С дыбысын қоюға дайындық кезеңі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

С дыбысын қоюға дайындық кезеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
С дыбысын қоюға арналған дайындық кезеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: С дыбысы және әріпі

Дайындық кезеңі

Сабақтың мақсаты: Артикуляциялық жаттығулар, тыныс алу жаттығулары арқылы “С” дыбысының артикуляциялық қалпын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: айна, артикуляциялық жаттығуларға арналған карточкалар, су, доп, түтікше, мақта, көбелек.

Сабақтың жүру барысы.

Психологиялық педагогикалық ахуал. Баланың көңіл – күйін қалыптастырып, сабаққа дайындау. Баланың зейінін сабаққа аудару.

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Ережені ұмытпай,

Дұрыс анық дыбыстап,

Дыбыстарды ренжітпей,

Анық дұрыс сөйлейміз



1.Артикуляциялық жаттығулар

Ертеде сиқырлы орманда бір ергежейлі өмір сүріпті. Ол өзінің достарымен әңгіме айтқанды, қалжыңдасқанды ұнатады екен. Бірақ оның қанша тырысса да с дыбысыны тілі келмейді екен.

( музыкамен ергежейлінің суреті шығад)

Таңертең ергежейлі ұйқысынан оянады. Ол бүгін міндетті түрде с дыбысын айтуым керек деп мақсат қояды. Ергежейлі таңмен серуендегісі келеді. Ол алдымен тісін тазалауды жөн көреді.

Жаттығу: Тіз тазалау

Ал сіздер тіз тазалайсыздарма балалар? Олай болса қане біз де тісімізді тазалайық. Бірақ щеткамен емес бұл жолы тілімізбен. Қане бәріміз күлеміз, аузымызды ашамыз, тіліміздің ұшымен астыңғы тістерімізді тазалаймыз. Сіздер тазалап жатқанда ергежейлі ән салады.

Тісімді тазалаймын

Тісімді тазалаймын

Сыртын да ішін де

Тіс тазалаймын тіс тазалаймын

Денсаулығым үшін де

Ергежейлі тісін әп әдемі етіп тазалайды. Айнаға қарап айтады: Неге менің тентек тілім с дыбысын айтқысы келмейді. Ол тілін жазаламақ болады.

(күрек)

Ергежейлі аузын кішкене ашып, жәймен тілін астыңғы ерінге қояды.

Қане біз де жасайықшы. Тек байқаңыздар астыңғы еріндеріңіз дірілдеп қозғалып кетпесін. Тек тіл жәймен, тыныш жатсын.

Кенет ергежейлі қалтасын қараса қалтасы тесік екен. Ол дереу жүгіріп ине мен жіп ала жөнеледі. Инесі мен жібін алып қалтасын тіге бастайды.

Қане балалар осы инені тілімізбен жасайықшы. тілімізді үшкірлеп алдыға артқа қозғалту керек. Ергежейліге көмектесейікші. Сөйтіп біздің ергежейліміз далаға шығады қараса шағын сырғанақ пен әткеншек тұр екен. Ол осы жерде ойнағысы келіп кетіп дереу жүгіріп барады.

Біз де тілімізбен сырғанаң пен әткеншек жасайықшы. Аузымызды ашамыз тілімізді астыңғы тісімізге қыстырып коямыз. (Горка, качели) Ергежейліміз керемет етіп ойнап алып ары қарай серуенін жалғастырады. Жүріп бара жатып ойланады. Қалайша мына дыбысты айтамын дейді. Кенет гүлдің үстінде қонып тұрған әдемі көбелектерді көреді.

Көбелектер: Амансызба ергежейлі мырза. Неге көңілсізсіз не болып жүрсіз?

Ергежейлі: дұрыш айташындар көбелектерім. Мен с ш дыбышын айталмаймын шол үшін көңіл күйім жооқ.

Көбелектер: Сен бірінші бізге үрші. Әйтпесе жаңбыр жауып біздің қанаттарымыз су ұшуға қиын болып тұр.

Ергежейлі: бұны қалай жасайды

Көбелектер: мүмкін балалар көмектесер

Балалар қане көбелектеріміздің ұшуына көмектесейікші. Тілімізді шығарып үреміз

(Балалар жаттығуды 3 қайтара жасайд)

Көбелектер: қандай керемет енді біздің қанаттарымыз ұшуға дап дайын рахмет балалар және ергедейлі мырза. Сізге с дыбысын айтуға мүмкін қоян көмектесер.

Ергежейлі: жарайды рахмет көбелектер

Ергежейлі әрі қарай қоянды іздеуге кетті. Сол сәтте қоян алдынан секіріп секіріп шыға жөнеледі.

Қоян: Қалайсын достым. Бүгін неге көңілсіз жүрсің

Ергежейлі: мен с дыбысын айталмаймын қалайша түспесін

Қоян: біз қазір достарымызбен көмектесеміз уайымдама. Солай ма достар: Қанекей бәріміз күлейік астыңғы тіс пен үстіңгі тіс көрініп тіл астыңғы тістің астында жату керек. Енді бір қызық айтайнба осы тұрған қалып та салқын жел шығарасынба

Ергежейлі: ол қалай

Жаңағы күйде тұрып ауаны ішке тартяп үреміз

Ергежейлі: сссс алақаай мен айта аламын. Қандай әдемі дыбыс. Рахмет достарым рахмет қояян!

Деп ергежейлі барлығына алғысын білдіріп ормандағы барлық аңды кешке үйіне қонаққа шақырып. Әдемі көңіл күймен үйіне қайтады.



2. Тыныс алу жаттығулары.

1. Ыдыстың ішіндегі суға доп салып келесі ыдыстың ішіндегі суға үрлеу.

2. Жіпке байланған әдемі көбелектерді үру.

3. Түтікшенің көмегімен ыдысқа байланған қолғапты үру.

4. Ыссы кофені бірге үріп суытайық.

5. Алақанымызда тұрған мақтаны үріп үйрену.







3. С дыбысының артикуляциялық қалпы.

Ерін жымиып тұрады;

Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық;

Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады;

Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық пайда болады, сонымен ауа жолы жүреді;

Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады;

Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады;





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2024
373
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі