Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақ жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
ҰМЖ бөлімі: Саяхат 1.3АЖер және ғарыш |
Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп |
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: К. Оразгалиева |
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандары: |
Сабақ тақырыбы: |
Ғарыш дегеніміз не? |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты |
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау. 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру. |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы орындай алады: - ғарыш ұғымымен танысады; Көпшілік оқушы орындай алады: - ғарыш ұғымына байланысты сөздерді белгілі бір ұқсастығына қарай топтастыру; Кейбір оқушылар орындай алады: - ежелгі адамдардың шоқжұлдыздарды өз өмірлеріне қалай қолданатынын дәлелдеу; |
Бағалау критерийлері |
-ғарыш дегеніміз не екенін біледі. -ғарыш денелеріне ғаламшарлар, Жер серіктері,жұлдыздар, кометалар,астероидтар жататынын біледі. -ежелгі адамдардың астрономиямен не үшін айналысқанын анықтайды. |
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: - ғарыш туралы түсіндіре алады; - қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін айта алады; - астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттай алады; - ежелгі адамдардың астрономиямен не үшін айналысқанын анықтайды; |
|
Пәндік лексика және терминология - ғарыш - астрономия -ғаламшар -Жер серіктері -жұлдыздар -кометалар -астероидтар |
|
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - ғарыш дегеніміз ...... -ежелгі астрономия -шоқжұлдыздар көмегімен бағдарлау |
Құндылықтарды дарыту |
Белсенді қарым-қатынас,өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту,бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу. |
Пәнаралық байланыс |
Өзін-өзі тану, дүниетану |
АКТ-ны қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта, http://www.cosmos-online.ru/planets-of-the-solar-system.html |
Бастапқы білім |
-қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізуді біледі; -көшпенді халықтың тіршілігі , өмір сүру кезеңі туралы біледі. |
Сабақ барысы |
|
||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт есебі |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар
|
|
||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин 5 мин 2 мин 5 мин 5 мин Сабақтың ортасы
5 мин
3 мин
5 мин
1 мин 3 мин |
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларменсәлемдесу,түгендеу,оқушылардың құралдарын реттеу. ІІ.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық дайындық: (оқушылар шаттық шеңберінде тұрады) Қайырлы күн, достым Қайырлы күн болсын. Бүгінгі келген күн, Сәттілікке толсын. ә)Топқа бөлу (жұлдызшалар бойынша) -оқушыларды көк,қызыл,сары,жасыл түсті жұлдыздарды таңдату арқылы төрт топқа бөлу. «Серпілген сауал» әдісі Мақсаты: Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында жұлдыз туралы білетіндерін сұрақтарды лақтыру арқылы ортаға салу, түсініктерін одан әрі кеңейту. Сұрақ: Жұлдыз дегеніміз не? Жауап: Жұлдыз дегеніміз аспанда болады.Жұлдыз деген біздің теледидардағы әншілер.Жұлдыз деген адамның есімі болады. Сұрақ:Жұлдыздың пішіні қандай болады? Жауап: Бесбұрышты Сұрақ:Жұлдызды қайдан көрдің? Жауап: Жұлдыз түнде аспанда болады.Айдың қасында жарқырап тұрады. Сұрақ: Балалар, жұлдыздардың түстері туралы не білесіңдер? Жауап: Жұлдыздардың түстері олардың температурасына байланысты өзгеріп отырады. Сұрақ: Аспанда тағы не болады?Ғарыш дегенді қалай түсінесің? Ашық жабық сұрақтарды қою арқылы өткен материал бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу және жаңа проблеманы туындату.Өз бетінше оқуды жүзеге асыру.Оқушылардың қосымша жауаптарын тыңдау. Дескриптор: -жұлдыз туралы білетіндерін ортаға салады. -аспан денелерін және ондағы өзгерістер туралы айтады. Бағалау Өзін-өзі бағалау Мен қалыптастырушы бағалаудың «Сұрақты төңкеріңіз» әдісін қолданамын, оның мақсаты фактінің қайталануын көздейтін сұрақты қоюдың орнына, ол оқушыны ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құрады. Бірін-бірі бағалау Мен қалыптастырушы бағалаудың «Серпілген сауал» әдісін қолданамын, өйткені оның мақсаты тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырады. Мұғалімнің бағалауы Мен қалыптастырушы бағалаудың «Мұғалімнің шолуы» әдісімен бағалаймын.Оның мақсаты мұғалім оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін сұрақтарды қолдана отырып, сабаққа немесе блокқа шолу жасайды. Сонымен қатар сабақтың тиімділігіне және оқу үдерісіне көмектесуге назар аударуға болады – мысалы, оқушылар оқу үдерісін жақсарту үшін қандай өзгерістер енгізу қажет екенін анықтай ала ма? «Ғарыш» туралы танымдық мультфильм көрсетіледі. - Бүгінгі сабақ тақырыбы мен күтілетін нәтиже таныстырылады. Ғарыш дегеніміз не екенін түсінеді.Астрономияның нені зерттейтінін біледі. -Мультфильмнен бүгінгі сабаққа байланысты нелерді көрдіңдер? -Олардың қозғалысы туралы не айта аласыңдар? Дескриптор: -ғарышта не бар екенін көреді. -оқушылар ғарыш денелерінің орнын, заңдылықтарын айтады. Бағалау Өзін-өзі бағалау Мен қалыптастырушы бағалаудың «Бас бармақ» әдісін қолданамын, оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексереді. Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін. Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін. Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім. Бірін-бірі бағалау Мен қалыптастырушы бағалаудың «Минуттық шешім» әдісін қолданамын. Мақсаты оқушылар сабақ немесе тарау кезінде оқылған аса маңызды тармақтарды (пайдалы, мағынасы бар) анықтайды. Бұл оқушыларды жетістікке жетелейтін әдіс. Мұғалімнің бағалауы Мен қалыптастыруды бағалаудың «Смайликтер» әдісін қолданамын.Мақсаты оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.
Белсенді оқытудың тапсырмалары Белсенді оқытудың «Бекіту мен қолданысқа енгізу» тәсілін қолданамын. Мақсаты:жаңадан меңгерілген дағдыларды тәжірибеде қолдану және сыныпта орындауға арналған әр түрлі жаттығуларды көмегімен түрлі мүмкіндіктер ұсыну.
1-топ және 2-топ «Ғарыш» рөлдік ойыны (осы мультфильм негізінде топтық тапсырма ұсынылады) Мақсаты: Астрономия ұғымына қатысты терминдермен танысады және галактикадағы қозғалыс туралы ақпарат алады. Оқушылардың «Ғарыш» атты рөлдік ойынға қатысу. Ол үшін балаларға Күн, Ай, Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың, астероидтар мен кометалардың суреттері таратылады. Ұғымдық аппаратын қалыптастыру үшін әр топтан берілген суретке сай оқушыны келісіп шығаруды сұраймын.Галактикада қалай қозғалатындарын көрсету. Осыны оқушылармен талдау.
3-топ және 4-топ «Стоп кадр» әдісі Мақсаты: Талқылауды демеу үшін кинестетикалық әдіс. Астрономия туралы не білесіздер? Берілген тірек сөздер мен суреттерді пайдаланып әңгімелейді. Тірек сөздер: ғарыш, аспан денелері,жұлдыздар,ғаламшарлар,күн, жер, ай, телескоп, ғарышкер, ғылым Дескриптор: - галактикадағы қозғалысы туралы ақпарат алады. -астрономияның ғарыш турлы ғылым екенін түсіндіреді. Бағалау Өзін-өзі бағалау Мен қалыптастырушы бағалаудың «Белсенді оқушылар» әдісін қолданамын. Мақсаты ОүБ-нің кілті оқушылардың белсенділігі, олардың оқу үдерісіне тартылуы болып табылады. Керісінше емес, аталған осы мақсатқа қол жеткізу үшін оқу мазмұнын қалай пайдалануға болатынын ойлаңыз.Егер оқу мазмұны қызықсыз болып көрінсе, анағұрлым қызықты және көңілді тәсілді қолданады.. Бірін-бірі бағалау Мен қалыптастырушы бағалаудың «Жауап беретін әріптес» әдісін қолданамын.Мақсаты жұптармен немесе әріптестермен жұмыс істегенде ауызша бағалау. Оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін. Мұғалімнің бағалауы Мен қалыптастырушы бағалаудың «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісін қолданамын, оның мақсаты сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе. Оқулықпен жұмыс Оқылым-Айтылым - оқулықтың 50-51 беттерімен танысады. -әр топқа бір сөзден ғарыш, астрономия, шоқжұлдыздар, ғарыш денелері сөздері беріледі.Соған байланысты түсіндірме анықтама сөзді тауып топтастырады.Топта талқылайды. Дұрыс жауап тапқан топқа «Астрономдар» жұлдыз беру арқылы бағалайды. Дескриптор: -оқушылар оқылым кезіндегі білімдерін қолданады. - тірек сөздерді белгілі бір ұқсастығына қарай топтастыра алады. Бағалау Өзін-өзі бағалау Мен қалыптастырушы бағалаудың «Бас бармақ» әдісін қолданамын, оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексереді. Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін. Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін. Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім. Бірін-бірі бағалау Мен қалыптастырушы бағалаудың «Түсініктеме арқылы бағалау» әдісін қолданамын, оның мақсаты түсініктеме арқылы бағалау оқушыларға марапатқа немесе жазалауға тіреліп қалмай (баға қойғандағы сияқты), назарларын алға басу мен дамуға аударуға мүмкіндік береді. Түсініктемелерді оқулықтарда, оқулықтардың басындағы кестелерде, оқу күнделіктерінде немесе журналда қалдыруға болады. Соңғылары мұғалім мен оқушыларға түсініктемелердің көбеюі мен жақсаруын қадағалауда көмектеседі. Түсініктемелерде оқушының нені жақсартуы керектігіне қатысты айқын нұсқаулықтар берілуге тиіс. Кері байланыс беруді көздейтін жаттығулар мен жұмыстарды жоспарлаңыз – тапсырмалардың құрылымы үдеріске көмектеседі. Мұғалімнің бағалауы Мен қалыптастыруды бағалаудың «Смайликтер» әдісін қолданамын.Мақсаты оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.
Дәптермен жұмыс Жаратылыстану жұмыс дәптерінің 32- беттегі тапсырма жұлдыздарды қосу арқылы шоқжұлдызды шығарып алады. Бұл тапсырманы барлық оқушылар орындап, шыққан шоқжұлдыздың атын жазады. Саралау тапсырмалары Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету » тәсілін қолданамын. Өзіндік жұмыс (деңгейлік тапсырмалар) Мақсаты: Оқушылардың қажеттілігіне қарай түрлі тапсырма бере отырып, ілгерілеуіне бағыт беру, нені түсінгендеріне көз жеткізуге, өздерінің мықты және әлсіз тұстарын ажырата білуге үйрету. 1-негізгі деңгей сәйкестендіреді. 2-дамытушылық деңгей сурет бойынша әңгімелейді. 3-шығармашылық деңгей венндиаграма жұлдыз бен шоқжұлдызды салыстырады. Дескриптор: - шоқжұлдыздарды суреттермен сәйкестендіреді. -берілген сурет бойынша әңгімелей алады. -шоқжұлдыздың жұлдыздар айырмашылығын салыстырады. Бағалау Өзін-өзі бағалау Мен қалыптастырушы бағалаудың «Түзетулер» әдісін қолданамын» әдісін қолданамын. Оның мақсаты бағаламастан бұрын, оқушылардың өз жұмыстарын түзеткендеріне дәлел келтіруді талап ете отырып, түсініктеме беру арқылы жауапты қайта тұжырымдауға және бағалауға назар аударады. Бірін-бірі бағалау Мен қалыптастырушы бағалаудың «Жақсарту жөніндегі нұсқаулық» әдісін қолданамын. Мақсаты: оқушылардың жұмысына түсініктеме бере отырып, бұл үдерісті оқушыларға жақсарту жөнінде нұсқаулық беру үшін қолданады. Оқушылардан сыныптастарының жұмыстарын бағалаған кезде түсініктемелерді қолдануын сұрай отырып, үдерісті дамытады. Нұсқаулық ұғымын және оның басқа ереже түрлерінен қалай ерекшеленетінін талқылайды.(мысалы, ұйғарым, ескерту және т.б.). Мұғалімнің бағалауы Мен қалыптастырушы бағалаудың «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісін қолданамын, оның мақсаты сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
Сергіту сәті: «10 сұрақ»
Тақырыпты бекіту тапсырмалары (кері байланыс) «Бөлшектен бүтін құрастыр» әдісі арқылы жинақталады. 1.Астрономия сөз қандай мағына береді. (Астрономия сөзі гректің «астрон» (жұлдыз), «номос» (заң) деген екі сөзінен шыққан.Ол «жұлдыздар заңы» деп аударылады. 2. Берілген сөздерден астрономия ғылымы туралы сөйлем құрастырып айт. (Астрономия-асан денелерін, құрылысын,қозғалысын,зерттейтін ғылым) 3.Өзіннің шоқжұлдызынды айт. (сұраққа шыққан балаға байланысты) 4.Ғарыш денелеріне нелер жатады? (Ғарыш денелеріне ғаламшарлар, жер серіктері,жұлдыздар, кометалар,астероидтар жатады) |
Слайд
Түрлі түсті жұлдызшалар
Доп, суреттер (түн мезгілі, жұлдыз, аспан, ай)
«Ғарыш» туралы танымдық мультфильм
https://www.youtube.com/watch?v=pjnMgshSBCI
Рөлдерге бөлуге арналған (күн, ай, күн жүйесіндегі ғаламшар, астероидтар мен кометалар) суреттер.
Тірек сөздер ( ғарыш, аспан денелері, жер, ай, жұлдыздар, ғаламшарлар, ғылым, телескоп, күн, ғарышкер,) Суреттер
Жаратылыстану 1-сынып оқулығы 50-51 беттер Авторлары:С.Н.Кузнецова,Д.Н.Сапақов,И.Н.Васева,Ә.Қ.Жамиева,М.Қ.Құсайынова, М.Қ.Тасболатова «Мектеп» баспасы, 2016
Жаратылыстану 1-сынып жұмыс дәптері 32-бет
Суреттер
|
|
||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин
|
Рефлексия Мақсаты:Кері байланыс орнату Сабақ соңында оқушылар жұлдыздардың түстерін бояу арқылы рефлексия жүргізеді. Бағалау: Оқушылардың жауабы мен жұмыстарын мадақтап бағалаймын. Үйге тапсырма |
- егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, жұлдызды жасылға боя.
- егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, жұлдызды сары түске боя.
-егер саған тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, жұлдызды қызыл түске боя.
|
|||||||||||||||
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? - астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау - ежелгі адамдардың астрономиямен не үшін айналысқанын анықтау
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Мен қалыптастырушы бағалаулардың «Мұғалімнің шолуы», «Смайликтер», «2 жұлдыз,1 тілек» әдістерін қолданудағы мақсатым оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру және сабақтың тиімділігіне, оқу үдерісіне көмектесу үшін алдым.
|
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) Өзін-өзі тану(шаттық шеңбері), дүниетану (ғарыш) сабақтарымен байланысқан. Сергіту сәтін «10 сұрақ» әдісі арқылы жасайды. Оқу құралын дұрыс пайдалануын,қауіпсіздік ережесін сақтауларын қадағалау. Белсенді қарым-қатынас,өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту,бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу. |