Сабақ жоспары : "Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?" 1 - сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары : "Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?" 1 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жаксы сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім.Тірі табиғат. Өсімдіктер.

Күні:02.10.2018

Сынып: 1 «А»

Мектеп: «Свободный орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Ержан Т




Сабақ тақырыбы

Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасау жолдарын сипаттау;

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәдени өсімдіктерге күтім жасау жолдарын сипаттай біледі. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.

Көптеген оқушылар:

Өсімдікке күтім жасау жолдарын біледі және қажетті заттарды анықтайды;

Кейбір оқушылар:

Өсімдікке күтім жасайды,өсімдіктерге қалай күтім жасау туралы әңгімелейді.

Бағалау критерийлері

  • Өсімдікке қалай күтім жасау керектігін біледі.

  • Өсімдіктерге күтім жасаудың әртүрлі әдістерімен, соған арналған арнайы құралдарымен танысады.

  • Бөлме өсімдіктеріне күтім жасай алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылардың сөздік қорына жаңа тірек сөздерді енгізу.

Жағдай, күтім, мәдени, арамшөп, тыңайтқыш

Құндылықтарды дарыту


Қарым -қатынас жасау қабілеті, өзара сыйластыққа тәрбиелеу, ұқыптылыққа, зерттеушілік, еңбекқорлыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім


Өсімдіктердің тірі ағза және тіршілігіне не қажет екенін біледі, өсімдіктің бөліктерін, түрлерін, топтарын ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


5 мин










1.Ұйымдастыру кезеңі:

1.1.Психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Күнмен бірге сен де тұр (Қолдарын жоғары көтереді)

Қолыңды соз, бері бұр (Қолдарын алға созады)

Терезеден Күн күледі,

Алақанға нұр төгеді. (Алақанын ашады)

-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


1.2.Өсімдіктердің бөліктері арқылы топтарға бөлемін.

Топқа бөлу
1 - топ «Тамыр»

2 - топ «Сабақ»
3 - топ « Жапырақ»


Іс-қимылдар жасау












суреттер

Сабақтың ортасы


25 мин

























































































































2.Ширату жаттығулары:

2.1.Жұмбақ жасыру

Топырақтың құнарын,

Дәл тауып құрамын.

Қай жерде, қай дақыл,

Өнім берер бай дақыл,

Қарап бәрін жүретін,

Кім бәрін білетін?(Бағбан )








-Дұрыс. Жарайсыңдар, балалар!

2.2. (Ж)«Сиқырлы себет» ойыны

Себеттен сипап сезіп, заттарды алу, атын атау.

(Гүлге суқұйғыш, сусепкіш, шағын күрек. )

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?»

Мақсаты: Топырақты қалай құнарландыратынын, мәдени және бөлме өсімдіктеріне күтім жасау жолдарын үйренетін боласыңдар.

3.Ертегі тыңдау.

Ерте, ерте , ертеде, ешкі жүні бөртеде гүлдер патшалығы болыпты. Гүлдер өте әдемі, көздің жауын алады. Адамдар гүлдерді жақсы көреді. Олардың сұлулығы көңілді көтереді. Гүлдер ауаны тазартады. Бірақ қыста олар өспейді, сосын адамдардың көңілі түсіп қалатын болды. Сондықтан олар гүлдерді үйде отырғызып, оны күтетін болды. Сөйтіп бөлме өсімдіктері пайда болды.

(Т) Ой қозғау

Ертегі бойынша талдау жұмысы.

Оқушыларға ертегі бойынша деңгейлік тапсырма беремін:

1 топ - Біз қандай бөлме өсімдіктерін білеміз?

2 топ - Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?

3 топ - Сіздер ол өсімдіктерді дұрыс өсуі үшін қалай күтесіздер?

Әр топ сол тапсырма бойынша жауап береді.


«Үштік шапалақ» тәсілі арқылы саралау жүргізіле отырып бағалау.







4.Оқулықпен жұмыс: 18 бет.

(Ұ) - Өсімдіктерге күтім жасау үшін қандай құрал-саймандар керек?

- Оларды қалай қолданады?

Құрал-саймандар туралы түсінік беру.

Адам арнайы құрал-саймандардың көмегімен бөлме өсімдіктеріне, бақта, бақшада, егістікте өсетін өсімдіктерге күтім жасайды.


«Басбармақ» тәсілі бойынша бағалаймын.


5.Дәптермен жұмыс: 9-жұмыс парағы.

Жеке жұмыс:«Шатасқан әріптер» ойыны

Құрал-саймандардың атын дұрыс жазу.










Жұмыс дәптерін бағалау: Жұптық бағалау.


6.Сурет бойынша 3- топ күтім жасау жолдарын әңгімелейді.

Осы тапсырма бойынша саралау жұмысын жүргіземін. Тапсырманың орындалу барысында топ ішіндегі қабілеті жоғары оқушыларды анықтаймын.


Қорытынды :

  • 1 топ-Топырақтың ылғалдылығын қадағалау.

  • 2 топ - Топыраққа тыңайтқыш себу.

  • 3 топ - Топырақты қопсыту.

От шашу арқылы бағалаймын.


7. Сергіту сәті «Көңілді күн»


8. Зерттеу жұмысы:

(ЖЖ) Жұмысты жұпта жасайды.

Зерттеуге қажетті заттар: әр жұпқа шүберек, су сепкіш,таяқша беремін.

Гүлді күту ережелерін сынып оқушыларымен талқылаймын.

Қорытынды

  • Тым көп су құюға болмайды.

  • Су бүркегішпен қатты сепсе, жапырақтары сынып қалуы мүмкін.

  • Таяқшамен қопсытқанда, тамырына дейін тигізбе.

  • Гүлдің жанында жүгірме, ойнама, гүл құлауы мүмкін.

Болжау:

- Егер гүлді дұрыс суарып, топырағын қопсытса не болады?

Төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алып, гүлге күтім жасайды.

  • Өсімдіктің ерекшелігін ескеріп, оны суару.

  • Топырақты таяқшамен қопсыту.

  • Жапырақтың шаңын сүртіп, су бүркегішпен себу.

- Болжамдарыңыз дәл келді ме?

- Дәл келу үшін не істеу керек?

Бағалау: «Бағдаршам» тәсілі арқылы


9. Жеке жұмыс: Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырма:

Оқу мақсаты: Мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың

тәсілдерін сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Мәдени өсімдіктерге күтім жасауға қажетті

құралдарды анықтайды.

  • Мәдени өсімдіктерге күтім жасау тәсілдері

туралы әңгімелейді.


1-тапсырма

Суреттерді төменде берілген сөздермен сәйкестендіріп сызыңыз. Өсімдіктерге күтім жасау туралы әңгімелеңіз.

Дескриптор:

Білім алушы

-сөздерді суреттермен дұрыс сәйкестендіреді;

- өсімдіктерге күтім жасау туралы әңгімелейді.








Бағбанның суреті















































суреттер




















Жұмыс дәптері
































Бейнежазба








Пульверизатор (сепкіш, бүріккіш), сусепкіш, таяқша, бөлме өсімдіктері





























































Сабақтың соңы


5 мин


  • Рефлексия

«Ыдыста қанша сан, сонша гүл сал»

  • Кері байланыс «Сөйлемді аяқта»

  • Мен бүгін .... түсіндім.

  • Маған сабақта .... жасаған қызық болды.

  • Мен досыма .... туралы түсіндіре аламын.

  • Маған .... туралы қайта түсіндіру керек.

Суреттер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


-Зерттеу жұмыс барысында сұрақтар қою арқылы жүргізу

-Топпен жұмыс кезінде мәліметтерге қорытынды жасайды.

-Өзіндік жұмысы барысында қиындық туындаған оқушыларға көмек көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмектеседі.Қарқын, диалог бойынша саралау және бағалауды нақтылауда саралау жүреді.


- бөлме өсімдіктеріне күтім жасауға қажетті құралдарды атауын, бөлме өсімдіктеріне күтім жасаудың тәсілдерін сипаттай алуын бағалаймын. (дәптермен жұмыс, зерттеу жұмысы, топтық жұмыс)

Сұрақтарға жауап берген оқушыларды «Жарайсың», «Жақсы», «Өте жақсы» сөздер айтып бағалау

«От шашу» әдісі бойынша, «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.

Оқушылардың жұп арасында бағалауы.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия








Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2018
569
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі