Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
сабақ жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Армысың, кең дүние!
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттері: құрмет, сыйластық
Мақсаты: Оқушыларға «дүние», «әлем», «қоршаған орта» туралы түсінік беру, дүниеге деген жағымды көз-қарастарын дамыту.
Міндеттері:
- Оқушыларға «дүние», «әлем» жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын таба білуге ықпал ету;
- Оқушылардың әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын таба білуге ықпал ету;
Ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: аудиокассета.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңберге тұрып, Ш.Сариевтың сөзіне жазылған Ж.Тұяқбаевтың «Айналдым сенен, атамекен!» әнін орындайды.
әнді оқушыларға аудиокассетадан тыңдатуға да болады.
Айналдым сенен, атамекен!
Сөзі Ш.Сариевтікі
Әні Ж.Тұяқбаевтікі
Әңгімелесу
Мұғалім оқушылардың «дүние», «әлем», «қоршаған орта» ұғымдары туралы түсініктерін аңғарып, сабақ тақырыбына бағыттау мақсатында оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген сұрақтарға назар аудартады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру кезінде өздерін қоршап шексіз кең дүниені көз алдарына елестетеді. Қоршаған ортаға деген өз қарым-қатынастары жөнінде ойланады.
Мұғалім оқушылардың ойларын қорытындылай келе, адамның дүниеге саналы, дұрыс көзқарасының орнығуы адам өмірі үшін аса маңызды екенін айтады.
Мәтінмен жұмыс ретінде «Бұлбұл, жарғанат және қарақұрт» ертегісін оқу ұсынылады.
Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің басты идеясын түсінуге тырысады. Мұғалім мәтіндегі тіршілік иелерінің кең дүниені қалай қабылдауы, оған өзінің қатынасын қалайша білдіруі сияқты негізгі ойға оқушылардың зейінін аударады.
Мәтінде айтылғандай, бұлбұлдың «мүлгіген тауды, қалғыған орманды, шық оранып, балбыраған гүлді әсем әнімен тербетіп, таң арайын, күн шұғыласын сұлу әнімен қарсы алуының» мәні неде, ал жарғанаттың «әлемді тербеткен бұлбұл әнін өлердей жек көріп, таң саз бергенде бұлбұл әні естілсе болды, өзінің қапас үңгіріне кіріп алуының» мәні неде екенін оқушылардың ой таразысына салып, өз пайымдарын айтуына болады.
Сондай-ақ оқушылар мұғалімнің нұсқауымен неліктен бұлбұлдың «О, құдіретті күн! Тек шапағыңды жалпақ аңғарға! Жайқалып, жандансын дала, жайнасын жалпақ өңір! Сен бар жерде өмір бар! Сен бар жерде тірлік бар!» - декгенін, ал жарғанаттың «Қараңғылықтың құшағы жақсы ғой. Соны да түсінбейді. Қызық өмір менің үңгірімде», - деп айтуының себебі неде екеніне ой жүгіртіп, өз пікірлерін білдіреді.
Бұлбұлдың үнін өшіру үшін жарғанат неліктен қарақұртты таңдады? Бұлбұлдың «Ойлағаным – ізгілік, жарлағаным – жақсылық нышаны» дегенін қай ісінен байқауға болады? Бұлбұлдың әсем әні қарақұрттың да тас жүрегін жібітуінің себебі неде? Деген сұраулардың төңірегінде балаларды ойландыруға болады.
Бұлбұл, жарғанат және қарақұрт
Ертегі
Бұлбұл кең дүниеге өз сезімін қалай білдірді?
Жарғанаттың кең дүниенің әсемдігін сезіне алмауының себебі неде?
Қарақұртқа кең дүниенің кереметтігі қалай әсер етті?
Кең дүние өзіңді қандай сезімге бөлейді?
Оқу ақпараты
Оқу ақпараты оқушылардың әлем, дүине туралы түсініктерін толықтырады.
Көп қырлы, сан алуан құбылыстар жиынтығы болатын кең дүние - әсем, шексіз әрі мәңгі. Ақ көңіл, таза ниетпен кең дүние келбетін толық ұғыну адамның өз өмірінің мәнін түсініп, орнын табуға көмектеседі.
Осы оқу ақпараты арқылы оқушылар әлемге қатынастың, дүниені ұғынудың адам баласы үшін қаншалықты маңызды екеніне мән береді. Өз ойларын ортаға салады.
Дәптермен жұмыс
2-тапсырма
өлеңді оқыңдар. өздеріңнің дүниені көзқарастарыңды әңгімелеп беріңдер.
Жүректен жүрекке
Оқушылар кезекпен бір-бірлеп шеңберге жиналып, барша әлемді, кең дүниені қалай қабылдайтындарын былайша білдіреді:
- Мен осынау әсем де көрікті әлемді сүйемін. әлем маған бар байлығын сыйлайды. Мен әлемді көркейтуге бар ықыласыммен дайынмын».
Мақсаты: Оқушыларға «дүние», «әлем», «қоршаған орта» туралы түсінік беру, дүниеге деген жағымды көзқарастарын дамыту.
Міндеттері:
- Оқушыларға «дүние», «әлем» ұғымы туралы түсінік беру;
- Оқушылардың әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын таба білуіне ықпал ету;
- Ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір-бірімен сәлемдеседі. өздерінің әлемді қалай түсінетіндерін, өзі үшін әлем деген нені білдіретінін кезекпен айтып шығады:
«Мен үшін әлем - ...»
Дәйексөз
Сабақ дәйексөзді таныстырудан басталады.
Оқулықта Иоганн Гетенің «Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі» - деген нақыл сөзі берілген.
Мұғалім оқушылардан осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.
Оқушылар өз түсініктерін айтып шығады.
Тапсырма
Оқушылар өздерінің әлемге қарым-қатынастары мен дүниеге көзқарастарын тапсырманы орындау барысында жүзеге асырады.
Барша әлемге күллі адамзат баласына, алыстағы достарға, басқа адамдарына арнап жылы сөз, жақсы тілек жазыңдар.
Тапсырманы оқушылар жеке, жұппен, топпен орындауларына болады.
Оқушылар өз ойларын бөлісу үшін тапсырманы сыныпта жария етеді.
Тапсырма дәптермен жұмыс түрінде орындалады.
Дәптермен жұмыс
Оқуға ұсынылған «Қабуснамадан» үзіндіні мұғалім оқушыларға өз бетінше оқуды тапсырды.
Мәтінді оқи отырып, оқушылардың әлемді қабылдауы, дүниені түсінуі арта түседі. Мәтін оқушылардың өмірдің мәні, өмірден адамның алатын орны жөніндегі түсініктерін айқындауға көмектеседі.
Мұғалім оқушылардың мәтінде айтылған «дүние заңдылықтарына немқұрайды бейтарап қарауға болмайды», «ойлаған мақсатың орындалмаса, оған жұлдыздар немесе замана айыпты деп ойлама», «дүние түзілгенде ұлы даналықпен тізіліп, оған көркемдік пен сұлулықты үйлестірді», «ақ көңілі пәк, таза жандар адаспайды», - деген түйінді ойларға оқушылардың назарын аударып, оны өз ойларымен түсіндіріп айтып берулеріне мүмкіндік жасайды.
Қабуснамадан
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
Кең дүние үйлесімділігінің мәні неде?
Кең дүние үйлесімділігін байқап, ұғыну не үшін қажет?
Тыныштық сәті
Сабақта тыныштықтың сәті ұйымдастырылады.
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла-бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Дәптермен жұмыс
3-тапсырма
«Әлем» анаграммасын шешіңдер.
Жүректен жүрекке
Балалар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, Н.Баймұхамедовтің сөзіне жазылған А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін орындайды.
Ақ көгершін
Сөзі Н.Баймұхамедовтікі
Әні А.Жұбановтікі
Ақ көрегшін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің,
Бар, кезіп қайт, ел үшін
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.