Материалдар / Рухани жаңғыру-таным көкжиегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани жаңғыру-таным көкжиегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының "Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы негізінде атқарылған жұмыстар жүргізудің тиімділігі. Атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар, олардың нәтижесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
559
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рухани жаңғыру- тәрбиенің көкжиегі.

Тәуелсіз еліміздің кемеңгер басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласы шынымен де тарихы мен мәдениеті тереңде жатқан ұлттық құндылықтарға бай халқымыз үшін айнымас жол, адастырмас бағыт. Бұл бастама халқымызды ХХІ ғасыр биігіне көтерер ұлы бастама дер едім. Рухани жаңғыру арқылы ғана біз өткенімізді танып, келешегімізді кемел ете аламыз.

Қазіргі кезеңде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаңа буын жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім,құндылықтарды сонымен қатар тек қазақ халқына тән ерекше қасиеттерді дарытып өсіру үшін білім беру ұйымдарындағы тәрбие саласындағы басты маңызды бағытқа, таптырмас тәсілге айналды. Әсіресе, бағдарламадағы «Тәрбие және білім» саласы бойынша мәнді, мағыналы іс-шаралар жасалынып, игі істер игі бастамаларға жетелеуде.

Жаңа замандағы тәрбие жұмысының басты мақсаты жас ұрпаққа рухани патриоттық тәрбие беру болса, оның бойына туған кезінен бастап-ақ елімізге тән құнды қасиеттерді дарыту-рухани жаңғыру. Ұлттық намыс, мінез-құлық,тектілік, отансүйгіштік т.б. құнды қасиеттерді отбасында және мектепте жүзеге асыру маңызды рөл атқарады. Осы бағытта мектебімізде тек оқушылармен ғана емес ата-аналармен, ауыл жұртшылығымен, жастарымен де ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда. Ауыл жастарымен бірлесе отырып туған жерге тағзым ету мақсатында ауыл маңына ауыл атауы жазылған белгі орнатылды.

«Туған жер» бағдарламасы негізінде туған жерге сүйіспеншілігін арттыру үшін туған жер тарихын зерттеу, зерделеу жұмыстары кеңінен орындалып, аудандық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған байқауларда жүлдеге ие болып, жетістіктерге де жетіп жүрміз.

Сол сияқты, мектебімізде ұлттық құндылықтар, ұмыт болған салт-дәстүрлерімізді насихаттау, қайта жаңғырту мақсатында «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат», «Салт-дәстүр-асыл қазынам»т.б. тақырыптарында ата-аналармен бірлескен көрмелер ұйымдастырылып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп тұрады. Көрмеге киіз үй, торсық, үйтұмар,шашбау,сәукеле сынды ұлттық болмысымызды танытатын бұйымдарымыз жасалынып қойылды. Сонымен қатар «Тана тағу», «Қамшы қайтару», Саятшылық сынды дәстүрлерімізден көріністер қойылып кеңінен насихатталды. Осы орайда ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұлықтау мақсатында жүргізілген аудандық байқауларда да жүлдеге ие болып жүрміз.


Құрақ құрау, кесте тігу, қамшы өру сынды ұлттық қолөнерімізді дәріптеу мақсатында да түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Осы мақсатта ұйымдастырылған ауқымды шаралардың бірі ауыл әжелерімен, аналарымыздың қатысуымен өткен «Ұршық иіру» эстафетасы. Эстафета негізінде арнайы бейнеролик түсіріліп аудан мектептеріне жолданды.

Аядай ғана мектебімізде осындай үлгі-өнегеге, тағылымға толы іс-шаралардың атқарылуы әр қазақтың рухани жаңғыруды өзінен, отбасындағы тәрбиесінен бастау керек екендігінің айқын көрінісі. Рухани жаңғыру өзіңді,ұлттық болмысыңды, қасиетіңді тану арқылы келешекті еңсеру, жаңа заман ағымына сай қалыптасқан тұлға болу. Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ, «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан». Ертеңгі күні өмірден өз орнын тауып, дарынды, заманға сай тұлға болар шәкірттеріміз көп болсын. Жас ұрпақты саналы, білімді, білікті, іскер қып қалыптастырудағы ісіміз нәтижелі, жемісті болсын деп тілеймін.

Әйтеке би ауданы Қыналы НОББМ дирекьторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Отарбаева Жансая Айтугановна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!