Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
С есебі Тиімді оқыту мен оқу Рефлексия және даму
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Махсутова Даметкен Еламановна Мұғалім портфолиосы Сесебі
№2топ 18. 09. 17. 3-деңгей
Атырау қаласы
Рефлексия және даму
Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей
береді қол созсаң қарсы алдыңнан қарсы
алдыңда айналсаң артыңда тұрғандай-деп
Сократ айтқандай қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы білім мазмұны мен әдіс тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған.Hatte,2009 . Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптарын тыс жерде,кез-келген жағдайда тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Бұл орайда,мұғалім қызметіндегі басымдықтар:
жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;
оқушылардың білім түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;
кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдерімен меңгеретіндігін және түсіну.Оқытудың сындарлы теориясына негізделген бағдарлама мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өзбетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.Себебі : оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді.Оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады.Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман үш көмекші Shulman,2007 деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады.Табысты мұғалім оқушыларға,ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады.Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелеріменкіріктіру болып табылады.Мұндай жұмыс мұғалімдер Бағдарламаға кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру таңдау,зерттеу, танысу т.б.барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету қшін қажет.Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны тиісті сапалық деңгейге қол жеткізуге бағытталған . Бағдарламаның жеті модулі- сапалы әрі табысты оқытудың негізі. Сабақ үдерісінде мұғалім мен оқушының қарым –қатынасын,іс –әрекетін ықпалдастыруда жеті модулдің мәні зор . Осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады
.Әлеуметтік тұрғыдан оқытуды түсіну осы Бағдарламада айтылған Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер негізінде жатыр.Диалог негізінде оқыту және оқу метасана немесе Қалай оқыту керектігін үйрену деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады.Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. Қалай оқыту керектігін үйрену немесе метасана оқушыларға өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. «Білім алуды үйретудің» қозғаушы күші метатану болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар.Мен 7модулды ықпалдастыра отырып тізбектелген сабақта өткізгенімде индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісіне аса мән беруге тырыстым. Оқушыға:
оқу міндетті қоя талаптарды түсінуге;
жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге;
тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға бағыттадым.
Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс екеін түсіндім. Осы мақсатта оқыту ортасын құрып, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатынынесте ұстадым. Білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады, ал мұғалім-бұл үдерісте көмек көрсететін жан екенін білемін.
Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторларды білемін: 1)мұғалімнің балалардың қалай оқитынын түсінуі; 2)нені оқыту керектігін түсінуі; 3)тізбектелген сабақтар топтасын құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; 4)сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі.
Келесі бөлімдер сыныптың ішінде н болып жатқанына көңіл бөліп отырдым. Нәтижесінде оқушылар өздерінің отбасы тарапынан қолдау тауып, мектептің ішінде және одан тыс жерлерде олардың оқу әлеуеті артады. Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асады.Оқыту үдерісінің басында оқушыларым не біледі, оларда қандай қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін күнделікті оқыту үдерісінде АКТ арқылыҚатені тап», « Орындап көр», Ия ,Жоқ» ,Алдыңғы ,кейінгі» т.б.сауалдар қоя отырып қателерін түзетіп отырамын. Бұған дейін бөлім оқу үдерісінің басында оқушылардың қарастыратын тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру үшін бастау болып табылатынын көрсетті. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі үйлесе ғана, оқу табысты болатынын бағдарламадан біліп түсінгенім бар.
Осыған орай, әр сабақта оқушыларымның оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатыстыруды өздерінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайбілуге, бір-біріне ақыл айтуға қателер-оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге баруға бағыттадым.
Сабағымды өткізу барысында оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта орындалатын жұмысты барынша күрделі және әртүрлі болуын реттедім, бұл ретте оқушылардың бойында бұл тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім берумақсатым айқындалған. Оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайдалы болады. Бұны жазалауға ұшырамау немесе емтиханнан құламау түрткі болып табылатын сыртқы уәжден ажырата білген жөн.
Мен бағларламадан түйген ойымның бірі: оқушыларды жұмысқа ынталандыру және сыныптағы үдеріске белсене қатысу керек деген қағида еді.
Түйіндеме: оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Бірінші мәселе: Адамның жаңаны меңгеруі оның нені білетіні және түсінетініне байланысты болады.
Екінші мәселе: Оқу оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.
Үшінші мәселе: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.
Төртінші мәселе: Оқушыларға болжам жасауға, өз ойын құруға, оны қорғауға және сынақтан өткізуге уақыт беріңіз.
Бесінші мәселе: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.
Алтыншы мәселе: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек.
Жетінші мәселе: Мұғалімдер оқушылардың өз идеялары туралы рефлексия жасап, оларды ойластыруды ынталандыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс.
Сегізінші мәселе: қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек.
Өз пәнін білетін мұғалімдер пәнді оқушылардың өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай етіп бере алады. Олар пәннің логикасы мен оқушыларға тиімді қарқынмен мағынаны ұғындыру әдістемесін түсінеді. Осылайша, оқушылар өз дағдыларын қолдануды үйренеді, сондай-ақ пәннің құрылымы мен мазмұнына тереңдейді.
Білімге бағдарланған оқу ортасында мұғалімдер үстірт оқуға емес, терең білім алуға ынталандырады. Мұндай оқу барысында оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасап, жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу»-жаңаны білу жолындағы кезекті қадам.Міне осы бағдарламадан түйген ойымды өз сыныбыммен сабақ беру кезеңінде жүзеге асырдым.Математикадан сабақтарымды өткізген кезде алдыма мақсат қойдым: сындарлы оқыту теориясын ұстана отырып, оқушыларымды белсенділікке ,дербеc, өзіндік ой- пікірін айта алатынтұлға етіп қалыптастырамын деген ой.Өткізген 4 сабағымда 7модулды ықпалдастыра отырып өткізуге тырыстым.Оқытудың жаңа әдіс тәпайдалана отырып оқу пирамидасына да сүйендім. Сабақтарымда аудио-визуальды қабылдау, көрсетілім,өзгелерді оқыту,талқылау осы сияқты әдістерді барынша күнделікті қолдандым.
Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар оқу үшін бағалауды пайдланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. Оқу үшін бағалау- оқушылар белгілі бір уақыттың ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс. Ашық сауалдар, бір-біріне өзінің оқу мақсаттары туралы айтып беру сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. Оқушылар жұппен де, жеке де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған қалай жеткенін түсінуге ықпал етеді. Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алға қойған мақсаттарына қарай жылжиды .
Тізбектелген сабақтарымды өткізген кезде ,сабақ кезеңдернде белгілі бір тапсырманы дұрыс орындағанда оқытуды бағлауды жүзеге асырып отырдым. Ауызша мадақтауды да ұмытпадым,жас ерекшелігін де ескере отырдым.Метатану дағдыларының өрістеуі білім алушыларға ондай қабілеттер айқындалмаған оқушылармен салыстарғанда жаңа тақырыптарды, пәндерді және пән салаларын жылдамырақ оқуға және мұғалім тарапынан қосымша назар аударуды талап етпеуге жол ашатын ерекше мүмкіндіктер береді. Басқаша айтқанда, метанымдық қабілеттер оқушыларға білім алуында тәуелсіздік береді. Соның салдары ретінде, олар әдетте:
материалды «есте сақтау» және «түсіну» ұғымдарының әртүрлі әдістері бар екенін мойындап, мағынасын ажырата алуға үйренеді (мен мұны есте сақтай аламын ба? маған мұны есте сақтау қажет пе? Бұл тақырыпты мен шын игердім бе?
материалды сараптап, оны күрделілік деңгейі мен назар аудару талаптарының дәрежесі бойынша бөлуге қабілетті (мына фрагмент қарапайым, ал келесіге назар аудару керек);
материалды игеру деңгейін анықтай отырып, өз-өздерін тексеруге және тестілеуге қабілетті (мен мұны дұрыс түсіндім бе?);
қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі (мен тығырыққа тірелдім және менің стратегияларым нәтижесіз болып шықты, сондықтан маған көмек қажет). Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек.
Оқытудың қандый жолы қолданылса да оқыту тиімділігі ұғымына қатысты қарастырылатын екі көзқарас бар.Біріншіден оқушылардың жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі екіншіден , оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым -қатынас ретінде қарастырылуы.Оқытудағы сындарлы тәсіл оқушыларға өз білімдері мен ұстаныдары жайында ойланып ,тиісті сұрақ қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгерт ге мүмкіндік береді . Аталған ой үдерісі өз болжамдарына күмәнмен,сын тұрғысынан қарай отырып,сол арқылы әлем ,жаратылыс, тіршілік туралы өз түсінігін тереңдетіп,кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.Оқытудың бұл түріндеоқущылар өте маңызды рөл атқарады:олар өз құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.Ал біздің міндетіміз, оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып,оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз ету, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болған абзал деген пікірмен толықтай келісемін.
Болашақ қадамым:
-Оқытуға Бағдарламаның 7модульдерді және жаңа әдістерді енгізу. Оқытуға Бағдарламаның 7 модульдері және жаңа әдістерді енгізу;
- Бастауыш сыныптарда әрі қарай диалогтық оқытуды пайдалану;
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалану;