Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"РУХАНИ ЖАНҒЫРУ"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қимылды ойындар 2-3 жасқа арналған
Қыркүйек
1-3апта «Құстар мен автомобиль»
Мақсаты: қимыл-қозғалыс қабілеттерін арттыру,балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын , жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты: Бұл ойынға топ балалары бәрі тегіс қатыса алады. «Құстар ұшып келе жатыр» деген де балалар ұшып барада да жем жейді.Бір кезде автомобиль келеді де сигнал береді .Құстар үйлеріне ұшып кетеді. Ойын 3-4 рет қайталанады.
2-4 апта «Тышқан мен мысық»
Мақсаты: қимыл-қозғалыс қабілеттерін арттыру,балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын , жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты: Бұл ойынға топ балалары бәрі тегіс қатыса алады.Балаларды \қақпа қалың\ дөңгелене тұрғызып, ортаға тәрбиеші көмегімен тышқан мен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін , қақпадан тышқанды шығарып жіберіп мысықты шығармауға тырысады.Мсысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса, ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.Ойын 3-4 рет қайталанады.
Қазан
1-2 апта «Торғайлар мен мысық»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын , жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты:жерді шеңбермен белгілеу керек\5-6м.диаметрмен\.Ортада тәрбиешімен тағайындалған бала жүреді ол мысық.Қалған балалар шеңбердің сыртында –олар торғайлар.Мысық ұйықтап қалады.Торғайлар шеңбердің ішіне дән жеуге кіреді.Мысық оянып кетеді де, торғайларды көріп, оларды ұстай бастайды.Торғайлар шеңберден шығуға асығады.Шеңбердің ішінен мысыққа ұсталған торғайлар,шеңбердің ортасында қалады.Мысық 2-3 торғайды ұстаған соң, тәрбиеші жаңа мысықты таңдайды.Ұсталған торғайлар басқа ойынаушыларға қосылады.Ойын 4-5 рет қайталанады.
2-4 апта «Сылдырмақпен сылдырлат»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын , жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты: 5-6 балалар аланның бір жағында сызықтың ар жағында тұрады.Қарама-қарсы жақта орындықтарда бір-бірінен арақашықтығы бірдей болып сылдырмақтар \бала-ң санына сай \ жатады. «1-2-3, жүгіріңдер» - деген белгі бойынша балалар сылдырмақтарға қарай жүгіреді, жоғарыға көтереді де сылдырлатады..Бірінші жетіп, сылдырлатқан бала жеңіске жетеді.Ұсыныс:ойынды қиындатуға болады: кедергілерден секіртіп \ жіптен, текшелерден , шеңберденөту, т.б.\ Ойын 3-4 рет қайталанады.
Қараша
1-3апта «Аюдың апанында »
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын , жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты:бір жақта аюдың апаны болады.екінші жақта балалар тұратын үй болады.Тәрбиеші аюды балалардың ішінен біреуін тағайындайды.Тәрбиеші «Балалар қыдырып келіңдер», - дегенде балалар үйлерінен шығып , саңырауқұлаұ теріп , көбелекұстап , орман қыдырады\еңкееді, түзеледі, басқа қозғалыс жасайды.\.Олар дауыстап айтады:-Біз аюдың қасында Жеміс-жидек тереміз , Аю ұйықтамайды, Аю ырылдайды. «Ырылдайды », - деген сөзден кейін аю үйлеріне қашып бара жатқан балаларды ұстай бастайды.Аюдың қолы тиген балалар аюдың апанында қалады.Бірнеше рет ұсталғаннан кейін аюдың рөліне басқа бала тағайындалады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
2-4апта «Қояндар мен қасқыр »
Мақсаты: балаларды алғырлыққа, қырағылыққа, татулыққа тәрбиелеу.Ептілік қасиеттерін арттыру.Десаулықтарын шынықтыру.
Шарты: Бір бала қасқыр болады қалған балалар қояндар болады.Қояндар өзі үйлерінде тығылып жатады, ал қасқыр өзінің апанында жатады.Тәрбиеші :- Секеңдеңдер қояндар , Жүгіріңдер жортыңдар –деген кезде қояндар үйлерінен шығып секеңдеп ойнайды..Осы кезде қасқыр апанынан шығып қояндарды қуа жөнеледі.Ұстап алған қояндарды апанына апарады. үйлерінен шығып секеңдеп ойнайды.Ойын 2-3 рет қайталанады.
Желтоқсан
1-3апта «Қаздар мен түлкі »
Мақсаты: балаларды алғырлыққа, қырағылыққа, татулыққа тәрбиелеу.Ептілік қасиеттерін арттыру.Десаулықтарын шынықтыру.
Шарты: Қаздар алаңның бір жағында жүреді . Ал алаңның 2-ші жағында балалар орындықта отырады.алаңға қарама-қарсы жақта түлкінің үйі орналасқан .Қаздар жәйіліп қанаттарын қағып жүреді, тәрбиешінің белгісімен түлкі келді деген кезде қаздар ұша жөнеледі, үйлеріне барып қонады.Түлкі қаздарды қуа жөнеледі , үйлеріне барып қонады.Түлкі қаздарды , қуа жөнеледі , ұстаған қаздарды ініне апарады.Ойын 3-4 рет қайталанады.
2-4апта «Допты қуып жет»
Мақсаты: балаларды шыдамды , сабырлы қалыпта ,ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын , жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты: Бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып, балалардың алдына домалатып жібереді. «Допты қуып жет деген белгі бойынша балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек.К\құралдар: түрлі түсті доптар»Ойын 3-4 рет қайталанады.
Қаңтар
1-3апта «Өзіңе жұпты тап»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын , жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты:Тәрбиеші ойнаушыларға негізгі түстен бір-бір жалаудан таратады.Даңғыраның белгісімен , шапалақпен – жалауын көтеріп алаңда жүгіреді.Келесі бегімен –даңғыраны бірнеше ұрғылаумен , шапалақпен, «Өзіңе жұп тап»- деген сөзбен , түстері бірдей жалаулары бар балалар жұп құрады.Ойын 3-4 рет қайталанады.
2-4 апта «Допты тастаңыз»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, мәтіннің сөзіне сай бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын , жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты: Тәрбиеші ойнаушыларға негізгі түстен бір-бір доптан таратады. Балалар доптардың артынан жүгіреді де ұстауға тырысады.
Ойын 3-4 рет қайталанады.
Ақпан
1-3апта «Аттар»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, мәтіннің сөзіне сай бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын , жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты:балалар 2 бірдей топқа бөлінеді.Біреулері – аттар болады, басқалары – шабарман болады.\Шабарманның қолында - ауыздық\.Аланның басқа жағында – аттар жайылатын жерде , бұнда аттар тұрады, басқа жағында шабармандар.Тәрбиеші «Шабармандар, тұрыңдар,тезірек аттарыңды дайындандар! » - дегенде шабармандараттан түсіп, аттарды жайылымға жіберіп, өздерінің орындарына барады. «Шабармандар , аттарныды ұстандар », - дегенде әрқайсысы өздерінің аттарын ұстайды. «Аттарынды ат қораға апарыңдар », - дегенде апарады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
2-4 апта «Жолмен \жалғыз аяқ жолмен \ ойыны»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын , жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты:тәрбиеші балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады\ аралығы20-30см. Екі қатарсызық\.Бұдан кейін балаларға , сызықтан шықпастан , осы жол бойымен қыдыруды ұсынады.Балалар бірінің
артынан біррі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Науырыз
1-3апта «Жалаушаны әкел \таяқ арқылы аттап өту\ ойыны»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын , жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты:балаларға жалаушаны көрсетеді онымен ойнауды ұсынады.Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратының айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды.Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп,мршпен жүріп өтуді ұсынады. Ойын 3-4 рет
2-4 апта «Күн мен жаңбыр»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын , жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты: балаалрдың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да
« терезеге» \орындықтың арқасындағы тесікке \ қарайды.Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді.Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр ! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп бәрі өз орындарын қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артана отырады.Ойын 3-4 рет қайталанады
қайталанады.