С дыбысын қою, сөйлеу тілінде еңгізу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

С дыбысын қою, сөйлеу тілінде еңгізу

Материал туралы қысқаша түсінік
С дыбысын қою, сөйлеу тіліне еңгізу ЛЭПБУК - заманауи технология арқылы үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН «Лэпбук» ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

БАЙГАНЫШЕВА Жулдыз Советбековона

Педагог-зерттеуші, логопед-дефектолог

«Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің санаторлық тобымен «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

С дыбысын қою, буында, сөзде машықтандыру, сөйлеу тілінде бекіту.

Лэпбук-ерекше білімді қажет ететін балалалардың жалпы сөйлеу тілін дамытуда, белгілі бір тақырыпты бекітуде тамаша әдіс. Лэпбукты балабақша, жалпы мектепте арнайы педагогтар өз сабақтарына қолдана алады. Әр маман өз сабақтарына қарай күрделендіріп немесе жеңілдеу қылып құрастыра алады. Ол үшін бірінші тақырыпты алдын ала дайындауы қажет, лэпбук жеке дамыту бағдарламасына сай, лексикалық тақырыптар бойынша немесе белгілі дыбысты автоматтандыруда, ажыратуда логопед өз фантазияларына қарай құрады. Лэпбук 7-8 тармақшалардан немесе одан көп тармақшалардан құруға болады. Шектеу жоқ.

Лэпбук (lapbook) – ағылшын тілінен тура аударғанда (lap-тізе, book-кітап) деген мағынаны білдіреді.  Лэпбук – бұл қалташалары, есігі, терезелері бар жинамалы кітапша, жылжымалы бөлшектерден құралған, оған бір тақырыптың материалдары орналастырылады. Бұл бүлдіршіндермен белгілі біртақырыпты бекітуге арналған тамаша тәсіл және кітаптың мазмұнын ұғыну арқылы, зерттеу жұмысын жүргізу, оның барысында бала ізденіс жасайды, ақпаратты сұрыптап және талдайды.Бала өз алдына ыңғайлы түрде орналаса алады және оның барлық мазмұнын бірден көре алады. Қарапайымдылығына қарамастан, бұл тақырып бойынша барлық қажетті материалдар бар.

Ал, мен бүгін сіздермен бөлісетін Лэпбук 5- тармақшадан.Тақырыбын « С» дыбысы жекелей, буында машықтандыру, сөйлеу тілінде бекіту.

  1. ші Тармақшада Артикуляциялық жаттығуларға арналған айна, С дыбысының кескіні, бұрандалы қақпашасы бар ыдыс, бала қолмен бұрап ашады, ішінде С дыбысына арналған артикуляциялық жаттығулар суреті. Бала сол сурет арқылы айнаға қарап орындайды, сонымен «логомоншақ» бала өз бетінше орындайды.

  2. 1- ші тармақшада «Сиқырлы дорбаша» бауын ашады, ол жерде тыныс алу жаттығуларын орындауға арналған ойын түрлері салынған

( Дөңгелекті алып ұзын жолақшаға дәлдеп қойып үрлейді, және сонымен қатар «Торғайды торға кіргіз»

  1. 2-ші тармақшада бізде . Буынды созып немесе қысқа қайталау ұсынылады, ашық буында замокты төмен қарай сырғытады, тұйық буында керісінше замокты жоғары сырғытады. Қай буында қай түсті жолақпен жүргізгенің анықтайды. Дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенің анықтауға болады.

  2. 1- тармақшада фетрдан тігілген қалташа, аузы кнопкамен жабылған. Ішінде фетрдан кілемше моншақтармен түрлі ұсақ моншақтармен көмкерілген. Бала сұқ саусақ және ортаңғы саусақ арқылы жүргізе отырып буын ұйқастарын қайталауы қажет.

  3. 3- тармақшда Бірнеше қалтшалардан, замоктан тұратын әмиян. Ішінде кеспе әріптер бар, бала С әріпін құрастырады, яғни С әріпін үлгі бойынша немесе өз бетімен құрастыруға да болады, құрастырылған соң С әріпінде бейнеленген суреттерді атап шығады, бұл жерде С дыбысы тек басында кездеседі оны анықтау ұсынылыды.

  4. 3-тармақшада Кнопкалы блокнот,бала ішіндегі суреттерді, кеспе сөздерді алып, қысқыштарға, ілгіштерге қыстырады және қандай сурет бейнеленгенің анықтап атап береді.

  5. 3-тармақшада Фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған, Берілген дыбысты естісе суретті көрсетеді.Атауыңда берілген дыбыс бар суретті таңдау; Кеспе сөздерді, суретпен сәйкестендіру; Аталған сөздерге дыбыстық талдау жасау қанша дауысты дыбыс бар,қанша дауыссыз бар қатаң ба ұяң дыбыс па екенің анықтау.Берілген сөздегі дыбыс сөздің басында орналасқан болса инелікті гүлдің басына қолмен сырғытып қондыру қажет сол сияқты ортасында, соңында екнің анықтайды.

  6. 4 тармақшада Күлгін қалташа, ішінде қима суреттерді бала алып құрастырады қандай жануар екенің анықтайды үй жануары, жабайы жануар екені. Сонымен қатар пайдасын айтып кетуге болады балаға жетелеуші сұрақтар қою арқылы тапсырмаларды түрлендіріп орындауға болады.

  7. 4-тармақшада Жаңылтпаш қалташасы ішінде жаңылтпаш және сол берілген дыбысқа арналған суреттер берілген. Бала мнемотехника әдсімен құрастыру барысында жаңылтпашы жаттап алуға, шапшаң айтуға тиімді. Асқат қасқа ат мінді, Мақсат басқа ат мінді.

  8. 5-тармақшада «Сабынды жаңарту» Іс-тәжірибесі Жылтыр дорбада қалдық сабындар,темір кішірек үккіш . Бала қалдық сабынды үккіштен өткізіп су құяды. Үгілген сабынды машина, торай, қоңыз қалыптары алдына қойылады бала «С» дыбысы кездесетін қалыпқа үгілген сабынды салады су құйып нығыздайды, тегістейді. Сабын дайын қалыптан.

  9. 5-тармақшада

Ішінде сандар және сюжетті сурет салынған жабық қалташа. Сюжетті суретті бастапқы қалай болғаның анықтап сандар арқылы белгілейді, сюжетті сурет бойынша әңгімелейді. Егер бала сериялы сюжетті суретті қоюға әңгімелеуге қиналса жетелеуші сұрақтар қою арқылы жетелеуге болады.

Менің ойымша Лэпбук әмбебап технология, балалардың дамуымен қатар ата-анамен жұмыс нысаны бола алады.

Назраларыңызға рақмет!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2023
467
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі