Материалдар / сабақ жоспары 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспары 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал логопедтерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
846
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Логопедия

Күні: 8.12.2020

Сынып:

Мектеп: Е.Ш. Орақбаев атындағы ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Жалғасова Ә.Б.


Сабақ тақырыбы

Пішіндер және оның негізгі түстері.

Түзету мақсаттары

Балаларға бір түсті заттарды көлеміне сәйкес топтауға, салыстыруға, геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету. Ойын арқылы балалардыі ой- өрісін,ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде сөздік қорларын молайту.


Түзету міндеттері:

Сөздегі дыбыстарды айқын естіп, дұрыс айтуға үйрету.

Құрал –жабдықтар:

Үлгі материалдар: геометриялық пішіндер, суреттер.


Әдістәсілдер:

Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Мотивациялық

қызығушы

лық


Сәлеметсіз бе, балалар.Қалыңыз қалай?

Ауа райы қандай?

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз».

Баршаңызға құрметпен,

Бас иеміз біз.




Мұғалім:
























Сергіту сәті:
























-Бәріміз, бері қарайықшы.

-Мына, сиқырлы қапшықтың ішінде неше түрлі пішіндер бар екен. Қане, кім маған пішіндерді атап береді?.

-Дұрыс айтасыңдар,ұшбұрыш, төртбұрыш дөңгелек екен.

-Балалар, осы пішіндерді ауада жасап көрейікші.

-Үшбұрыш, ал мынау төртбұрыш, ал мынау –дөңгелек.

Тапсырма: «Құстың ұясы».

Шарты: Қағазды қиып балалар құстарға ұя жасайды.

Дидактикалық ойын:«Мынау қай пішін?».

Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.

Шарты: «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, қандай геометриялық пішін екенін анықтайды, түсін айтады.

Логикалық есеп:

Табақта 3 алма.

Қолымда 1 алма,

Қосқанда барлығын,

Болады неше алма?,

Тапсырма: «Өз ұяшығына орналастыру».

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді өз ұяшығына орналастыру





-Ал енді балалар орнымыздан тұрайық, сәл демалып алайық.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп- теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Тапсырма: Кедергілерден өту.

А) Геометриялық пішіндеріне қарай.

Ә) Түстеріне қарай (қызыл,жасыл, сары)

Дәптермен жұмыс:

Сызғышты қолданып үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш геометриялық пішіндерді салу.

Шырша құрастыру: Балаларды қатыстыра отырып ,үлгі ретінде шыршаны құрастырамыз.

- Биназар, үшбұрыштардың ішінен ең үлкенін алып ең астына қойшы. Енді үлкенірек үшбұрышты алып, жоғарырақ орналастырады, ең кішкентайын алып оны үстіне қояды. Сонымен, жұмыс аяқталды.

-Ал қане біз не құрастырдық?

- Шырша.

- Шыршаның түсі қандай ?.

- Жасыл.

Балалар менің сендерге қоятын жұмбағым бар, соны шешейік:

Тікен- тікен тік пісте

Қысы- жазы бір түсте.

Ол не ?

Балалар : Шырша.

Тапсырма: Геометриялық пішіндерден кез- келген зат құрастыру.



Қорытындылау.







Үйге тапсырма:

-Балалар, бүгін біз немен таныстық?.

-Дұрыс айтасыңдар, пішіндер туралы білімдерімізді кеңейте түстік.

-Пішіндер неше түрлі болады?.

- Үш түрлі көлемдегі үшбұрыштан не құрастырдық?.

Мұғалімнің қойған сұрақтарына толық жауап бере отырып, ұйымдасқан оқу- іс әрекеті қорытындылайды.

Геометриялық пішіндерді бояп келу


Күтілетін нәтиже:

Білу немесе хабарлар болды. Пішіндер туралы жалпы түсінік.

Қалыптасқан әдеті: Пішіндердің түсін , көлемін ажырату.

Істей білуі:

Геометриялық пішіндерді біледі, әр түрлі пішіндер құрай алады.

ы




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!