Сабақтың
ортасы
|
«Тұжырым
жасау»
Демек, іс – әрекеттің жүзеге
асу – аспауына қарай етістік болымды және болымсыз етістік болып
екіге бөлінеді. Етістік негізгі немесе туынды түбір күйінде болымды
мәнді білдіреді. Оларды болымды
етістік дейді. Мысалы, келді, көріпті,
ойнасам, жүрсем, оқыпты, тұр, тісте, айт, т.б. Етістік қимылдың, іс
– әрекеттің болмауын, іске аспауын да білдіреді. Ондай
етістіктерді болымсыз
етістік дейміз. Негізгі және туынды
түбір етістіктерге –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -
пе жұрнақтары жалғану арқылы және
болымды естістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады.
Мысалы барма, көрме, кеткен жоқ, айтпа, келме, жүрме, көрген жоқ,
т.б.
176 –жаттығу.
155-бет.
Болымды етістіктен болымсыз
етістік жасаңдар.
Асық, жүгір, шула, айқайла,
тарық, кешік, бөгел, сүрін, күл, жағалас, сыз, теп, ти, ұмыт,
жоғалт, атта, секір, боя,өшір, қи, ал, аш, тасы, сұра,
төк.
«»
Мәтінді
оқыңдар.
Мәтін мазмұны бойынша өз
ойларыңды айтыңдар.
Мәтіндегі етістіктерді тауып,
олардың түрін ажыратыңдар.
Су- тіршілік көзі.Сусыз өмір
сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол
–мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су,қатты-мұз, газ-бу.
Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда
ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп
кетеді.Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал
жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су
сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су
болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен,
көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды
су, 2 л тұщы су екен. Көл
суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға
жатады.
178- жаттығу. 156
–бет.
Қарамен жазылған етістіктің
құрамын және болымсыз етістік жасап тұрған жұрнақтарды
ажыратыңдар.
Аралап келеді
–
Шықылықтайды
–
Естімейді
–
Шақырмайды
–
Болмаса
–
Паналамапты
–
Көрінбейді
–
Жібермепті
–
179 – жаттығу. 157
–бет.
Мәтінді оқып, мазмұны бойынша
жоспар құру. Жоспардың жанына тірек сөздерді жаз. Мәтінді баянда,
болымды және болымсыз етістіктерде тең мөлшерде
қолдан.
|
Оқушылар
түсінеді, дәптерлеріңе жазып алады, мысалдар
келтіреді.
Асықпа,
жүгірме, шулама, айқайлама, тарықпа, кешікпе, бөгелме, сүрінбе,
күлме, жағаласпа, сызба, тепп, тиме, ұмытпа, жоғалтпа, аттама,
секірме, бояма, өшірме, қима, алма, ашпа, тасыма, сұрама,
төкпе.
Алып жатыр, айналады, жайып
қояды, кетеді, буландырады, буландырып жібереді, болып бөлінеді,
бөлінеді, жатады.
Арала-п
кел-е-ді
Шықылықта-й-ды
Есті-ме-й-ді
Шақыр-ма-й-ды
Бол-ма-са
Панала-ма-п-ты
Көрін-бе-й-ді
Жібер-ме-п-ті
1.«Күн – алып шар». Күн, жер,
күмбез, аспан.
2.«Күннің құрамы». Жер,
заттар, температура, жер шары.
3.«Жарқырап жанған - Күн».
Масса, жыл, сәуле.
|