Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Рухани жаңғыру өзімізден басталады"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Рухани жаңғыру өзімізден басталады»
Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің,ұжымның бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді.
«Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» -деп Абылай хан айтқандай Елбасымыздың болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында ісімізден санамыз озып жүру керектігі тайға таңба басқандай анық айтылған.
Біздің ендігі мақсатымыз тарихи ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңарып жатқан жаңа дүниенің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, дамыған 30 елдің қатарына ену деп білеміз.
Осы орайда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, яғни Жолдауды жүзеге асыру мақсатында мектебімізде пән мұғалімдері, ата-аналар, оқушылармен көптеген іс-шаралар өткізді. Атап айтсақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттап, «Рухани жаңғыру» жобасы аясында мектебімізде 1-11- сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Оған ата-аналар, бекітілген пән мұғалімдері сабақтас бола отырып, көптеген ақпараттармен танысып шықты. Онда еліміздің болашаққа бағытталған 12 минуттық бейнеролигі көрсетілді.Бұл бейнероликте адами құндылықтан, адамның рухани байлығы, даму шарқы жаңа замандағы еліміздің өсу деңгейі,барлық процесс көрсетілді.
Сонымен қатар,алғашқы мектеп оқушыларының жиынында тарих пәнінің мұғалімі А.Ж. Жетенова «Рухани жаңғыру» тақырыбында тарихшы ретінде қосымша ақпарат берді.
Мектебімізде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» негізін басшылыққа ала отырып, стенд жасалып, ілінді.Оған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында мектептің жылдық жоспары құрылып,бекітіліп, салынды.Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында жүргізілген жұмыстарға арнайы папка жасақталды.
Ашық тәрбие сағаттарының өткізілгендігі туралы ақпарат пен фото дәлелдемелері, жұмыс бағыттары стендке салынса, қарттар күніне орай іс-шара жоспары бойынша жұмыстар жүзеге асырылды. Атап айтсақ, мектеп психологы А.С. Есенова «Қарттарды ардақтайық» атты дөңгелек үстел, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты ардагер ұстаздар мен жас мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Класс жетекшілер «Қарттар – біздің асыл қазынамыз!» атты тәрбие сағаттары, технология пәнінің мұғалімі « Менің әжем», «Менің атам» атты тақырыпта фотоконкурс ұйымдастырып, оқушыларды мақтау қағаздарымен мараппаттады.
Мектебіміздің оқушылары 19 қазан құтқарушылар күніне орай «Қыл қалам үйірмесі» бойынша: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасы аясындағы Ақтөбе облысының көркемсурет бөлімдері мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Болашақ ұрпаққа мәдени мұраны сақтау» атты облыстық балалар шығармашылық байқауында көрсеткен жоғары нәтижелері үшін бейнелеу өнері номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Толеуова Самира жүлделі 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. 2020 жылғы қазан айында қашықтықтан өткізілген республикалық «DARYN ECOART» сурет және қолөнер бұйымдарының экологиялық байқауының облыстық кезеңіне қатысып, шығармашылық қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін 3-сынып оқушысы Сәрсенова Іңкәр жүлделі I дәрежелі дипломмен марапатталып, жұмысы Республикалық кезеңге жіберілді. Жетекшісі Жұбаев А.Ш.
Қашықтықтан өткізілген республикалық «DARYN ECOARТ» сурет және қолөнер бұйымының экологиялық байқауының облыстық кезеңіне қатысып,шығармашылық қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін жүлделі 1 орынды Сарсенова Іңкәр иеленді.
«Жастық жігер» мектептен тыс аула клубының ұйымдастыруымен «Арайлы алтын күз» көркемсурет байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Олар: Беркалы Меруерт 2 орын, Әбішева Айгерім 2 орын, Аманғос Данияр 3 орын 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген Республикалық «Әбіш оқуларының» аудандық кезеңіне қатысып, сахналық қойылым номинациясы бойынша А.Байтұрсынов орта мектебінің құрама топ оқушылары ақынның мәдени мұраларына деген сүйіспеншілігін жоғары деңгейде көрсете білгені үшін II орынды иеленді.Жетекшісі-Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Ещанова М.Н.
Республикалық «Ақберен» байқауының аудандық кезеңіне қатысып, қазақ халқының рухани мұраларына деген сүйіспеншілігін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін 10 сынып оқушысы-Жанаберген Қарақат жүлделі II орынды иеленді. Жетекшісі- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Ещанова М.Н.
I Республикалық «Шабыт» фестивалінде «Ұлттық аспапта ойнау өнері» бойынша жүлделі II орын,
Сонымен қатар, 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Ақберен» байқауының аудандық кезеңіне қатысып, қазақ халқының рухани мұраларына деген сүйіспеншілігін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы қазақтың домбрасында ойнау шеберлігімен көзге түсіп, жүлделі III орынды иеленді. Жетекшісі-Жамбаева Рабиға апай.
16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күнінен орай Кенесов Болысбай Ақмолдаұлын еске алуға арналған Бадамша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің облыстық ашық турнирінде 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы 33-38 кг.салмақ дәрежесінде III орынды жеңіп алғаны үшін 5,6,8-сынып оқушылары Қаршыға Бекарыс, Аманғосов Досболат, Тағаниязов Расул марапатталды.
Тайбөкеновты еске алуға арналған облыстық бокстан ашық турнирінде III орынды жеңіп алғаны үшін, А.И.Липенко атындағы облыстық бокстан ашық турнирінде II орынды жеңіп алғаны үшін 9-сынып оқушысы Ықлас Арнұр марапатталды. «Бокс» секциясының бапкері-Амиров Аққали Айтқалиұлы.
Ақтөбе қаласы, Алға ауданы №3 Алға қазақ орта мектебінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына арналған 5,6 класс жасөспірімдері арасында волейболдан аудандық турнирінде А.Байтұрсынов орта мектебінің командасы жүлделі III орынды қанжығасына байлады. «Волейбол» үйірмесінің жетекшісі-Ертазин Райымбек Сыдыкович.
Есетова Лаззат Дүйсенқызының өзін-өзі тану пәнінен интеграцияланған үздік сабақ жоспары» сырттай түрдегі облыстық байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Тарих пәнінің мұғалімі Жетенова А.Ж. «Жаңартылған білім беру мазмұны-ұстаз келбетінің жаңғыру айнасы» тақырыбында облыстық шығармашылық байқауында 1-дәрежелі дипломмен мараппаталды.
Қорытындылай келе, ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес – жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білеміз.Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары көрініс тапқан.Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып,жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету деп білеміз.
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп тәрбие ісінің орынбасары Г. Турлыбаева