Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Рухани жанғыру Ұлттық өрлеудің ұлы күші
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ш.Бектасов атындағы ЖОМ КММ
Жоғары санатты тарих пәні мұғалімі
Қонарбаева Үрзада Тәшімқызы
Кездесу сабағы
10.11.2017 ж.
Қатысқандар: ұлағатты зейнеткер-ұстаз Шыназбекова Хадиша апай(Шыназбек Бектасовтың келіні), мектеп директоры Қойжигитова Қ.,ДТІЖО- Амирова Қ., ,мектеп мұғалімдері, 11-сынып оқушылары
Тақырыбы: Рухани жаңғыру – ұлттық өрлеудің ұлы күші
Мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебіміз атымен аталатын Шыназбек Бектасов жөнінде,ауыл өңірінде мектептің ашылуы жайлы мағлұматтар беріп,ата-баба дәстүрін жалғастырып ұрпақ сабақтастығын оқушылардың бойына дарыту.
Пайдаланылған құрал-жабдықтар: мектептің суреттері,Ш.Бектасов жайлы материалдар және мектебіміздегі(құрылысы ескірген ғимарат ішіндегі) іс-шаралар бейнеленген слайдтар,т.б.
Сабақ барысы:
І Бөлім: Кіріспе
Сабақты ашу,мақсатын түсіндіру
ІІ Негізгі бөлім
1.Өзім оқитын мектебім
2.Шыназбек Бектасовтың өмір деректері (слайдтар арқылы көрсетіледі)
ІІ Бөлім: Қорытынды
1.Келген қонақтарға сөз беру,әңгіме,сұрақтар
2.Кері байланыс жасау
Мұғалім: «Адам – керуен,өмір-жол,ешкімге жат із емес, Жолмен көшкен керуеннің,алды-арты біз емес»,- деп ақын Сәкен Сейфуллин жырлағандай осы керуен жолымен келе жатқан адамға ата-анадан кейінгі қымбат адам – мұғалім.Үйдің тірегі мөлдір бұлақтай ата-ана болса,сол бұлақтың жағасындағы құрағы - ұл мен қыз.Құрақтай құлпырған балаға нәр беретін – ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынов айтқан «Мектептің жаны – мұғалім».
Сондықтан да біз бүгінгі сабағымызды саналы азамат ретінде өзіміз оқып, білім нәрімен сусындап отырған мектебімізге есімі берілген Шыназбек Бектасов сынды тұлғалы азамат жөнінде,оның ғибрат алар өмір деректеріне тоқталуды жөн көрдім. Деседе оған себеп болған, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы. Онда-тағлымы мол тарихымызды зерделеуге,төлтума мәдениетімізді қолдауға қатысты нақты міндеттерді айқындап берді.Біз санамызды жаңғырту үшін халқымыздың бай мұрасын дәріптеп, өткеннен сабақ алып ата-баба дәстүрімен ұрпақ сабақтастығын жалғауымыз керек. Жалпы рухани жаңғыру жөнінде оқушылардың пікірін тыңдасақ:
1-оқушы: – Ораз Аружан: -Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы қазақ халқының Жаһандану дәуірінде ұлттық рухани дағдарыстан сақтандырады. Елбасы өз сөзінде: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде.Әлем бағыты әлі бұлыңғыр,жаңа тарихи кезең басталды»-дейді.Әлем өзгеріп бара жатқаны соншалық,кешегі құндылықтар бүгінде жоғалып бара жатыр.Ал, біздің әлемде теңдесі жоқ руханиятымыз не себепті әлсіреді дегенге жауапты осы мақаладан табамыз. «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодын сақтай білу» Ұлттық код дегеніміз-ұлтымыздың ғасырлар бойы жинаған рухани құндылықтары.
2-оқушы: - Әбдіразақ Сабира: - Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық.
3-оқушы: Қалдыбай Марал: - Егер қазақстандықтар жер жүзін үйден шықпай, терезеден телміріп баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды.
4- оқушы: Сәрсенбай Ералы: - Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып қалған қағида емес.Ол үнемі өзгеріп отыратын тірі ағза іспетті.Ол өмір сүру үшін заман талабына сай болу қажет.
5-оқушы: Ділдабек Аружан: - Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады.
6-оқушы: Мақсымқан Роза - Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса,ол адасуға бастайды.
7-оқушы: Жеңіс Жәудір – Елбасы Жолдауында «Бәсекелестік қабілет» атты тақырыпты көтерді.Адамдар арасындағы бәсекелестік емес,ұлт арасында бәсекелестік болса ғана ел өркендейді. Компьютерді және басқа да шеттілдерін жетік меңгеруіміз керек.Соның нәтижесінде елімізде «Үш тілде білім беру», «Цифрлы Қазақстан» секілді бағдарламалар жүзеге асырылуда.
8-оқушы: Ораз Тоты --«Қазақстандағы 100 жаңа есім» - жобасы Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобаның басты мақсаты-Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныстыру. Басты критерий –Тәуелсіз Қазақстанның көркеюіне қосқан үлесті көрсету.
Мұғалім: - Сабағымыздың ІІ негізгі бөліміне өтеміз.Біз өзіміз оқып,білім нәрімен сусындап отырған мектебіміз жайында тоқталамыз.Біздің мектебіміз Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жамбыл ауыл әкімшілігіне қарасты «Тегістік» ауылында 1988 жылы ашылып,оған кеңес дәуірі тұсындағы «Бүкілодақтық Лениндік Жастар Одағының 70 жылдығы» атауы берілген екен.(ескі мектеп ғимаратының суреттері слайдта көрсетіледі) Мектепті ашуға негізгі ұйытқы болып,демеу жасаған ауыл тұрғындары еді. Енді сөз кезегін оқушылардың дайындаған материалдарына береміз.
1-оқушы: Сәрсенбай Ералы: - Біздің мектебіміз алғашқыда 8-жылдық мекеп болып 1988жылы ашылды.Оның алғашқы директоры Жамединов Сазан ағай, орынбасары Абаев Ерсін ағай болса,алғашқы мұғалімдері-Оңғаров Жанзақ,Қантөреев Шірінбек, Қарамендиева Ханзада,Абдиева Тасбике,Маханбетова Ырысқал,Бектасов Шоқан т.б.ұстаздар болған. Бұл мектепте 1989 жылдан 2007 жыл аралығында Абаев Ерсін ағай директор қызметін атқарса, 2007-2014 жылдары Арынов Сапар ағай, ал 2014жылдан бері Қойжигитова Қ. апайымыз директорлық қызметін атқарып келеді. Аталған «БЛКЖО-ның 70 жылдығы» мектебіне еліміз тәуелсіздік алған тұста 1993 жылы ауыл азаматы, бар ғұмырын ауыл балаларының сауатын ашуға арнаған 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағы алғашқы сауат ашу ісінің бастамашыларының бірі – Шыназбек Бектасовтың есімі берілді. Енді құрбымыз Жеңіс Жәудір Шыназбек Бектасов жайында мағлұматтар береді.
2-оқушы:Жеңіс Жәудір (слайдта Ш.Бектасов жайлы деректер, құжаттары,суреттері көрсетіледі)
Шыназбек Бектасов өзіндік ғибраты мол азамат болды.1904 жылы Иіржар болысы №8 «Қызыл тоғай»ауылында дүниеге келген.20 ғасырдың бірінші ширегінде жаңа заман орнап,сауаттандыру ісі қолға алынған шақта ауыл балаларын мектепте білім алуға шақырды.Өз қызметін 1929 жылы ауыл мұғалімі болып бастағанын мына құжаттардан көреміз(слайдта көрсетіледі).
1930жылы Шымкент қаласында мұғалімдердің 5 айлық курсын оқып, сауатын жетілдіріп,осы жылдың тамыз айында Тегістік бөлімшесінде, кейін 1935 жылы «Қызыл тоғай» бастауыш мектебінде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1938-1940 жылдары Шымкент пединститутын аяқтап,1941 жылы Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры болады. 1942 жылы Қызыл Армия қатарында болған. 1943 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы 1948 жылы Жамбыл 7 жылдық мектебінің директоры болды. Елге жасаған жақсылық еленбей қалмайды деп бекер айтылмаған Ш. Бектасовтың еңбектерін бағалап 1950,1953,1955,1957 жылдары ауылдық және 1953 жылы аудандық кеңеске депутат етіп сайлаған. 1931 жылдан кәсіподақ мүшесі, бастауыш білім қоғамының мүшесі болған. «Маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі» -дегендей Ш.Бектасов мұғалімдік қызметінде көптеген марапаттарға ие болған: 1954 жылы-«Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогімен,1964 жылы «Саяси және біліми ғылымын таратқаны үшін»Грамотасы,1967жылы «Ұлы Қазан революциясының 50 жылдығы»Грамотасы 1966жылы «Знак Почета» КСРО Жоғары Кеңесі орденімен 1970 жылы В.И Лениннің 100жылдығы құрметіне медалімен марапатталған.Міне Шыназбек Бектасов атамыз осындай азамат болған.Кезекті осы мектебіміздің қазіргі дамуы туралы құрбым Марал жалғастырады.
3-оқушы: Қалдыбай Марал –Тегістік ауылында ашылған бұл мектеп 1992-1998 жылдары бастауыш мектеп болып қалдыда,кейіннен ауыл тұрғындарының,мектеп мұғалімдерінің,басшыларының белсенді әрекеті арқасында 1998-2015 жылдары негізгі орта мектебі болған(слайдта мектеп суреттері,өтілген іс-шаралар көрсетіледі) Сондай-ақ 1988 жылы ауыл балалары үшін ашылған мектепке мақта терімге келетін жәрдемшілерге арнап салынған жатаққана орнын ыңғайластырып береді.Осы ыңғайластырылған мектеп ғимаратының өзінде талай бала білім нәрімен сусындады,талай келелі іс-шаралар ,кештер,ашық сабақтар т.б.өтілді. Ал 2015 жыл біздің ауылымыз үшін,біз оқушылар үшін, ұстаздар үшін ең қуанышты жағдай мемлекетіміз тарапынан «100 мектеп,100 аурухана» аясында мектебімізге жаңа ғимарат салынып,жабдықтарымен пайдалануға берілді. Бұлда болса біздің рухани жаңғыруымыздың белгісі деп мен кезекті құрбым Әбдіразақ Сабираға беремін ол сіздерге мектеп ұстаздары, мектебіміз жөнінде мағлұматтар береді.
4-оқушы: Әбдіразақ Сабира – Біз жаңа мектепке 2015жылы көштік. Біз алдымен осындай мектеп салып берген мемлекетімізге, Елбасымыз Н.Назарбаевқа,оның жолдауы аясында жұмыс істеген барша ұстаздарымызға алғысымызды айтамыз. Атап айтсақ мектебіміз кең,жарық,жаңа заманауи үлгіде жасақталған. Мультимедия, компьютер бөлмелері,лингофон(шетел тілдері үшін) кабинеті, физика,химия, технология кабинет бөлмелері мен спорт зал ,асхана жұмыс істесе акт залында неше түрлі іс-шаралар өтілуде. Ал мектебіміз кітапханасы – рухани байлығымыз.
Мұғалім: Мектебіміз заман талабына сай жабдықталған. Жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты сол – ұлттық кодымызды сақтау.Ұлттық кодымыз – ұлтымыздың ғасырлар бойы жасаған руханияты. Руханияты мықты халық қана «Малым - жанымның садағасы,жаным – арымның садағасы» -дейді. Қазақты жойылып кетуден сақтаған осы намыс, осы принцип. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып,қанымызға сіңген,бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді,міне біздің мектебімізде кемелденіп келеді. Біздің жаңа мектепке көшуіміздің өзі-ақ рухани жаңғырудың бір көрінісі.Міне сондықтанда біздің сабағымызға бүгін осы мектебіміз атымен аталатын Шыназбек Бектасовтың келіні Шыназбекова Хадиша апай кездесуге келіп отыр. Сөз кезегін ұлағатты зейнеткер ұстазға береміз.
Қонақтарға сөз: Шыназбекова Хадиша апай: Мынау бүгінгі көтеріп отырған мәселелеріңді қолдап-қуаттаймын,себебі біздің рухани жаңғыруымыз ұлтымыз үшін өте құнды.Бүгінгі мені шақырғандарыңның өзіне қатты қуандым.Адам зейнетке шыққан соң мектепте не болып жатыр екен деп елеңдеп отырады екенсің.1-Қыркүйекті асыға күтеміз.Сол үшінде мынау мұғалімдерің Қонарбаева Үрзада апайларыңа ерекше рахметімді айтамын. Ауыл балаларына арнап мектеп ашу ісінде менің атамның еңбегі ерекше деуге болады. Атамды көзімізбен көрдік, өте сауатты, көпшіл, ақжарқын,жаны таза жан еді. Үнемі өзінің ақыл-кеңесін айтып отыратын. Ал,енді осы мектеп ауыл тұрғындарының белсенді әрекеті арқасында ашылып,оған директор сайлауда жасырын дауысқа салынды. Нәтижесінде Жамединов Сазан ағай көп дауыс жинап бір жыл директор болды,бірақ денсаулығына байланысты демалысқа шықтыда орнына мектепті Абаев Ерсін ағайларың басқарды.Кейіннен мектепке менің атам Шыназбек Бектасовтың есімі берілді.
Оқушылардың сұрақтары:
1.Ұстаздық жолы ауыр дейді, Сізге ұстаздық қызмет несімен ұнады?
-- Әрине ұстаздық жол ауыр жол,бірақ ол өзінің ауырлығыменде қызық. Жалпы мен өзім балаларға сабақ үйретсем рахатқа бөленетін едім,сол баланың оқып білім алғанынан ләззат алушыем.
2. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп айтқандай ұстаздық жолында есте қалған қызықты оқиғаңызбен бөліссеңіз.
---Ұстаздық қызметімде көптеген жайттар болдығой. Бір күні жолда тұрсам бір кісі менімен сонша жылыұшырай амандасты кім екенін білмеймін,сосын сұрадым «мен танымадым кімсіз» десем, «апай танымадыңызба сіз мені оқытып едіңізғой» деп екуіміз біраз әңгіме-дүкен құрдық.Міне, осының өзі қызық әрі бақыт емеспе?!
3.Қазіргі таңда жастардың қандай болғанын қалар едіңіз,көңіліңіз толама?
-- Әрине мен жастардың қазіргі таңда саутты,білімді,кішіпейіл, рухани жағынан бай болғанын қалар едім. Ал көңіліме келсек әрине оларға көңілім толады. Себебі қаншама жастар бар, еліміздің әр саласында жұмыс жүргізуде.
Мұғалім: Аз өмірді мағыналы кешіп,артында өшпестей із тастап тарихта атын қалдыратын он саусағынан өнер тамған қаншама дарын иелері, қол бастаған көсемдер мен шешендер,ақын-жазушылар т.б.дара тұлғалар баршылық.Сондай тұлғалардың, асыл жандардың туған жер төсіндегі еткен еңбегін,жасалып жатқан құнды еңбектері туралы азда болса баяндап, қазіргі жастар мен кейінгі ұрпаққа өнеге етуді мақсатт еттім. Өз туған ауылымыздан шыққан сауат ашу ісінің бастамашысы - Шыназбек Бектасов кезінде ауыл балаларын оқуға шақырып,ата-аналарын үгіттеген. Сол бір жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары сауат ашу ісі қолға алынған шақта,күн демей,түн демей мектеп ашып балаларды оқытты. Кез келген ата-ана баласын оқуға оңайлықпен бермеді,оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді,мектепке деп арнайы бір үй дайындап,оқулықтар, дәптер,қалам алдырды. Осындай қиыншылықтармен жұмыс жүргізіп,ауыл балаларының сауатын ашуда бар күш-жігерін жұмсаған Шыназбек Бектасовты туған жеріміздің ұлы тұлғасы деуге болады.Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері,ұлтымыздың рухани жаңғыруы біздің мемлекеттік тәуелсіздігімізде! Рухани құндылығымыз дамып жетіле берсін!,- деп сабағымызды аяқтап,бүгінгі бізбен кездесуге келген Хадиша апайға, осы сабаққа
қатысқан барша ұстаздарға,оқушыларға алғысымды білдіремін деп, сөз кезегін мектебіміз директоры Қойжигитова Қалыкүл апайға береміз.
Мектеп директоры Қойжигитова Қалыкүл:
- Бүгінгі өтіліп отырған сабақта өте орынды,құнды мәселелер көтерілді деп ойлаймын.Мектебіміз тарихымен терең танысып рухани байыдық десек болады.Осы сабақты өткізген тарих пәні мұғалімі Қонарбаева Үрзада апайға,оқушыларға бүгінгі сабақта кездесуге келген Хадиша апайға рахметімізді айтамыз деп, оқушыларға өзінің үлкен сенімін білдіріп,тілегін айтты.
Сабақ соңында оқушылар естелік үшін қонақтармен суреттерге түсіп, қолтаңба алды