1958 жылдары Зұлпыхар Тілегенов, 1959-1982 жылдары Мәулен Қалмырзаев, 1982-1985 жылдары Сатыпалды Бектаев,1986-1997 жылдары Ержан Оразалиев кеңшарға басшылық жасады.Өткенге көз жібертсек 1960-80-жылдар аралығы Көксу кеңшарының «тасы ерте домалаған, табысы тасқындаған» кезеңдер екеніне көз жеткіземіз. Бұл уақыттарда кеңшарға еңселі елге мәлім Мәулен Халмурзаев басшылық еткен болатын. Шежіре деректерінің көздеріне қарағанда қарағанда сыр бойын игеру сонау Ресей патшалығы дәуірінен басталған. Орта Азия мен Қаазқстан аймағының ауа райы мақта шаруашылығын дамытуға өте қолайлы болғандықтан, бұл атырапқа елді қоныстандыру өткен ғасырдың басында-ақ қолға алған. Бірақ, отарлау саясатының сайқыммазағының салдарынан жергілікті халықтың ой-пікірімен, салт-дәстүрімен санаспаған патшалық Ресей елді мекендерді орысша «хутор» деп атаған. Ал, қазекем жарықтық «хутор» деп айтуды да қиынсынып «қотыр» дей салған. Сонымен №1 «қотыр» қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Қоссейіт елді мекенінде, Сейіт төбе (Шейіт төбе) деген жерде орналасқан.

Біз сөз еткелі отырған ауыл- кешегі бір олағайда бұлағай замандарда босып келеген сан ұлттың өкілін жатсынбай өз баласындай бауырына тартқан, тарысында, талқанында бала-шағасының аузынан жырып беріп, еңсесін көтеріп, ел болып кетуіне септігін тигізген, жетпіс бес жылдық тарихы бар, кіндік қаны осы топыраққа тамып, бүгінде әлемнің әр түпкірінде жүрен өскен жерім деп еміренген, туған елім деп тебіренген текті ұл-қыздарының алға басқан қасиетті қадамына марқайып жатқан мамыражай өлке- көркем Көксу, келбетті Көксу, керім Көксу-яғни, №2 «хутор» «Өзен жағалағанның өзегі талмас» дегендей бір басын Тянь-Шань, Қырғыз Алатауынан Қарадарияға Нарындария деген атаумен алып, Ферғана аймағынан шығатын Қарадарияға қосылып, Мәуреханнр даласын қақ жарып, Қарт Аралға бір-ақ құлайтын, ерке Сырдың орта сағасына «Көксу» савхозы болып құрылған ауылдың өмір жолдарына көз жіберейік, бір сәт. Кеңес өкіметі өз-өзіне келіп шаруашылық құрып бастағанша да бұл аймақта отырықшы халық өз тіршілігін жасай берген. Балапан басымен, тұрымтай тұсымен болған, 1931-32 жылдардағы ашаршылықта (кей шежірелерде «үркіншілік» деп те атайды) туған жерден безіп қаңғыған халық Өзбекстан, Тәжікстан асып кеттіғой. Бірақ, барып қоныстанған жерлерінде босып келегн жұрттың өкімет адамдарының алдында абыройын арттырған жарықтық, төрт түліктің басы Ойсылқара болыпты. Астық піскен кезде бидайды қырманға жеткізуде түйе жануар ерекше рөл атқарған. Соның арқасында аршып-ашып барған ел тойыншылыққа жетіп, еңсесі көтерілген. Түйелер қазіргі кездегі автобазаның техникасының қызметін атқарған. Жұрт оларды «түйекеш» деп атаған. 1949-1950 жылдарда өз-өзіне келген халық бірте-бірте ата жұртқа орала бастайды. Міне, осы кезде бірнеше отбасы Көксуға келіп тұрақтап қалды. Қиындықта да, қызықшылықтада қасыңда ақыл айтып, жол көрсетер ақылшы ағалардың болғаны қандай абзал! Жұмыс қолы жетпей жатқан шаруашылыққа бұл орайы келген тірлік болып шыға келді. Қайда да болсын көрегенділігімен елеге иелік қылып отырған Кенжебаев Жақып, Әуелбек ақсақалдар туған жерге оралған халықты шаруашылықтың көлемі ұлғая бастаған соң 1941 жылдың аяғы 1942 жылдың бас жағында Сыр өңіріне ақырындап жан ене бастайды. Мал саны артып, жайылымдық, шабындық жер жайғастыру керек болды. Құмда ең бірінші мәселе- су мәселесі. Жайылымға әңгіме жоқ, алайда мал қалай су ішеді, адамдар қалай тіршілік жасайды? Осындай тығырыққа тірелген жағдайда совхоз директоры Қамырбаев Ережеп Кенжебаев Әуелбек атаны ферма меңгерушілігінен босатып, Қызылқұмға құдықшылар бригадирі етіп тағайындады. Құмдаға құдықтың барлығын құдықшылар қазып бара жатып қандым ағашпен шегендеп отырады. Тапсырманың мәнін терең түсінген Әуелбек ақсақал үйіне келген соң, екі қорап күкірттің талын жинап алып құдық шегендеу жоспарын құрыпты. Бұрын-соңды істемеген кәсібі болса да, өзінің көргенділігінің, пайымдылығының арқасында түнімен отырып, таң ата бере қалай шегендеудің жобасын жасып шығарған екен. Ертесіне әй-шәйға қарамай отбасыммен, жұмысшылармен Қызылқұмның қойнауына тартып беріпті. Бұл шамамен 1949-1950 жылдардың кезі болса керек. Міне, халықтың Қызылқұмға кеңінен қоныстану тарихы осындай басталады. Үкіметтің нұсқауымен құрылған шаруашылықтың атауы қалай болады дегенде, малшылардың ішінді Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданынан келгендер басым болып, көпшілік бір ауыздан совхоздың атын «Көксу» деп қояды. Өйткені, Қызылорданың теріскей бетінді, Тереңөзек ауданының щығыс жағында Көксу деген атақты көкорай шалғын жер бар екен. Ел тізгінін ұстаған қай азамат болсада, халық үшін қандайда бір жақсылық істесем, азамат атыма Савхоз 1997 ж толық жекешелендірді.

1998 жылы тамыз Көксу ауылы мен Сырдария ауылы біріктіріліп, Көксу ауылдық округі болып құрылды. Көксу кеңшарының партия комитетінің хатшылары болып С.Еркебаев, Ә.Байтөреев, Ә.Сыздықов, С.Батыршаев, Ш.Жарияқұлов қызмет етті.Көксу ауылдық кеңесінің атқару комитетінің төрағасы болып Ж.Белкешов, А.Қауымбаев, С.Асылбеков қызмет атқарды.

Көксу ауылында орналасқан С.Ерубаев атындағы білім ордасының іргетасы 1938 жылы қаланды. Алдымен бастауыш мектеп,1941 жылы жеті жылдық мектеп,1963жылы сегіз жылдық,1976жылдан бері орта мектепке айналған. С.Өтегенов, Қ.Құрмашов, А.Көшкенова, А.Патшаев, Қ.Баянбаев, Т.Айнақбаев, С.Асылбеков, А.Әлсейітов, С.Мүтәлиев, Т.Әметов, М.Әшімбеков, Қ.Жұртбаев сынды азаматар басқарған мектепке бүгінгі таңда Б.Қарсақбай директорлық жасап келеді.Бір дәрігерлік емхана, бір балабақша салынған.Сексен жылдық тарихы бар ауылдың шежіресі де таусылар емес.Ауылымыз қалалық жерден алшақ болғанымен ауылымыздағы тіршілік үзілмеуде. Ауылымызда 1966жылы қазылған 500-600 метрлік өздігінен ағатын ауыз су орталықтандырылған 2013-2014жылға дейін өте жоғары температурада болатын оның құрамында химиялық темір көп, кір жуғанда ірімейді. Қазіргі таңда осы жылы су арқылы омега су қондырғысы орнатылған. Халыққа тұщы су ретінде қолданылып,жылдан жылға көркейіп жақсарып келеді.














Қорытынды


Елбасымыздың ұтымды қағидасы халқына деген үндеу өсиеті. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуіне көшбасшымыз болашақ мына біз жастарға дара жол көрсетті. Соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт-бағдар берді. Тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, оны көзіміздің қарашығындай қорғау баршамыздың борышымыз. Ұлттық санамызға саяси сілкініс жасап, өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың қандай болғандығын, ұлан-байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, кешегі көшпелілердің ұрпағы екенімізді ұғынып, келешекке жол бастау – парымыз. Бұл парызды ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғастыру келешек ұрпақтың еншісінде.

Мемлекет басшысы «Мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз» туралы өз көзқарастарын ортаға салды.

Тәрбиелік тәлімі терең бұл көзқарастар әрбір қазақстандықтың, әсіресе, қазақтың рухани жаңғыруының басты бағдаршамы болуы тиіс.

«Ел жаңарды, жер жасарды, дәуір өзгерді. Бұл әрбір азамат туған елімнің туған халқымның тарихы ешкімненде олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарихы қойнауына ойша тереідеу арқылы өзінің ата-бабалары арқылы қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагергі болуға ұмтылсын деген сөз». Н.Назарбаев.






















Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Н.Назарбаевтың жолдауы «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» жолдауы . Астана, 2017ж

2.«Шежірелі Шардара» 275бет



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!