Материалдар / "s-элементтердің жалпы сипаттамасы. Сілтілік және сілтілік жер металдары" 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"s-элементтердің жалпы сипаттамасы. Сілтілік және сілтілік жер металдары" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жас мамандар мен химия мамандығының ұстазына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2018
1936
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ 39Химия Күні:
Тақырыбы:s-элементтердің жалпы сипаттамасы. Сілтілік және сілтілік жер металдары
Оқу мақсаты:Білімділік: Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орны туралы түсіндіріп білімдерін жетілдіру. Дамытушылық. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сабаққа деген белсенділігін, алған білімді есте сақтау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: адамгершілікке, шапшаңдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Алдыңғы оқуМеталдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы
Оқу нәтижелері
  • Оқушылардың барлығы: Периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орнын біледі.
  • Басым бөлігі: Сілтілік және сілтілікжер металдарын ажырата алады.
  • Кейбір оқушылар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s – элементтердің орнын, атом құрылысының ерекшелігін, олардың металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыра алады.
  • РесурстарХимия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н.Заграничная, Г.Абрамова. Күнтізбелік жоспар. Электрондық оқулық. М.Қ.Құрманәлиев «Химияны оқытудың қазіргі технологиялары»
    Әдіс-тәсілдерҰжымдық оқыту, жеке жұмыс, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, өзіндік жұмыс
    КөрнекіліктерПериодтық кесте, оқулық
    Жоспар
    БасталуыАмандасу. ТүгендеуХимиялық диктант
  • Реакцияны аяқта: Cu + Mg(NO3)2 →
  • Теріс зарядты электрод. (Катод)
  • Стандартты жағдайдағы электродтың потенциалы не деп аталады?(Стандартты электродтық потенциал)
  • Платина тығыздығы нешеге тең? (21,5 г/см3)
  • 10000С –ден төмен балқитын металдар не деп аталады? (Оңай балқитындар)
  • Металдардың жеңіл және ауыр деп қандай қасиетіне байланысты бөлінеді? (Тығыздығына)
  • Периодтық жүйедегі галогендер орналасқан топ. (VII топ, А негізгі топша)
  • ОртасыМағынаны тануДжигсо әдісі 139-144-беттер Оқушылар өзінді, жұптық жұмыс жүргізеді, мәтінмен танысады, өзара талқылайды, ортада түсіндіреді.Сұрақ жауап:
  • Қай элемент өте белсенді металл болып табылады? Неге?
  • ІА және ІІА топ элементтерінің физикалық қасиеттерінін салыстырыңыз.
  • Na және Mg 3 периодта қатар орналасқан. Олардың қандақ ұқсас химиялық қасиеттері бар? Қандай айырмашылықтары бар?
  • Қапшықтағы есептер: 1) ІІ топша элементінің 13,05 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 3,36 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.Me + H2SO4 = MeSO4 + H213,05 г ―3,36 лХ ― 22,4 л Х = 87 Sr2) ІІ топша элементінің 27,4 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 4,48 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.Me + H2SO4 = MeSO4 + H227,4 г ―4,48 лХ ― 22,4 л Х = 137 Ва
  • Массасы 4,6 г сілтілік металл йодпен әрекеттескенде массасы 30 г осы металдың йодиді түзіледі. Реакция үшін қандай сілтілік металл алынған?
  • 2Мe + I2 = 2MeI4,6 г ―30 гХ ―х * 1274,6 г*(х * 127) = х * 30 г4,6 х + 584,2 = 30 х584,2 = 30 х – 4,6 х584,2 = 25,4 хХ = 584,2 / 25,4 Х = 23 Ж: Аr(Na) = 23
  • ІІ топша элементінің 1,2 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 1,12 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.
  • Me + H2SO4 = MeSO4 + H21,2 г ―1,12 лХ ― 22,4 л Х = 24 Мg5) ІІ – А топша элементінің 2 грамы тұз қышқылының құрамынан 1,12 л Н2 бөліп шығарса, ол қай элемент болғаны? Me + 2HCl = MeCl2 + H22 г ―1,12 лХ ― 22,4 л Х = 40 Са
    АяқталуыБекіту «Біліміңді байқап көр»
  • Сілтілік металдарды атаңдар. (Литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций)
  • Натрий және калий қосылыстарын ашқан химиктер. (Ағылшын химигі Г.Дэви және неміс химигі Р.Бунзен)
  • №87 элементті ашқан химик. (Француз химигі М.Пере)
  • Натрийдің балқу температурасы. (97,70С)
  • Жер қыртысында болмайтын радиоактивті элемент. (Франций)
  • Элементтердің таралуы бойынша калий нешінші орында? (7)
  • Қосымша есеп:
  • Құрамында 65% мырыш және 35% мыс бар 10 г құйманы артық мөлшерде алынған тұз қышқылына салады. Реакция аяқталғаннан кейін алынған ерітіндіні суалтты. Қандай тұз түзілді? Оның массасы қандай?
  • Берілгені: Шешуі:m(Zn)= 10 г Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2ω(Zn)=65% 10г хгω(Cu)=35% 65 136 т/к m(тұз)=? Х =20,92 г ZnCl2 20,92 г ZnCl2 100% Хг 65% Х=13,6г ZnCl2 Үйге тапсырма: §5.2-5.3 Натрий және калий қосылыстары. Ақпарат құралдарынан мәліметтер
    Кері байланысБіз бүгін не білдік?



    Рефлекция





















    І топ s – элементтердің жалпы сипаттамасыs – элементтер өздерінің валенттік электрондарын оңай береді де, күшті тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Бұл қасиет ІІ топтың элементтеріне қарағанда І топтың элементтерінде айқынырақ байқалады. Атомдардан электрондарды үзіп алу энергиясы сыртқы электрондардың саны артқанда өседі және атом радиусы артқанда кемиді.Ядродан қашықтаған сайын ядромен валенттілік электрондардың байланысы әлсірейді, сондықтан бұл металдардың химиялық белсенділігі топтарда артады. Бұл элементтердің сипаттамаларын салыстыру көрсеткендей, цезий атомынан сыртқытэлектрон жеңіл үзіледі, сондықтан цезий ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.

    ІІ топ Сілтілік металдардың физикалық қасиеттеріСілтілік металдардың физикалық қасиеттері көбінесе кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді. Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті, олар жұмсақ. Бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы литийден цезийге қарай төмендейді, себебі атомдардың шамасының артуынан кристалдық тордағы металл атомдарының байланыс энергиясы кемиді. Барлық сілтілік металдар жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.

    ІІІ топ Сілтілік металдардың химиялық қасиеттеріХимиялық қасиеттері бойынша сілтілік металдар бір – біріне өте жақын. Олар – ең жақсы тотықсыздандырғыштар және басқа металдарға қарағанда белсенділігі өте жоғарылар. Олардың тотықсыздандырғыштық қасиеті литийден цезийге қарай өседі, өйткені кристалдағы химиялық байланыстың беріктігі және атомнан электронды үзіп алып, катиондар түзуге қажетті энергия кемиді.Сілтілік металдар тікелей барлық бейметалдармен, сумен, қышқылдармен әрекеттеседі.



    І топ 1) ІІ топша элементінің 13,05 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 3,36 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.2) Мына айналымдарды жүзеге асыр: Li3N→Li→Li2O→LiOH→Li2SO4

    ІІ топ 1) ІІ топша элементінің 27,4 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 4,48 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.2) Массасы 4,6 г сілтілік металл йодпен әрекеттескенде массасы 30 г осы металдың йодиді түзіледі. Реакция үшін қандай сілтілік металл алынған?ІІІ топ. ІІ топша элементінің 1,2 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 1,12 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.2) ІІ – А топша элементінің 2 грамы тұз қышқылының құрамынан 1,12 л Н2 бөліп шығарса, ол қай элемент болғаны?

    1) Ұнтақ түрінде алынған мырыш пен алюминийді күкіртпен аздап қыздырғанда тұтанады. Осы реакцияның теңдеуін жазыңыз. Әрбір металдың 0,5 молімен реакцияға түсетін күкірттің массасын есептеңдер.

    2) Құрамында 65% мырыш және 35% мыс бар 10 г құйманы артық мөлшерде алынған тұз қышқылына салады. Реакция аяқталғаннан кейін алынған ерітіндіні суалтты. Қандай тұз түзілді? Оның массасы қандай?

    3) Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5,6 г темір пластинкасын салды. Темір толық еріді. Бөлінеген мыстың массасы қанша?
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!