400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабак жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабак 6сыныпка биологиядан
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы:


Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама.


Мақсаты :

(SMART,орта мерзімдегі жоспар)



Оқушыларға ашықтұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және олардың көптүрлігі 
туралы білім алуына,түсінуіне ықпал ету.


Күтілетін нәтиже:

(орта мерзімдегі)



Оқушылар тұқым түзіп жер бетінде өсімдіктердің түрлері тұқым арқылы таралатынын, олар ашық жабық гүлді өсімдіктер деп білетінін біледі. .


Табыс критериі:


Ашықтұқымды өсімдік қандай болады және танысады.


Негізгі идеясы:


Ашықтұқымды 
өсімдіктердің құрылысы,көбеюі ерекшеліктерін,жер бетінде таралуын түсіну,біліктілігін арттыру биологиялық терминдерді есте сақтау.


Оқулық :

(ҚР ҒБМ ұсынған)



Жұмағұлова Қ, 
Қожантаева Ж,Атамұра2015ж.


Сабақтың барысы /мұғалімнің ескертпелері: 


Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Оқушыларды 3 топқа бөлемін. 1 – плаундар тобы, 2 – қырықбуын, 3 – қырықжапырақ тобы. Әр топтан оқушылар шығып, өз аттарындағы өсімдіктер жайында сабақ айтады. Және жалпы қырықжапырақ өсімдіктері жайында айтып, «Мен – саған, сен - маған» атты ойын түрінде бір - біріне сұрақтар қояды.
Шаттық шеңберінде тұрып «Ыстық алақан» әдісімен бәріміз бірге сәттілік тілеу.


Шаттық шеңберінде тұрып «Ыстық алақан» әдісімен бір-бір-біріне тілек тілеу.


Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.Түрлі түсті фигуралар арқылы.


Сурет қиындылары арқылы топқа бөлінеді.


«микрафон»әдісі

1.Плаун қандай жерде өседі?

2.Плауның құрылысы қандай?

3.Плаундар қандай жолмен көбейеді?

4.Плауынның спора жетілген масағы қандай өркенде жетіледі?

5.Плауындардың спораларынан не пайда болады



Оқушылар бір –біріне микрофон арқылы бірінші топтан бір оқушы келесі топқа сұрақ қояды.

Тоқта, кәззап, шаппа жасыл аршаны,

Жас ұрпақтың жан саясы, аңсары.

Балталауға қайтіп оны қиясың,

Бұл ару ғой – көздің көркі, тау сәні.

(Қ. Бекхожин)


Жұмбақ

1.Өзі  таудың  бөктерінде   өседі.

Жаңа  жылда  үй  төріне  көшеді.

             (  шырша )

2. Дауылға да, аязға да,

Шыдап  бағар  мізбақпай.

Тау етегі  тұрағы,

Жап-жасыл  боп тұрады.

( Қарағай ) 

Электрондық оқулық


Оқушылар ойланып жауап береді

Оқушылар мұқият тыңдайды.



1топқа Ашық тұқымды өсімдіктердің қырықжапырақтәрізділерден қандай ерекшеліктері бар?

2топқа. Балқарағайдың өзге қылқан жапырақтылардан айырмашылығы неде?

3топқа. Ашық тұқымдылардың адам өмірне пайдасы.

4топқа.Қарағайдың аталық бүрінің құрылысы қандай.Тозаңдану қалай жүзеге асады.

Жаңа терминдер

Микориза – (микос - саңырауқұлақ, риза - тамыр) селбестамыр.

Дің - ағаш сабағы

Шайырлы өзекше – шайыр, эфир майы толған жасушааралық кеңістік.

Бірүйлі – аталық және аналық жыныс жасушаларының бір өсімдікте болуы.

Екі үйлі – аталық және аналық жыныс жасушаларың екі өсімдікте болуы.

Эндосперм – қоректендіруші ұлпа.

Эрозия – топырақтың бүлінуі, құнарлы қабатынан айырылуы.10 мин

Қортынды



Оқушылардың алдына таратпа материалдар таратып беремін өздері оқи отырып постер қорғайды.

Әр топ бір-бірінің жұмысын бағалайды

Әр топтан 2-3 оқушы ойын айтып кетеді.


Қарама–қарсы 
сұрақтар

1.Тұқымды өсімдіктер неше бөлімнен тұрады? (2 бөлімнен: ашық тұқымдылар (тұқыммен көбейеді, жеміс түзбейді) және жабық тұқымдылар (тұқымы жемістің ішінде))

2.Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасса қандай өсімдіктер деп аталады? (ашық тұқымды өсімдіктер)

3.Ашық тұқымды өсімдіктер қалай көбейеді? (тұқыммен көбейеді)

4.Ашық тұқымды өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар)

5.Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі қалай аталады? (сүрек)

6.Ашық тұқымды өсімдіктердің ең көп таралған түрлері (қылқан жапырақты өсімдіктер)

7.Қылқан жапырақты өсімдіктердің бұлай аталу себебі неде? (себебі, жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір)

8.Қылқан жапырақты өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (қарағай, шырша, самырсын, арша)

9.Жер ғаламшарында қанша қылқан жапырақты өсімдіктер бар? (600-ге тарта)

10.Кәдімгі қарағай қандай өсімдік? (жарық сүйгіш, діңі жуан, ашық далалы жерлерде өсетін өсімдік)

11.Қылқан жапырақтылар қандай тамырлы? (кіндік тамырлы, одан жанама тамырлар тарайды)

12.Ұсақ тамыршаларда не түзіледі? (микориза түзіледі)

13.Ағаш сабағы қалай аталады? (дің)

14.Ағаштың қабығы, сүрегі, өзегі қайда болады? (діңінде)

15.Қылқан жапырақтылардың ерекшелігі неде? (көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады?)

16.Қарағай бұтағының бүрлері қайда орналасқан? (жас өркеннің ұшында)




Кері 
байланыс. Оқушылардың сабақтан алған әсерлерінен білу.Топ басшысының топ мүшелерінін бағалауы.

Не білемін?
Нені білдім ?
Нені білгім келеді?


Ашықтұқымды өсімдіктер қосымша хабарлама дайындап келу. №2 зерт аяқтау,кесте толтыру дәптерге мәтінді мазмұндау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
3905
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі