сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың азық-түлік туралы түсінігін молайту,сөздік қорын молайту
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖТК ІІ деңгей


Сабақтың  тақырыбы: «Азық-түлік »

Сабақтың  мақсаттары 1. Білімділік: Балалардың азық-түліктер туралы түсініктерін кеңейту. Күнделікті қолданатын азық-түліктерді жеке сөзбен дұрыс айтуға үйрету. Сөйлеу кезінде «азық-түліктер» деген жалпылауыш сөзді қолдана білуге үйрету. Азық-түліктердің қажеттілігі жайында түсінік беру. 2. Дамытушылық: Артикуляциялық және ұсақ қол моторикалырын, дұрыс тыныс алу қабілеттерін дамыту. Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, топта жұмыс  жасау қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Балаларды  жинақылыққа, еңбек сүйгіштікке, белсенді, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті көрнекі құралдар: Тақырыптық суреттер, артикуляциялық жаттығулар суреттері, жеке айналар, сүрткіштер, үлестірмелі  материалдар.

                                            САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

I.Ұйымдастыру кезеңі.  

1. Сәлемдесу. Балалар шеңбер құрып:

Армысың алтын күн,

Армысың жер ана.

Армысың көк аспан,

Армысыңдар достарым.

2. Балалардың көңіл - күйлерін сұрау.

Жыл мезгілі, апта күндері туралы сұрақтар қою. Жауаптарын тыңдап, толықтарып отыру.

3. Артикуляциялық жаттығулар:

«Бақа», «Піл», «Сусиыр», «Жалпақ тіл», «Күрекше», «Ине», «Сағат», «Футбол», «Әткеншек», «Ат шауып келеді».

4. Тынысқа арналған жаттығулар:

«Ыстық шәй»

І.Негізгі бөлім: Балаларға «Нан иісі» өлеңін оқып беру. Балалардан өлеңде не туралы айтылғанын сұрау.

 Есіңде болсын, балам,

Нан- қастерлі тағам.

Қоқымын оның шашпа,

 Жерге түссе,баспа.

(Балалар суреттердің ішінен наның суретін көрсетеді)

- Жарайсыңдар балалар! Бұл өлең жолдарында нан туралы айтылған екен. Нанды қастерлеуіміз керек.

Нан – ұннан жасалатын азық-түлік түрі. Яғни біздің бүгінгі сабағымыз азық- түліктер туралы болмақ.

ІІ. Жаңа сабақ. Сурет бойынша жұмыс. - Мынау сүт тағамдары: сүт, айран, май, ірімшік, құрт. Бұл тағамдар үй жануарлыры сиыр, ешкі, жылқыдан алынады. Яғни біз осы жануарлырды күтіп-баптасақ, олардан біз сүт сауып алады екенбіз.

- Мынау ұн тағамдары: бөлке нан, бауырсақ, тәтті тоқаш, торт. Бұл тағамдарды біз бидай дәнін өңдеп, ұн жасап, ал ұннан түрлі нан, күлшелер жасайды екенбіз.

- Мынау өсімдік майы тағамдары: сұйық май, халва оларды біз – күнбағыс өсімдігінен аламыз. – Ал мынау қант: қантты – қызылшадын өңдеп, әзірлейді. т.с.с. басқа да тағам түрлерінің неден алынатыны жайлы айтып, суреттен көрсете отырып түсіндіру.

Балаларға азық-түлік дүкенінің суретін көрсетіп, дүкенде сатылатын азық-түліктерді жеке-жеке атату.

- Балалар қараңдаршы мынау -дүкен. Бұл дүкенде азық-түліктер сатылады.

- Мынау сүт тағамдары: сүт, айран, май, ірімшік, құрт.

- Мынау ұн тағамдары: көлке нан, бауырсақ, тәтті тоқаш, торт.

- Мынау ет тағамдары: сиыр еті, қой еті, тауық еті, шұжық.

- Мынау тәттілер: кәмпит, шоколад, мармелад.

- Мынау сусындар: шәй, алма шырыны, газдалған су.

ІІІ. Сергіту сәті. «Он саусақ»

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине колға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ!

І V. Сабақты жалғастыру. «Дұрыстап ойлан»

Бетін жумай Жұматай

Нан жеп отыр ұят-ай!


- Балалар, тамақ ішерде не істеу керек?

- Жұматай не жеп отыр?

«Жұмбақтар шешуін тап»

   1. Қардай аппақ,

       Балдай тәтті-ақ               (қант)

   2. Сырты жасыл, қатты,

       Іші қызыл, тәтті             (қарбыз)

   3. Құрғақ жерде сақтайсың,

       Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)  

VІ. Қорытындылау:

- Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Біз бігін не үйрендік?

- Мына дүкенде не сатылады екен? Атап беріңдерші.

- Мына азық-түліктерді атап беріңдерші

- Осылардың барлығын біз бір сөзбен не деп атаймыз?

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтап, мадақтап, бағалау.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2021
1090
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі