Материалдар / Сабақ жоспары: " Өмір алынбас қамал"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары: " Өмір алынбас қамал"

Материал туралы қысқаша түсінік
адамгершілік туралы айту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

«Джунглиядағы жаңбыр» жаттығуы. Барлығымыз шеңбер болып тұрамыз. Қолдарымыз бір-біріміздің иығымызға жетеіндей болып тұрамыз. Бастапқы кезде күн нұрын шашып, ауа райы тамаша болып тұрды. Бір кезде ауа райы бұзыла бастады. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызды жайлап жоғарыдан төмен қарай қозғалтыңыз. Жел күшейе түсті. Арқаны ұаттылап ысұылай бастаймыз. Дауыл тұрды қолымызды шеңбер жасап қатты қимылдатамыз. Енді жаңбыр жауды алдыңыздағы адамның арқасын саусақтың ұшымен тырсылдата бастаңыз. Енді нөсер жауа бастады. Қолыңызды жоғары төмен қысымды күшейте қазғалта бастаңыз. Міне бұршақ жауды арқаны қатты тарсылдата саусақтармен ұра бастаңыз. Қайтадан дауыл тұрды. Қатты жел соға бастады. Содан кейін біртіндеп қоя бастады. Енді табиғат тынышталды күннің нұры шықты. Сіз қайтадан джунглиды аралап жүрсіз.

1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №19 – сабақ. «Менің сыныбым – менің мақтанышым» тақырыбында эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №20, «Жексен» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Жексеннің ұжымға кіруіне не түрткі болды?

2. Сыныптастардың арасындағы бірлік неліктен мектеп қабырғасымен шектелмеуі тиіс?

3. Бірлікшіл ұжымдағы қарым – қатынас адам бойында қандай қасиеттерді тәрбиелейді? Қалайша?

4. Өздерің сыныптастарыңмен қаншалықты татусыңдар? Айтып беріңдер.

2. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым – қатынасы.

Авраам Линкольн

Авраам Линкольн (12 ақпан 1809 — 15 сәуір 1865) — Америка мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 16-шы Президенті (1861-1865) және Республикалық партиядан американдық құлдарды бірінші азат етуші, америка халқының ұлттық батыры.

Сұрақтар:

1. Адами қарым –қатынасты пайдаға, есепке құруға бола ма?

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

3. Оқиға айту (Мұғалім сыйы) Жүрегіңнің отын сөндірме1

Бір жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді.

Сонда ол ашуланып: «Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек?- дейді. Тыңдап тұрған көршісі оған бір аңызды баяндап береді.

Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды. Бірақ, Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады. Қатты ренжіген ол адам оған былай дейді:

Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын,– дейді.

Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне:

Бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой,– дейді.

Сонда көршісі:

Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. Саған өзгелердің жарық түсіргенін,өзгелердің келіп жылытқанын күтпей, өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң, мүмкін, өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар, – деген екен.

1. Әңгімедегі жігіттің іс-әрекетіне қандай баға бересіңдер?

2. Көршісі өзінің аңызын айту барысында нені түсіндіргісі келді?

3. Аңыз әңгімедегі жарық пен жылу нені сипаттайды?

4. Бірінші болып қадам жасау үшін адамның бойында қандай ізгі қасиеттер болуы қажет?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Жағымды сөздер арқылы бөліну . Тұра ғой жаным, Бүгін әдемі болып тұрсыздар, Жұлдыздарын жансын құлындарым, Сендерді сондай жақсы көремін.

1 – топ: «Достық бұл екі денеде өмір сүретін жан» ( Виен диаграмасы арқылы)

2 – топ: «Шын дос сыртыңнан мақтайды» ( Салыстыру)

3- топ: « Жауыңмен жарықта жүргеннен, досыңмен қаранғыда жүрген жақсырақ» ( тірек сызбалар арқылы)

4 – топ: « Достық – асықпай өсетін өсімдік секілді, ол пісіп жетілу үшін талай сыннан өтуі керек» ( Сурет салу арқылы)

6. Топпен ән айту.

«Жан досым» Жігіттер тобы.

Iздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,

Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!

Қайырмасы:

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,

Сырымыз да бiтпесiн,

Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!

Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,

Қатар жүріп сырымызды сан аштық.

Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,

Адассақ та бiрге жүрiп адастық.

Рефлексиялық эссе.

7. Үй тапсырмасы.зткзздащ0орр7ккччя=ыу9охо9цхоуф0яцзщяш-щлздчжЗФ_=жхы

:ув.ю.


1. №20 – сабақ. Достық туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №21, «Бақыт іздеушілер» ертегісін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!

9

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!