Материалдар / С есебі Мектептің педагогикaлық қоғaмдастығының жұмыс жоспарынa өзгерістер енгізу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

С есебі Мектептің педагогикaлық қоғaмдастығының жұмыс жоспарынa өзгерістер енгізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің педагогикaлық қоғaмдастығының жұмыс жоспарынa өзгерістер енгізу С есебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2024
140
3 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұрланова Баян Сағындыққызы Мұғалім портфолиосы С бөлімі

ПШО ЖМ филиалы Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы

Қызылорда қаласы 18.11.2022ж.

Мектептің педагогикалық қоғамдастығын дамыту және басқа білім беру ұйымдарының әріптестерімен ынтымақтастық туралы рефлексивті есеп


Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі (англия) үшін 2004 жылы жасалған құжатта «білім алушылар қоғамдастығына» мынадай анықтама берілген: «Оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер».[1]

Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы курсы аясында мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсетілді. «Мектептегі тәжірибе » кезеңіндегі қоғамдастықтың жұмыс жоспарына өзгертулер енгізіп, жаңа тәжірибелерді жасап, одан әрі дамыту үшін тәжірибеде пайлану керектігін қоғамдастық мүшелері мақұлдады.

Енді сол қоғамдық жұмысына енгізген өзгеріс барысын бағамдай келе жасалған жұмыстар мен атқарылған істерге сыни рефлексия жасап көрсем.

Мектепке келіп мектеп директорымен, оқу ісі жөніндегі орынбасарыме сұхбат жүргізгенде ол кісілердің өз ісіне жетік маман екендігінің арқасында мен проблема табуға қиналмадым . Себебі мектеп директорының орынбасары былтырғы 2020-2021 оқу жылындағы директор жанындағы отырыстың болғандығын, жұмыс жоспарына сәйкес қараша айында бастауыш сыныптарының оқу жылдамдығы жоспарға сай зерделенгендігін, сол зерделеудің нәтижесінде 4-сынып оқушыларының арасында минутқа оқу жылдамдығы стандартта көрсетілген міндетті 80-90 сөзге жетпейтін оқушылардың бар екендігін, сол оқушылармен жұмыс жасалу керектігін айта келіп, сыныптағы оқу жылдамдығы төмен оқушылардың оқуын жақсартуды проблема ретінде ұсынды. Проблеманы анықтауға көп қиындық болмағандықтан мен басымдықты шешу жолдарын қарастыруға кірістім.

Сондықтан сертификатталған мүғалімдер, 5-сынып пән мүғалімдерімен ақылдасып, өз ұсынысымды айту мақсатында дөңгелек стол ұйымдастырдым. Сол жерде 5-сынып оқушыларының стандартта көрсетілген минутына 105-115 сөз оқи алмайтын білім алушылармен мнемотехника әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып қол жеткізуге болатындығын ұсындым. Бұл ұсынысыма әріптестерім қуана келісті. Сонымен 5-сынып оқушыларының ағылшын, орыс тілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мнемотехника әдістерін күнделікті сабақтарында пайдалана бастады. А, Б, С, Д, Е. есімді оқушыларды зерттеу нысаны етіп алдым. «Зерттеу тобы» деп пән мұғалімдеріне күнделікті тапсырма беріп отыру үшін чат ашып қойдым.Осы оқушылармен ішін ара араласып, етене жұмыс жасағанда қиыншылықтар кездесе бастады. Яғни орыс тілі маманы Д. декреттік демалысқа кетуіне байланысты жұмыс орта жолда қалды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н. берілген тапсырманы орындату мақсатында мұғалім тарапынан қателіктерге жол бердң.

Мысалы оқушының ойлау қабілетін арттыратын графикалық диктант тікелей мұғалімнің оңға , солға, жоғары, төмен деп бағыттауы арқылы орындалған жұмыстан нәтиже көрудің орнына дайын суреттерді алдына беріп салдырған.

Сол сияқты оқушылар тарапынан да зерттеу тобындағы жекелеген оқушылар денсаулықтарының нашарлап, сабақтан көп қалып қойғандығынан зерттеу тобынан шығарылды.

Дегенмен қазақ тілі пәнінің мұғалі Г. тәліп берілген тапсырмаларды дәл уақытында, керек кезінде орындатып нәтижеге жетуге көп көмегін тигізді.Сондықтан әріптесіме алғысым шексіз.

Жоспарланған жұмысымның бірі-коучинг. Коучинг өткізу барысында техникалық ақаулар,мұғалімдердің тапсырманы аяғына дейін орындамауы сияқты сәтсіз жерлері болды. Дегенмен мнемотехниканың әдіс-тәсілдерін үйреніп, тәжірибемде қолданамын деген , мнемотехника әдіс-тәсілдері жазылған кітапшалардың электронды нұсқасын сұраған мұғалімдерді көргенде еңбегімнің ақталғандығын түсіндім.

Курс барысында Қызылжарлық әріптестеріммен онлаин форматта, зум қосымшасы арқылы семинар өткіздім . семинар барысында әр қатысушының өз тәжірибесі туралы, мектебіндегі қоғамдастық жоспарына енгізген өзгерісі туралы, өзгерген жоспардағы басымдықты шешу жолдарымен бөлісуді мақсат тұттым. Дегенмен кездескен сәтсіздіктер Петропавлдық әріптестердің байланыстың нашарлығынан, мен тарапымнан зум жалпыға бірдей қолжетімді болуды қамтамасыз ете алмағандықтан семинар басым бөлігі Қызылордалықтар болып өтті.

«Ата-ана-балаға басты ұстаз» атты ата-аналарға арналған дөңгелек столда мнемотехника әдіс-тәсілдерін қолданып жасаған жұмыстарым сәтті шыққандығының дәлелі ата-аналар үйренген әдістерін балаларымен бөлісетіндіктерін айтты.

Сәтсіз болған тұстары шақырылған ата-ананың түгел қатыспауы болды.

Сәтті тұстары Е. есімді әріптестің жоғары сынып оқушыларының сабаққа қызықпау себебімен бөліскені, Н. Есімді әріптестің инклюзив оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін айтқаны, бастауыш сынып мұғалімі С. есімді әріптестің бастауыш сынып оқушыларының зейінін көрнекілік арқылы арттыру керек екендігін айтуы менің әріптестерімнің көкейінен шықты.

Оқу жылдамдығы-оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі.[2]

Мен таңдаған мнемотехника тәсілдерін қолдана отырып 5-сынып оқушылары: А, Б, С, Д, Е «Мектептегі тәжірибе » кезеңінің басы мен соңындағы көрсеткіштер төмендегідей болд


5-сыныптағы оқу жылдамдығының нормасы


Оқушы-

лар

Міндетті деңгей 105 сөз-115 сөз

Мүмкіндікті деңгей 110-120 сөз

Зерттеуге

Зерттеуге


Дейін

Кейін

дейін

кейін


А.

49 сөз

68 сөз

46%

64%

18%

Б.

35 сөз

47 сөз

33%

45%

12%

С.

70 сөз

92 сөз

67%

87%

20%

Д.

67 сөз

89 сөз

64%

85%

21%

Е.

53 сөз

70 сөз

50%

67%

17%

Өзіме сыни рефлексия жасасам алдыма қойған мақсатым оқушыларды 5-сыныптағы оқу жылдамдығының нормасында көрсетілген міндетті деңгей 105 сөзге жеткізу болатын. Осы мақсаттқа жету жолында нәтижелі жұмыстар жасалып, практикада түрлі әдіс-тәсілдер қолданылғанменен мақсатқа толық жету мнмкін болмады.

Себебі бұл техника оқу жылдамдығын көтеріп, нәтижеге жету үшін 5-6 айды талап етеді. Яғни 1)уақыт тапшылығы 2)техниканың мүмкіндігін толық пайдалана алмадым, 3)әріптестер тарапынан берілген тапсырманы өз дәрежесінде орындамағандығынан.

Дегенмен нәтиже көрсеткіші бар. Ең жоғары көрсеткіш 92 сөзге жетті, олай болса :

105 сөз-100%

92 сөз-87% , 100%--87%=13% Қоғамдастықта атқарған жұмысыма есеп берсем мақсатқа жетуіме аз қалды.

Мектеп бaзaсындa жүзеге aсырылатын іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі aрқылы прaктик мaмaндaр мектеп проблемaлaрын қaрaстырып, олaрғa жaн-жaқты жaуaп беру мүмкіндігіне ие болaды. Бұл – «мектептегі шара» немесе «мектеп турaлы ақпaрaт» қaнa емес, ол, ең aлдымен, «мектеп үшін» жүргізілетін зерттеу шaрaсы. Осығaн қaрaп, мұғалімнің міндеті өзінің жеке тәжірибесін түсіну және жетілдірумен қатар, өзіндік рефлексиялық зерттеу үдерісіне қызығушылықпен тартылуы, ұмтылуы деп айта аламыз. Іс-әрекеттегі зерттеуге қатысушылар оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты дау айтуға және проблема қою, деректер жинау, талдау және әрекет ету жөніндегі үздіксіз үдерістермен айналысуға бағытталады, сол арқылы әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу жұмыстарына ден қояды.[3]

Айқын мақсат-толағай табыс кепілі дегендей алдағы уақытта мектепаралық желілік қоғамдастықтың жұмысын жандандыру мақсатында мнемотехника тәсілдері арқылы оқушының оқу жылдамдығын арттыруға болатындығын, арттыра отырып балаға өз ортасында, қоғамда өзін еркін сезінуіне, шығармашылық қабілетінің ашылуына ықпал ететінімізді түсіндіре отырып осы әдісті насихаттау керектігін түсіндім

Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы курсынан түйгенім,

бәрі өз қолымызда, бағдарламаның негізгі идеясын түсініп, сол идеяға сәйкес

өзгеріс енгізуге дайын болсақ, енгізген өзгерісті түбегейлі түсініп, нәтижеге

жұмыс жасасақ, алынбайтын асу жоқ.

Сөзімнің соңын мұғалімдерге арналған нұсқаулықтан алынған мына сөзбен қорытқым келеді

Оқыту мен оқу тәжірибесі үшін ұсынылатын жекелеген тәсілдер мен әдістер, бір қарағанда, болмашы болып көрінуі мүмкін, бірақ жүйе ішінде жағымды өзгерістерге ықпал ететін қуатты қозғаушы күш бола алады.[4]

Ұсыныс:

Мнемомотехника әдіс-тәсілдерін мектеп оқушыларына толық, мақсатты, нәтижеге бағытталған білім алып, тәжірибеде қолдану үшін мектеп мұғалімдеріне Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының аясында Қызылорда педагогикалық шеберлік орталығының тәжірибелі және білікті тренерлері «бетпе-бет», не болмаса онлаин форматта курстар өткізуді жоспарласа.













Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 99-бет

  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 95-бет

  3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық хат 88-бет

  4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 89-бет











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!