Материалдар / сабақ жоспары, 7 сыгныпқа арналған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспары, 7 сыгныпқа арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ барысына , мұғалімге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2021
725
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

17 мектеп Мерзімі: №1 сабақ Сабақтың тақырыбы: Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, қарапайымдылық. Пән мұғалімі: Минуарова Сыныбы: 7 «а,ә»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі парасаттылықтың негізі екендігін ұғындыру;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білуге баулу;

Тәрбиелік: - қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды партаның үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашып, күлімсіреңіз. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

- Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?

- Өздерің жақын тұтқан адамдарды біраз көрмесеңдер қандай күйде боласыңдар?

- Сағыныш дегенді қалай түсінесіңдер?

- Өз бойларыңнан қандай өзгеріс байқадыңдар?

- Өздерің бір жасқа есейгендеріңді қалай түсінесіңдер?





































Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ -жауап

3. Дәйексөз Абай

«... Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.»

Ақылыңды жүрекке жүгіндір, себебі сүйіспеншілік жүректе, сосын оны жүзеге асыр, яғни іс-әрекет жаса. (сүйіспеншілікпен ойлап іс-әрекет жасау


Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

Он жетінші қара сөз Абай

  • Автор қайрат, ақыл, жүректің ерекшеліктерін қалай жеткізген?

  • Мәтінде ғылымның «жүрекке билет» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Абай қандай адамды «қасиетті адам» дейді? Неліктен?

  • Тағы қандай қасиеттерді «жүрекке билетуге» деп ойлайсыздар?

Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды.

Сұрақ -жауап

5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: Сөздер мен олардың анықтамасын салыстырып, сөздердің өзіне сәйкес анықтамасын табу.

Ұғым

Анықтамалары

1.Ақыл

2.Ақылды

3.Парасат

4.Парасаттылық

5.Ерік-жігер

А) Білімді тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана білу. Сана-сезімі жоғары, білімді, есті адам.

Ә) Адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Шындықты танудың, оны жан-жақты зерттеп, мәнін ашу арқылы байыбына жете ұғынудың ең жоғарғы сатысы.

Б) қылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік пен зерделілік және байыптылық, байсалдылық.

В) Ақылдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті. Ақылдың жоғары деңгейі.

Г) Адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті, оның белгілі бір мақсатқа жету, іс-әрекетті орындап шығу жолында қиыншылықтарды

және білуінен байқалатын ішкі қуаты.


2– тапсырма: Төмендегі сөздерді пайдаланып «Парасатты адамның» портретін мінездемесін жазу.

Ар-ұят, ашуланбау, байыптылық, ақылға жеңдіру, сабырлы, салмақты, инабатты, әдепті, сезімтал, парқын білу, пайымды, мейірімді.

3-тапсырма: Төмендегі мәтіндерді оқып, парасаттылыққа қатысты ойларды іріктеп, өмірдегі маңыздылығын дәлелдеп, айтып беріңдер.

  • Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында. Әл-Фараби

  • Парасат – қараңғыдағы шырақ. Жүсіп Баласағұн

  • Өзінің сеніміне қарай іс жасаған адамның бәрі парасатты емес, ол үшін оның сенімі де парасатты болуы керек. Федор Достаевский

  • Ұлтты ұйытқылы ететін – ПАРАСАТ. Адамды абзал ететін – ИМАН.

Әбіш Кекілбаев.

Қорытынды: Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңіл бөлуі қажет. Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат.


























6. Топпен ән айту

Армандастар с. Н.Әлімқұлов ә. Ә. Бейсеуов


(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Өздеріңе ұнайтын бір туар тұлғаның суретін алып, сыныпты таныстыр. Ол тұлға жайлы әңгімелеп беру.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.





Өзін-өзі тану пәні

17 Мерзімі: 10.06 ,12.09 №2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, зиянды әдеттерден аулақ болу, әділеттілік. Пән мұғалімі: Минуарова Қ Сыныбы: 7 «а,ә»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет ақылдылардың құралы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету ;

Дамытушылық: - зиянды әдеттерден аулақ болуға, өсек айтпауға шақыру;

Тәрбиелік: - әділеттілікке тәрбиелеу.

Сәлемдесу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Өздері пір тұтатын, бір туар тұлға жайлы әңгімелеп беру.

  • Тұлғаның бойындағы қандай қасиеттер саған ұнайды?

  • Өзіңнің бойыңда сол қасиеттер бар ма?


3. Дәйексөз

«Ақылды адам қателессе, өз басынан көреді.

Ақылсыз қателессе, жолдасынан көреді» (Мақал)

  • Дәйексөзді қалай түсінесің?

  • Айтылған сөздерді, жадыңда сақтап, өміріңе пайдалан.

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

Әділ – Мария Шәкәрім

... Адам болып жаралған соң өз мінін өзі біліп тұрса, олай болмаған күнде мініңді тауыпайтқанды қауып тұрмай, соны мойындап, түзетуге қам қылса... тауып айтқан мініңді өзгертуден тек пайда табасың. Түзелесің, түрленесің, өзгересің, адамшылыққа жетесің. Кемшіліксіз адам болмайды, оны өзі байқамайтын кез болады, соны айтқанда қателік санап, қалайда түзетуге бағыт алған адамдікі жөн. Ол адамның адамзаттығының биіктігі, ақыл-парасатының молдығы, адамдығының жоғарылығы емей не? Айтылған мініңді мойындай білсең, мініңді айтқанға наразы болып қарсы шықпасаң – сол ақыл. Ол – адамдық қалпыңды сақтауға кедергі жасайтын жағымсыз қасиеттеріңді өзіңнен аулақтатуға ақылыңның жеткені, мінезділік. Егер мініңді өзің таппай, оны айтқан адамды жек көріп, ашу-ызаға берілсең, ерегіске түссең, онда болмағаны.

  • «Тауып айтқан мініңді өзгертуден тек пайда ғана аласың, түзелесің, өзгересің, адамшылыққа жетесің» деген ойды қалай түсінесің?

  • Автордың «Өз мініңді мойындап, оны түзеуге талпыну» деп айтқан ойы адамға қандай игіліктер сыйлайды деп ойлайсыңдар?

  • Шәкәрімнің айтқан ақылынан парасаттылыққа тән қасиеттерді іріктеп алып, айтып беріңдер.

Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды.

Сұрақ -жауап

5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: «Асар» тобын құрып, көзге түсу үшін емес, айналаңдағы адамдарға риясыз қуаныш сыйлап, пайда келтіру үшін жұмыс деп тауып және ұзақ мерзімді жобаны түзу.

Қорытынды: Парасатты адам ар-ұят пен адамшылыққа жүгініп, ақиқатқа талпынады. Әрбір істе көрегенділік пен зерделілік, байыптылық пен байсалдылық танытып, дұрыс әрекет жасайды. Ешкімге ойймен, сөзбен, іспен қиянат жасамайды. Адамшылық, кісіге пайда келтіру, ел қамын ойлау деген сияқты жақсы ой, таза ниетте болып, айнала қоршаған ортаға риясыз қызмет етеді.





6. Топпен ән айту

Ойлан балам С: Шөмішбай Сариев.

Ә: Кеңес Дүйсекеев.

Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,

Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді. Қайырмасы:

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары, Ойлан, балам!

Қайта оралмас бұл өмірдің көктемі. Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған

Ойлан, балам, алда үміт, арманың, Ойлан, балам!

Алда сенің нұрлы күнің, таңдарың.

Қайта оралмас жас шағымның көзіндей,

Қайта оралмас ғұмырымды жалғадың.

Ойлан балам, елің-жерің, салтың бар,

Мұратына жетер адам талпынған.

Таудай биік азаматы болсаң да,

Биікпін деп айтпа, балам, халқыңнан!

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

1. «Жерұйық» фильмін көру, ондағы адамдар мен халықтың бойындағы парасаттылықты тауып, әңгімелеп беру.

2. Келесі сабақ: «Менің ішкі әлемім» тақырыбына эссе жазып келу.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.

















































770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!