Материалдар / [С - Ш] дыбыстарын ажырату
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

[С - Ш] дыбыстарын ажырату

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедиялық сабақ [С - Ш] дыбыстарын ажырату
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2023
231
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымының атауы

32 орта мектеп

Пәні:

Сөйлеу тілінің даму кемшіліктерін түзету

Логопедтің аты жөні:

Ботабаева Д.М

Күні:

22.11.2022.

Сынып: 4 «Д»

Қатысушылар саны:6

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

[С-Ш] дыбыстарын ажырату

Сабақтың мақсаты:

С-Ш дыбыстарының  артикуляциясын  нақтылау, дыбыстарды  буында, сөзде,  сөйлем ішінде  ажырату, дыбыстарды дұрыс  айтуға машықтандыру, фонематикалық қабылдауын, байланыстырып  сөйлеуін,сөздік  қорын  арттыру



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Логопедтің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Кіріспе кезеңі



1 Ұйымдастыру кезеңі:

2 Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Дыбыстарды анықтап,

Ойымызды жинақтап

Ережені ескеріп,

Күлімдеген күндейміз

Олай болса, бүгінгі сабақта дыбыстарды анық, сұрақтарға толық, терең тыныс алып, ойымызды жинақтап айтамыз.



-Амандасады










Сабақтың басы



































Бүгін біздің сабақ өзгеше болайын деп тұр. Сабаққа насос пен жылан қонаққа келді. Сендерге өздерінің ғажайып қалтасын әкеліп, заттарын көрсеткісі келеді. Ал сендер оларға дұрыс және таза сөйлей алатыңдарыңды көрсету керексіңдер. Олай болса, сабақты бастамастан бұрын арнайы жаттығуларды жасайық.

Дауысты дыбыстарды әндету жаттығуы.

(А, О, У, И, Ы)




Артикуляциялық жаттығу жасау

1.«Айтқанға көнбеген тілді жазалау» Мақсаты: тілді босаңсыту.Бала тілін төменгі ерінге қойып, жоға ры ернімен «пя-пя-пя» деп тигізіп айтады, содан кейін тілді жалпақ күйге келтіріп, созып шығару, 1-ден 10-ға дейін санағанша ұстау.

2. «Тісті тазалау»  Мақсаты: тілдің ұшын тістің сыртында ұстап тұруды үйрету. Баланы жымитып, тілдің ұшымен төменгі және жоғарғы тістердің ішкі жағын тазалаймыз.

3. «Тәтті тосап»  Мақсаты: тілдің алдыңғы жағының қимылын дамыту

Күлеміз, аузымызды ашамыз, жалпақ тілмен жоғары және төменгі ерінді жалаймыз.

4. «Кесе»  Мақсаты: тілдің «шәшке» түріне келтіре алуын қадағалау.

Ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеу керек.

Тыныс алу жаттығуын жасау

Шар мен суды үрлеу.

-Балалар, біз не үрледік?

-Шар сөзі қандай дыбыстан басталады?

-Су сөзі қандай дыбыстан басталады?

-Өте жақсы. Біздің бүгінгі тақырыбымыз С-Ш дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажырату.

Ал біріншіден еске түсірейік, насос қандай дыбыс шығарады, ал жылан ше? Олай болса, С-Ш дыбыстарының артикуляциясына тоқталайық.

С дыбысының артикуляциясын еске түсіру.

С дыбысын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей, тістер көрінеді.

- Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді.

- Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы жүреді, жабық дауыс шымылдығының дірілінен С дыбысы шығады.

Ш  дыбысының артикуляциясын еске түсіру

Ш дыбысын айтқанда ерін дөңгеленеді де, алға қарай жиырылады, тыныс тілдің арасынан бірқалыпты шығады, алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі. Жабық дауыс шымылдығының дірілінен Ш дыбысы жасалады.

С-Ш дыбыстары дауыссыз, қатаң.

Дидактикалық ойын. «Ғажайып қалта».

Ашық буынды, жабық буынға алмастыр

Фонематикалық қабылдауын дамыту

Бірнеше сөздер айту, с дыбысы бар сөздерді айтқанда қызыл түсті көтеру, ш дыбысын айтқанда көк түсті көтеру.

Шана, сана,сабақ, шабақ, шаш, лас, аласа, алаша,мысық, қысық,кеше, кесе,су, шу.

Ойын. «Ашық буынды жабық буынға алмастыр» (доппен)

Көп нүктенің орнына С-Ш дыбыстарын қойып, мәтінді оқу.

Мысық пен тышқан.

Мы...ық ты...қанды қуды. Ты...қан далаға қа...ты. Ол аға...тың ара...ына тығылды. Мы...ық ты...қанды таба алмады.


Жаңылтпаш айтып жарысайық.

Сорпа іштік

Сорпа ыстық.

Сондықтан

Қорқа іштік.

Асан массаж жасар

Массаж жасап шаршар.

Шын еңбекші - өрмекші,

Өрмекші шын - өрнекші







А____________

О____________

У____________

И____________

Ы____________


Айна алдында орындайды




















- Шар және су.

- Ш дыбысынан

- С дыбысынан




(ш-ш-ш), (с-с-с).




Айна алдында С дыбысын нұсқау бойынша жасайды





Айна алдында нұсқау бойынша Ш дыбысын айтады




Са-ас, ша-аш, шо-ош, се-ес,шу-уш, су-ус, ше-еш,си-ис, ши-иш.


Нұсқау бойынша орындайды





Са-ас ша-аш со-ос шо-ош су-ус шу-уш әс-сә шұ-ұш ше-еш



Мысық тышқанды қуды. Тышқан далаға қашты. Ол ағаштың арасына тығылды. Мысық тышқанды таба алмады.









Мақтау.




































































Суреттер.




























Сабақтың соңы








Ой қозғау.

 – Бүгін қандай дыбыстарды дұрыс айтып, қайталадық?

- С-Ш дыбыстары дауысты ма, дауыссыз ба?


 Үйге тапсырма беру.

- С-Ш дыбыстары кездесетін мақал-мәтелдер жаттап келу.


 Әр оқушыны біліміне, белсенділігіне қарай мақтап, мадақтау



Оқушылар білгендерін ортаға салып қорытындылайды





578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!