(ТЖ) 1-тапсырма. Аудиожазбаны тыңдап мәтін
мазмұны негізінде сұрақтарға жауап
беріңіз.
Қазақ әдебиетінің көрнекті
қайраткернің бірі – классик жазушы – Ғабит Мүсірепов «Қазақ
солдаты» атты шағармасында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтар
достығына ерекше тоқталады.
Кеңес елінің түрлі ұлт
өкілдерінен құралған әскер жауынгерлерін суреттейді. Олардың
жүрегіндегі интернационалдық сезімдерін, мінезерін көрсетеді.
Сонымен, көп ұлтты кеңес жауынгерлерінің көптегне сыры Қайрош
арқылы ашылды. Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол – Кеңес
Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың прототипі – Қайрош
Сарталиев.
Ғ.Мүсірепов – қазақ
әдебиетінде аянбай еңбек еткен академик, классик жазушы. Ғабит
Мүсіреповтің еңбектері жоғары бағаланды. Ол бірнеше орден,
медальдармен марапаталды. 1974 жылы Ғ. Мүсіреповке әдебиетке
сіңірген еңбегі үшін «Социалистік Еңбек Ері» құрметті атағы
берілген.
-
Автор «Қазақ солдаты»
романында неге тоқталады?
-
2. Романның басты кейіпкері
кім?
-
Ғ.Мүсірепов қандай орденмен
марапатталды?
-
«Социалистік Еңбек Ері»
құрметті атағы не үшін берілді?
-
Аянбай еңбек ету дегенді қалай
түсінесіңдер?
-
Сендердің ойларыңша әскерге
бару дұрыс па?
«Сиқырлы сандықша» оқушылардың
алдына сандықша қойылады. Ол сандықшаға тыңдалым мазмұнына
байланысты сұрақтар жазылады. Әр топ екі сұрақ алады. Әр топ
сұрақтың жауабын топта талқылайды.
Дескриптор:
-
Мәтін мазмұнын
түсінеді
-
Сұрақтарға жауап
береді
(ҚБ) «Өкіл»
тәсілі. Топ оқушылары тапсырманы
орындап болған соң топтан өкіл сайланып басқа топқа барып өздеріне
берілген сұрақтың жауабын талдайды. Өкіл басқа топтардың жауабын
біле келіп өз топтарында қайтадан
талдайды.
(ЖЖ)
2-тапсырма. Сөздердің қосымшаларын
үндестік заңына, орфографиялық ережелерге сай жаз. Берілген
сөздерден сөйлемдер құрағанда тиісті тыныс белгілерін
қой.
Мен жазушымын. Менің
жеңісім
Сен жазушы... Сенің
жеңіс...
Сіз жазушы... Сіздің
жеңіс...
Ол жазушы... Оның
жеңісі
Қатыстым,
марапатталған,
көрнекті
Мен тыңдаймын Менің
кітабым
Сен тыңда... Сенің
кітап....
Сіз тыңда... Сіздің
кітап...
Ол тыңда... Оның
кітабы
Еңбек еткен, білесің бе,
жақсы
Мен жауынгермін Менің
қаруым
Сен жауынгер... Сенің
қару...
Сіз жауынгер... Сіздің
қару...
Ол жауынгер... Оның
қару...
Қандай, істеймін,
орындаған.
Дескриптор:
-
Сөздердің қосымшаларын
орфографиялық ережеге, үндестік заңына сай
жазады.
-
Сөйлем құрастырғанда
пунктуацияны дұрыс қолданады.
(ҚБ) «Ойлан, жұптас,
бөліс»
Кері
байланыс:
-
«Мозаика»
-
«Сиқырлы
сандықша»
-
«Ойлан, жұптас,
бөліс»
Оқушылардан сабақтың қай
тапсырмасын орындаған оңай, тез орындай алғандары туралы мәліметті
осы вагондарға смайликтер жабыстыру арқылы
анықтаймыз.
|