Материалдар / Сабақ жоспары 3 сынып Денсаулық құпиялары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары 3 сынып Денсаулық құпиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2020
876
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Тақырып: Денсаулық құпиялары

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер:Денсаулық пен тазалық

Мұғалiм:Сарсембаева Фариза

Сынып 3

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру.

Міндеті:

Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

М.Қабанбаев.«Таңғы тыныштық»


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Денсаулық-зор байлық.


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Ә.Табылды

«Аппақ бала»

  • Үсті басыңды таза ұстаудың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

  • Денені шынықтыру не үшін қажет?

  • Сымбатты ьолу үшін не істеу керек?

  • «Жаны саудың –тәні сау» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Сен өз денсаулығыңды сақтау үшін қандай іс -әрекеттер жасап жүрсің?


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Тапсырма оқушылардың мәтіннен алған білімдерін жинақтап, өз бетінше ойланып жұмыс істеулеріне жағдай туғызады.

1-тапсырма

Адам денсаулығына жақсы әсер ететін іс-әрекеттеріңді жалғастырып жазыңдар.

2- тапсырма

Суреттерге қараңдар. Сурет бойынша әңгіме құрастырып, дәптерлеріңе жазыңдар.

3-тапсырма

Денсаулықты сақтау туралы сөйлемдерді аяқтап жазыңдар.



Тапсырма дәптермен жұмыс түрінде орындалады.

7.Дәптермен жұмыс

2- тапсырманы орындау


8.Топпен ән айту. 3 мин. Көңілді күн



Сөзі А.Дүйсенбі

Әні Ұ.Жолдасовтікі



9.Үй тапсырмасы. 2 мин.

Мәтінді оқу.


10.Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!