Сабақ
жоспары№3
Оқытушы: Мұзаффар
Адина
Пән: Ислам әдебі және
ахлағы
Мамандық
топ:
0112000 - «Исламтану» (Ислам
негізінің мұғалімі) 1-курс 23-11-83
Сабақтың
тақырыбы: Әдептің дәстүрмен
байланысы
Күні:
Сабақтың
мақсаты:
Ислам біз үшін тек дін ғана
емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі, тіпті елдігіміз, бүгінгі
тәуелсіздігіміз. Олай болса Исламның інжу-маржан асыл құндылықтарын
ардақтау, оны игеру, қорғау, ілгері дамыту, халықтың дүниетанымы
мен салт-дәстүріне қаншалықты сіңісті болғанын зерделеу–бүгінгі
біздің міндетіміз.
Күтілетін
нәтиже:
1.Ислам әдебінде адамның тәні
мен жанының хақысы толықтай беріледі
2.Салт-дәстүрді шариғат пен
үйлестіріп өзгеге үлгі-өнеге болатын өмір
қалыптастыру
Сабақтың
түрі: Білімді жалпылау және
қорытындылау сабағы
Сабақтың әдіс
тәсілдері: Баяндау,топтық жұмыс,ой
толғау
Сабақтың
көрнектілігі: Оқулық,плакаттар,сұрақ
парақшалары
Пәнаралық
байланыс: Фиқһ, ақида,
хадис
Әдебиет:
Негізгі: Сайфуллин Думан Нәдірұлы.
Ислам әдептері.- Алматы, 2017. – 320- бет.
Қосымша: Дін мен дәстүр. І кітап. ҚМДБ.
– Алматы, 2014. - 192 бет. Бағашар Қ. Ислам және өнеге. - Алматы,
2014.
№
|
Сабақ
кезеңдері
|
Кезең
мазмұны
|
Уақыты
|
1
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Сәлемдесу,студенттердің
қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру; шеңбер құрып,
бір-біріне жақсы тілек айту
|
5
минут
|
2
|
Білімдерін
тексеру
Білім бағалау
өлшемі
|
Сұрақтар және жауаптар
жазылған тапсырмалар арқылы сұрау
сұрақ-жауап
сайысы
Әдеп ғылымының
артықшылығы?
Әдеп тақырыбында жазылған
еңбектер?
Әдеп пен ахлақтың мақсаты және
маңыздылығы?
|
25
минут
|
3
|
Жаңа тақырыпты жеткізу
әдісі
|
Ауызша баяндама
арқылы; Ислам діні – адамзат тарихы
мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы
желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат
адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай
қуаңсып, суалған көлдей құлазыған мекендер мұсылманшылықтың аяқ
басуымен көгалды шалғын, көк майсалы жерге
айналды.
|
25
минут
|
4
|
Оқушылардың өздік
жұмысы
|
Әдеп-ахләқтың сүннеттегі
көріністері жайлы әңгімелеу,жазбаша
шығармашылық
|
20
минут
|
5
|
Тақырыпты
бекіту
|
Жалпы сұрау, үлестірмелі
жазбаша тапсырмалар
Мақал-мәтелге айналған
хадистер
Хадистердің ойынан туындаған
мақал-мәтелдер
Наным –сенім,әдет-ғұрып
ізгілік
|
10
минут
|
6
|
Сабақ
қорытындысы
|
Түсінік бере отырып,сандық
жүйе арқылы баяндау
|
3
минут
|
7
|
Үй
тапсырмасы
|
Сайфулин Д.Н. С 16 Ислам
әдептері-Алматы,2017, Өтілген сабақты оқып келу және жазбаша түрде
дайындау
|
2
минут
|
Оқытушының
қолы:_______________
Әдіскер:
___________________
Әдеп –ахлақтың дәстүрмен
байланысы
Ислам діні – адамзат тарихы
мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы
желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат
адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай
қуаңсып, суалған көлдей құлазыған мекендер мұсылманшылықтың аяқ
басуымен көгалды шалғын, көк майсалы жерге айналды. Қасиетті Құран
Кәріммен бірге қазақ даласына үлкен Ислам өркениеті келді. Ғылым,
білім жанданды. Көптеген қалалар салынды. Онда медреселер мен
ғылыми ошақтар жұмыс істеді.
Біз – өзіндік ділі, тамыры
терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар
халықпыз. Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап,
жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп. Мал-мүлкінен,
дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы
бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің
тұрағы» деп аталы сөз қалдырған.
Иман – қазақ халқының
рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте
кең өлшемді ұғым. Ата-бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де
басты тірегі – осы. Барлық бет-болмысының, мінез-құлқының
айнасы.
Имандылық деген бір ғана
сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер
түгел сыйып тұр. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып,
«иманигүл» деп ат береді:
Махаббатпен жаратқан
адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан
тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй
бауырым деп
Және хақ жол осы деп
әділетті, — дейді.
Имандылық қасиеттің сырына
тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін
өздеріне тірек еткен. Ол, біріншіден – дін. Яғни, ерте ғасырлардың
өзінде-ақ ұлан-ғайыр қазақ сахарасына кең тарап, жергілікті
ұлттардың (оның ішінде түркі тектес тайпалардың) арасына сіңіп,
олардың өмір-тіршілігімен қабысып кеткен ақиқат діні – Ислам діні.
Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай,
сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Екінші
тірегі — салт-дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке»
дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі.
Салтынан, әдет-ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге
елдің өкілдерін, ғалым-зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз.
Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі.
Әдебиетіміз бен мәдениетіміз
ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпымыз бен мінез-құлқымыз, халықтық
болмысымыз, өмір салтымыз, тәрбиеміз де, Қазан төңкерісі әкелген
жасанды арзан құндылықтарға емес, Ислам мәдениеті негізінде
қалыптасқан. Ислам біз үшін тек дін ғана емес, рухани мұрамыздың
қайнар көзі, тіпті елдігіміз, бүгінгі тәуелсіздігіміз. Олай болса
Исламның інжу-маржан асыл құндылықтарын ардақтау, оны игеру,
қорғау, ілгері дамыту, халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүріне
қаншалықты сіңісті болғанын зерделеу–бүгінгі біздің
міндетіміз.
Халқымыз Ислам дінін
қабылдағаннан кейін ондағы адамның жаратылысына тән құндылықтар
салт-дәстүріміз, әдет-ғұрыптарымыз бен наным-сенімдеріміздің
негізіне айнала бастады. Бұл әдет-ғұрыптар мен сенімдердің негізгі
қайнар көзі – Құран аяттарынан бастау алып жатса, олардың көбі
Исламның екінші негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттерден
тұрады.