Сабақтың
кезеңі/ Уақыты
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі
(1
мин)
1.Жағымды
көңіл-күй (1,5
мин)
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа
қатысуын тексереді.
Мұғалім «Тыныс алу» жаттығуын
өткізеді.
|
Оқушылар сабаққа дайындығын
көрсетеді. Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға
бейімделеді.
|
Оқулық , мұғалімдерге арналан
әдістемелік құрал, Ф, Шопеннің «Мечта» аудио
жазбасы
|
2. Алдыңғы үй
тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5
мин)
|
Алдын ала берілген үй
тапсырмасы: оқулықтан
Алдын ала берілген үй
тапсырмасынан 1. №7 – сабақ. 3 – тапсырманы
орындау.
2. Келесі сабақ. №8, «Жақсы
адам болғым келеді» мәтінін оқып келу.
-
Б алалар Кемелді қалай қарсы алды?
-
Олар қандай мамандық иелері болғылары келді?
-
Балалар аналарын
қалай бағалады?
-
Балалардың «Бәріміз
де жақсы адам болайық!» деп айтуларының себебі неде?
-
Жақсы адам мен
сұлулықтың қандай байланысы бар?
-
Жақсы адам болу үшін
не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Ӛзіңді
жақсы адаммын деп санайсың ба? Неліктен?
|
Мұғалім сұрақтардың
көмегімен оқушылар өзін өзі тану жақсылыққа бастар жол екенін
түсінеді
|
|
3.
Жағымды ой-пікір
(дәйексөз)
әңгіме (3-4
мин)
|
Адамның асқан сұлулығы – оның
қарапайымдылығы.
Василий
Сухомлинский
Василий Сухомлинский
— әйгілі
кеңес педагог-новаторы,
жазушы.
Сұрақтар:
-
Қарапайымдылық деген
не?
Дәйексөзден қандай ой
түйдіңіз?
|
Оқушылар
қанатты сөздің мағнасын талқылайды, оны
бірнеше рет қайталайды және дәптерге
жазады. Сұрақтарға жауап
береді.
|
Презентация слайд Жұмыс
дәптерлері.
|
4.
Оқиға
айту (әңгімелесу) 4-8
мин
|
Сенің сұлулығың –
мейірімділігіңде!
Шалва
Амонашвили
Бала есейді. Сондықтан да
айнаға жиі қарайтын және ашуланатын: – Мен қандай көріксізбін!
Атасы бұл сөздерді естіп, немересіне былай деді: – Сенің сұлулығың
– мейірімділігіңде! Бала атасына сеніп, барлығына, барлық жерде
жақсылық жасай бастады. Ол жақсылық жасауға берілгені соншалық,
өзінің көріксіз екенін тіптен ұмытып кетті. Уақыт өтіп жатты. Ол
жігіт болды. Күндердің күні, бір кеште ол өзіне жасырына қарап,
сыбырласып тұрған әдемі екі қызды байқады: – Ол қандай тартымды! –
деді бірі. – Оның бет-әлпеті ішкі сұлулығынан нұрланып тұр! – деді
екіншісі. Сонда жігіт атасын есіне алды. Ол іштей «Рақмет саған,
данагөй аташым!» деді.
• Бала өзін неге «көріксізбін»
деп налыды?
• «Сенің сұлулығың –
мейірімділігіңде!» деген атасының сөзін қалай
түсінесіңдер?
• «Оның бет-әлпеті ішкі
сұлулығынан нұрланып тұр!» деп қыздар неліктен
айтты?
• Адамның сұлу екенін қалайша
тануға болады?
• Сұлу адамның бойында қандай
қасиеттер болады?
|
Оқушылар оқиғаны тыңдағаннан
кейін, бір біріне сұрақ қойып талдау
жасайды.
|
|
5.
Шығармашылық
жұмыс (топпен немесе жеке)
(12-15мин)
|
4-тапсырма Мәтінді оқып, кестені
толтырыңдар.
Мәтіндегі маған ұнаған
іс-әрекеттер:
|
Мәтіндегі маған ұнамаған
іс-әрекеттер:
|
Менің
түйгенім
|
|
|
|
6-тапсырма Өз мінезіңді жақсартатын іс-әрекеттерді теріп
жазыңдар.
|
Оқушыларға берілген топтық
тапсырманы сыныпқа таныстырады.
|
Флипчарттар, баяу, әуен
қойылады.
|
6.Үй тапсырмасы (1-2
мин)
|
Алдын ала берілген үй
тапсырмасынан 1. №8 – сабақ. «Сұлулық бетте
емес - жүректе» тақырыбында эссе жазу.
2. Келесі сабақ. №9, «Шоқан
асулары» мәтінін оқып келу.
|
Оқушылар үй тапсырмасын
жазады.
|
|
7.
Топпен ән
айту
(2-3мин)
|
Мен әдепті
баламын
Өлеңін жазған Әбдірахман
Асылбек
Әнін жазған Ибрагим
Нүсіпбаев
Мені үлкендер әдепті деп
мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық
таппайды.
Ал, егер сен жалқау болсаң
тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа
жатпайды.
Қайырмасы:
Айтқан тілді
аламын,
Айтқан жерге
барамын,
Мен
әдепті,
Мен әдепті
баламын.
Тілін алып кішінің де
кәрінің,
Айтқанынан шығып жүрмін
бәрінің.
Ата-ананың айтқанынан
шығуды,
Әдептілік белгісі деп
таныдым.
Қайырмасы.
|
Оқушылар мұғаліммен бірге ән
шырқайды.
|
Экранға өлеңнің мәтініні
көрсетіледі.
|
8.
Сабақтың қортынды
сәті (1мин)
|
Мұғалім оқушыларға көздерін
жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп,оны жүрегінде сақтауды
ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек
білдіріп бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады.
|
Оқушылар рефлексия
жасайды.
|
Баяу композиция
қойылады.
|