Материалдар / Сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мамандарына арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ : Қазақ әдебиеті

Мектеп:


Күні :

Мұғалім:


Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Адамгершілік - асыл қасиет

Сабақтың тақырыбы:

А.Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, нұсқаулық жазу.

Сабақ мақсаты:

Шығарма үзіндісін жатқа айту;

кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;

сыни хабарлама жазу үшін нұсқаулық жазу.

Ресурстар

Ғаламтор материалдары

Бағалау критерийлері:

Шығарма үзіндісін жатқа айтады;

кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын аша алады; нұсқаулық жазады.

Дескриптор

Шығарма үзіндісін жатқа айтады;

Нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды;

Кейіпкер іс-әрекетіне талдау жасай отыра образын аша алады;

Сұрақтарға толық жауап береді;

Шығармадан алған әсерін көркем тілмен бере біледі;

Жүйелі нұсаулық жаза біледі.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Талдау, бағалау

Тілдік мақсаттар:

Адамдық диқаншысы, еңбек, бейнет, зейнет

Құндылықтарды дарыту

Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Тарих

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, слайд

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Сабақтың басы




Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі айтылады.

А. Байтұрсынов кім? Тапсырма. «Кластер сұрағы» әдісі. Тақтаға кластер сызылып, сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген оқушы жауабын тақтаға жазады

1. Ол халықты оқуға шақырған, ағартушылық жұмыстар жүргізген, қазақ ауылдарында орысша - қазақша мектеп ашып, балаларға сабақ берді? (ағартушы, қоғам қайраткері, ұстаз)
2. Байтұрсынұлы қазақ балалары үшін «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әдебиет танытқыш» атты оқулықтар жазды (Жазушы )
3. Араб әріптерінің негізінде қазақ алфавитін жасады. (ғалым - лингвист)
4. «Маса» өлеңдер жинағының авторы (1911 жыл). Өлеңдері: «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған - терген», «Досыма хат» т. б. (ақын)
5. А. Байтұрсынов – Абай дәстүрін жалғастырып, мысалдар (басни) жазған. (мысалшы)
6. А. Байтұрсынов И. А. Крылов мысалдарын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» (1909 ж.) деген атпен жинақ шығарды. (аудармашы).
ҚБ: «Бағдаршам түстері»

Сабақтың ортасы
















1-тапырма. Адамдық диқаншысы. Дауыстап мәнерлеп оқу


Ж.Шығарма үзінділерін дауыстап оқу үшін таңдайды.

Ж/Ж Олар жұпта отырып дауыстап оқиды. Оқушылардың бірі екіншісіне дұрыс оқу жолдарын керектігін үйрете алады. (екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауыс т.б.)

С.Мұғалім кейбір оқушыларды сыныптың алдында мәнерлеп оқуға шақырады. Олар негізгі жерлерін жатқа айта алады. Деңгейлері төмендеу оқушылар қағазға қарап оқи алады.


Адамдық диқаншысы

1-оқушы: Адамдық диқаншысы қырға шықтым, 
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!


2-оқушысы: Жаратқан малды Құдай не керекке-
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.

ҚБ: «Пішіндер»


2-тапсырма.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу үшін төмендегі кестені толтырады. Оқушы деңгейіне қарай сұрақтарға жауап береді.

Ж/Ж. Мәтіндік зерттеу


Мәтіннен негізгі ойды табыңыз.


Тосын жағдай (Мәтінде қандай тосын ойға кездестіңіз?)


Мәтіннен шығар өмірлік қағида. Әңгімедегі өмірге деген құштарлықтың берілу сипаты, ерлік пен жігер.


Белгісіз және белгілі мәліметтер. Мәтіннен сізге бұрыннан таныс және таныс емес ақпараттарды белгіле.


Ойыңды суретпен бейнеле.


Тәрбиелік мәні бар қорытынды. Оқыған мәтіннен өз өміріңе, іс-әрекетіңе септігін тигізер қандай қорытынды жасадың?


Талдауды қажет ететін тақырыптар. Мәтінге сүйене отырып, осында көтерілген тағы қандай мәселені талдар едің?





ҚБ: «Бас бармақ»

3-тапсырма.

Ж. Сыни хабарлама жазу үшін нұсқаулық дайындау:

  • Ақын өлеңі кімнің атынан баяндалады?

  • Лирикалық кейіпкер қандай мінезімен танылады?

  • Өлең сізге қалай әсер етті?

Деңгейі төмен оқушылар мұғалім көмегімен ақын қолданған өзге сөздердің әсері туралы жаза алады.

ҚБ: «Қол шапалақтау»

Сабақтың соңы



Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

  • Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Рукописные данные 1




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!