Материалдар / Сабақ жоспары 7 сынып Физика – табиғат туралы ғылым.

Сабақ жоспары 7 сынып Физика – табиғат туралы ғылым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіре алады, оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жасайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2020
515
0 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспар



Мұғалімнің аты-жөні: Ершаева Ж.М.

Сыныптар 7 а,ә,б,в

Сабақ тақырыбы: Физика – табиғат туралы ғылым.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7.1.1.1 Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру

Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіре алады, оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Фиизикалық ұғымдармен таныстыру олардың мағынасын ашу. Ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктеріне тоқталады.     

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Тілдік құзіреттілік: Физика, табиғат.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, математика,технология

Жаңа сабақ.

Физика – табиғатты зерттейтін ғылым.

Физика – дененің құрылымын,қозғалысын және байланысын зерттейді.

Физиканың мақсаты – табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі жердің оны өзіне тартуынан туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады.

Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды біржүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.Бізді қоршаған орта: адамдар, жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар табиғат деген ұғымды білдіреді.

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы -Көкшетау» «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жаңбыр жауғанда кемпірқосақтың пайда болуы, найзағайдың ойнауы сондай-ақ судың булануы немесе мұзға айналуы, қардың еруі табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің үнемі қозғалып, орын ауыстыруы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзен мен көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

Табиғаттағы сан алуан өзгерістерді табиғат құбылыстары деп атайды.

Табиғаттағы құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғат құбылыстарын физика, астрономия, география, геология,биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әрбір ғылымның табиғатты зерттеу жөнінде өз мақсаты, өз әдістері бар. Мысалы, физика негізінен механикалық, жылу электр, жарық құбылыстарына ерекше мән береді. Осы құбылыстардың бәрі физикалық құбылыстар деп аталады.

Физиканы және басқа пәндерді оқып үйрену барысында әр түрлі ғылымдардың өзара қандай байланыста болатынын білеміз. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың жер бетінде, балықтардың су ішінде қалай қозғалатынын түсіндіреді. Олардың дыбысты қалай шығарып әрі еститінін және көру мүшелерінің құрылысы қандай екенін сипаттайды. Сондықтан физика заңдарымен құбылыстарын көптеген мамандар, мысалы, инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар оқып пайдаланады.

Физика табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет гректің ұлы ойшылы, тарихта «бірінші ұстаз» аталған Аристотельдің шығармаларында баяндалды. «Физика» грекше фюзис – табиғат дегенді білдіреді. Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» аталған біздің ұлы бабамыз – Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор. Ал орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген ұлы ғалым М. В. Ломоносов болатын.

Физиканың ғылыми тілін, заңдары мен теорияларын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды.

Физикалық құбылыстар мен зандылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдер физикалық ұғымдар деп аталады.

Сөйтіп материя, дене, зат сияқты физикалық ұғымдар қалыптасады. Бұл ұғымдардың терең мағынасы физика мен астрономияны оқып үйрену барысында ашылады.

Физика мен астрономияда жиі қолданылатын кейбір ұғымдарға алғашқы түсінік бере кетейік.

Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Материяға өсімдіктер, жануарлар, планеталар, Ай, Күн, жұлдыздар.

Өткен ғасырдың орташа шенінде астрономия ғылымы көптеген аспан денелерін – Айдың,ғаламшарлардың және олардың серіктерінің , құйрықты жұлдыздардың, тіпті бізге жақын жұлдыздардың көрінерлік және нақты қозғалыстарын жақсы зерттеді. Бірақ аспан денелерінің физикалық табиғаты жөнінде ол кездегі астрономдар тек болжап айтқан еді. Бұл кейбір философтардың аспан шырақтарының физикалық табиғатын танып-білуге болмайды деп кесімді ой тұжырымдауларына жол берді.

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, байқалатын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыс – күн мен түннің ауысуын қарастырайық.

Жарық күн мен түннің алма-кезек ауысуының басты себебі – Жердің өз өсінің төңірегінде үздіксіз айналуы. Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Оған қоса ол өз өсін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Міне, сондықтан «күн шығады» немесе «күн батады» деген сөздер қазірге дейін сақталып, қолданылып келеді.

Күннің тұтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады. Ертеде Күннің тұтылуы адамдарға үрей туғызған. Қазір Күннің тұтылу себебін көпшілік біледі. Жерді айнала қозғалатын Ай Күн мен Жердің арасынан өткен кезде Күннің көзін көлегейлеп жауып қалады. Осы кезде Жер бетіне Айдың көлеңкесі түседі. Бұл құбылыс – күннің тұтылуы деп аталады.

Қорытынды

Сұрқ – жауап:

1.Физикада зерттелетін табиғат құбылыстарының атауы.

2. Физика – табиғат туралы ғылым бірінші ұстазының аты кім?

3. Физика ғылымын дамытып Аристотель еңбегін түсіндіріп 2 ұстаз


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!