Ізгі педагог
Ш.А.Амонашвилидің бір еңбегі туралы
пікір
«Улыбка моя,где
ты?»
Ш.А.Амонашвилидің «Улыбка
моя,где ты?» еңбегін «Қайдасың сен,Күлкім менің?» деп аударды.Мен
ізгі ұстаз бұл еңбегінде неліктен күлкіңіз дейді?қандай күлкіңіз
дейді?деген сұрақтарға жауап іздедім.Бір қарағанда кітаптың аты
түсініксіздеу.Жаңашыл - педагог шығармасын ақын Марианна Озалиняның
күлкі турал қысқаша өлеңінен бастайды.Өлеңнін қысқа болғанымен
мазмұнында үлкен өмір мәселесі жатыр.Күліп өмір сүрген,сәбиін күліп
құндақтаған,бар мәселесін жымиып жүріп шешкен адамның күлкісі
данышпанның шапағатындай болып,барлығын күн нұрындай сәулелендіреді
дейді.
Одан әрі ізгі педагог
балаларды,мұғалімнің өмірін байыпты түсінген сайын,педагогика
оқулығына өзінің риза емес екендігін білдіреді,оқулықтан
өзіне,ұстаздарға,балаларға сүйіспеншілік пен құрметті сезіне
алмағанын айтады.Көптеген педагогикалық және психологиялық көптеген
оқулықтарда шығармашылық бар.Бірақ,шабыт жоқ!Шабыт,басқаша айтқанда
– Жаңаны шығару.Шабыт – бұл не деген мистикалық көңіл – күй? Шабыт
қайдан келеді?Материалдық өмірден шабыт тумайды.Егер жанды,жасаушы
бастау болмаса,онда шабыт та жоқ.
Адам шабыттанғанда неғұрлым
жоғары әлемге көтеріледі.Ол үшін ұсақ – түйектердің мәні жоқ.Ол
ешқандай сый – сияпат күтпестен жасап шығарады.Ол қағазбен
емес,жүрекпен айтады.Егер адам асқақ ойласа,онда оған міндетті
түрде шабыт келеді.Кейде шабыт келеді және кетеді.Алайда,біз
шабытпен өмір сүруге үйренеміз.Біз әрдайым шабытпен өмір сүреміз
және біз осыған үйренуіміз керек! Шабыт басқа жақтан емес, «Мен
өзім қалаймын» деген сияқты іштен тілек – қалауымен келеді.Балалар
әрдайым шабыттанып жүреді.Олар шабыттана ішіп – жейді,шабыттана
ойнайды,тіпті шабыттана төбелеседі.Бұның бәрін шынайы,бар жүрегімен
жасайды.Шабыттанған адам – бақытты адам.
Қандай бала болмасын -бұл
біздің өміріміздегі құбылыс.Ешбір бала кездейсоқ дүниеге келген
жоқ.Әрбір баланың өз міндеті,өз жолы бар.Әр бала шексіз Рух
энергиясын иеленген, - деп айта келіп,автор
педагогика,педагогикалық психология оқулықтарында «Күлкі» туралы не
бар,қандай ақпарат бар№ деп сұрақ қойып оны іздеуге шақырады.Өзі де
іздегенін,алайда таппағанын баяндай келіп: «Күлкі», «Мына әлемде
күлімсіреген жүздер болмаса не болар еді?», «Неліктен мектептен
күлкіні ығыстырамыз?», «Күлкі неліктен керексіз болып қалды?», «Оны
зиянды деп санаймызба?», «Біз неліктен күлмейміз?» деген сұрақтар
қойып,оған қысқаша былай деп жауап береді: «Жүзіне күлкі
үйірілмеген педагог тәрбиеленушілеріне зиянын тигізеді... Жүректен
шыққан күлкі өмірді өзгертіп,оны көрікті ете түседі.Күлкіні өмір
нәрлендірмейді,өмірді күлкі нәрлендіреді. «Шынайы күлкі рухани
сыйлық.Ол рухани жомарттықпен және өзін – өзі құрбан ету мен
байланысты.Өзіңе қиын болып тұрса да,біреулер үшін күлімсіре.Міне
осы құрбандық күлкісі»
Әрі қарай автор күлкіні кең
мағынада қарастырады.Мысалы: Күлліәлем,бүкіл жер бетіндегі өмірді
рутандыратын күлкі мен қуаныш.Мәңгілік және шексіздікпен – Ғарыш
күледі.
көз жеткізуге
болады.
Жұлдыздары,кемпірқосағымен –
Аспан күледі.
Нұры,сәулесімен – Күн
күледі.
Ұлы өмірімен – Жер
күледі.
Өрлеуімен,нығаюуымен – Өмір
күледі.
Шақыруы мен батасымен –
Жаратушы күледі.
Гүлімен,аңқыған иісімен – Дала
күледі.
Сенімі мен жарыққа шығаруымен
– Адам күледі.
Дәл осы шақ пен болашағы үшін
– Сәби күледі.
Кім күлсе сол өмір
сүреді.
Күлмеген
солып,қурайды.
Күлу - болмыстың жақсаруының
белгісі.
Өмірдің тұтқасы Мектеп те күлу
кереккой?!
Ұстаз – Мектептің
күлкісі.
Ұстаздың күлкісі – оның
жүрегі.
Бұдан шығатын қорытынды рухани
ұстаздардың қай заманда,қай жерде өмір сүргеніне қарамай ойлары
тоғысқанын,күллі рухани мөлдір бастауға