Материалдар / "Ш дыбысы және әрпі."

"Ш дыбысы және әрпі."

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобының
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2018
444
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, текшелер.Оқу іс-әрекетінің барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.
  • Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Балаларға өткен оқу іс-әрекетінде танысқан дыбыстарын қайталатады.
  • Алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық.
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
  • Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
  • Негізгі бөлім.
1. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру.
  • Балалар, кім ш дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді?
  • Жұмбақ жасырады.
Мысалы:Зулап түсіп төменге, Шыға алмас менсіз бөгенге.(Шана)Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
  • Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Ш әрпімен танысу: ш дыбысының баспа түрін көрсетеді.Ш дыбысын ауада жазып көрсетеді.
  • Сергіту сәтін өткізу.
Отырып-ақ орнымда, Айдын көлді кешемін. Сен білмесең егер де, Былай ескек есейін.(Қимылмен көрсету).Тіл ұстарту жаттығуы.Шы-шы-шы Әкем менің аңшы.
  • Дәптермен жұмыс.
Ш дыбысына байланысты берілген суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасайды. Қайшы, шаңырақ,ағаш сөздерінде ш дыбыс қай жерде тұрғанын талдатады, яғни ш дыбысының сөздегі орнын практикалық жолмен түсіндіреді.Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазады.Торкөздегі ш дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастырту. Сөз жұмбақ шешкізу.
  • «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.
Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық.Осы сөздерге сөйлем құрату қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын тапқызу.Педагог балаларға жұмбақ жасырады.Тікен-тікен тік пісте Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)III. Қорытындылау.
  • Шырша сөзі қай дыбыстан басталады? Ш дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?
  • Неліктен дауыссыз, кәне, бәріміз айтамыз. Ал енді ш дыбысына кім тез сөздер тауып айтады?
Бір бала шана сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.
  • Шана сөзінде қанша буын бар?
Шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.«Дүкен» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар кеспе әріптермен ш дыбысы кездесетін сөздерді құрастырып жазады. Мысалы: шана сөзін құрастырған бала «сатушыдан» ойыншық шананы сатып алған болып есептеледі. Сол сияқты сатылымда машина, шие, шар, т.б. заттар болады.







Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Алма.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларды бір-бірін сыйлауға,,өзара тату болуға, қолындағы барын бөлісіп жеуге, әділдікке баулу. Жемістерді күтіп-баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу.Сөздік жұмысы: жабайы.Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Алма ағашының суреті,қоянның, қарғаның, кірпінің, аюдың суреті.Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне алманы беріп, жылы лебіздерін білдіреді.
  • Жансая, сен осы алмадай әдемі бол!
  • Ақниет, сен осы алмадай тәтті бол!1.Кіріспе әңгіме.
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілі неше айдан тұрады?
  • Күз айында қандай жемістер піседі?
  • Алма, алмұрт, шие, жүзім.
2.Дидактикалық ойын: «Дәмін тап».Ойын шарты: жемістер мен көкөністерді кесіп, алдын ала дайындау. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығып, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек. 3.Дәптермен жұмыс: «Алма» ертегісін балаларға оқып,әңгімелеп беру. - Жылдың қай мезгілі еді?
  • Жабайы алма қайда қалды?
  • Алманы кім көрді?
  • Қоян Қарғаға не деді?
  • Қарға не істеді?
  • Кірпі нені алып кетті?
  • Үшеуі қайда барды?
  • Аю не деп жауап берді?
  • Қандай мақал айтты?
Балалар жауап береді.«Береке басы бірлікте» - жоғары дауысорта дауыстөмен дауыста айтылады.Тыныштық сәті: Үнтаспадан сайраған құстардың, жел тербеп сыбдырлаған ағаш жапырақтарының, сылдырап аққан судың, сусылдаған құмның, уілдеген желдің даусы естіледі.
  • Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жұмайық. Табиғат аясында серуендеп жүрміз деп ойлайық. Таза ауа, ашық аспан, құстар қалықтап ұшып жүр. Алыстан судың сылдыраған сылдыры естіледі. Терең тыныс алайық. Көзімізді ашайық.
4.Сергіту сәті: Алма баққа барайық, Алма теріп алайық. Ең үлкенін алманың Анамызға сыйлайық!Қорытынды: Сұрақтарға жауап алу:- Егер алманы сен тауып алсаң, не істер едің?-Бірге бөлісіп жеген дұрыс па?-Алма қайда өседі?-Достар бір-біріне қандай болу керек?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ