Материалдар / Сабақ жоспары "А. С. Пушкин ертегілері" (5-сынып)

Сабақ жоспары "А. С. Пушкин ертегілері" (5-сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушыларға А. С. Пушкиннің өмірі және шығармашылығы, ертегілері туралы түсінік беру. Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз пікірін дәлелдей білуге, ізденімпаздыққа баулу Тәрбиелік. Оқушыларды қайырымдылыққа, өзара сыйластыққа, қанағатшыл, уәдеге берік, адал да әділетті болуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа білімдерді меңгеру Сабақтың әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ – жауап Сабақтың көрнекілігі: Автор портреті, кітаптары, суреттер, кестелер, интербелсенді тақта
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
1337
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: А.С.Пушкин ертегілері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға А. С. Пушкиннің өмірі және шығармашылығы, ертегілері туралы түсінік беру.

Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз пікірін дәлелдей білуге, ізденімпаздыққа баулу

Тәрбиелік. Оқушыларды қайырымдылыққа, өзара сыйластыққа, қанағатшыл, уәдеге берік, адал да әділетті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімдерді меңгеру

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: Автор портреті, кітаптары, суреттер, кестелер, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Сыныпты түгелдеу;

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

4. «Алақан» жаттығуы

Өткен сабақты еске түсіру

Сен Пушкинді қаншалықты білесің?

Пушкин қай жылы өмірге келді? (1799, Москва)

Пушкиннің әкесінің есімі кім? (Сергей Пушкин)

Ақынның әжесінің есімі кім? (Мария Алексейқызы)

Пушкиннің күтушісінің есімі кім?(Арина Радионқызы)

Пушкиннің отбасында қай тілде сөйлескен? (француз, анасы Надежда Осипқызы француз тілін еркін меңгерген)

Пушкин қай кезден өлең жаза бастады? (Сегіз жасынан делінеді, алайда өзі он үш жасынан дейді)

Пушкинге орысша жазуды кім үйретті? (Әжесі Мария Алексейқызы)

Пушкинге кім ертегілер оқып берді? (Никита ағасы мен күтушісі Арина Радионқызы)

Пушкиннің сүйікті жыл мезгілі? (Күз)

Пушкиннің кітапханасында қанша кітап болған? (3560)

Пушкин қай жылы өмірден өтті? (1837, Санкт - Петербург)

Жаңа сабақ

• Ертегі дегеніміз не? (Қиял – ғажайыптан туған халық ауыз әдебиетінің бір түрі).

• Қандай халықтық ертегілерді білесіңдер? (Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Күн астындағы Күнікей қыз және т.б.)

• Әдеби ертегі дегеніміз не? (авторы белгілі ертегі).

• Халықтық және әдеби ертегілердің ұқсастығы неде? (таңғажайып оқиғалардың орын алуында, кейіпкерлердің түрлі шытырман оқиғаларды бастан өткеруінде, жауыздықпен алысу, кедергілерге қарсы тұру, жамандықты жақсылықтың жеңуі).

Жаңа сабақта түсінгенін тексеру

Оқушылар, мен ертегі кеіпкерлерін атаймын. Сендер сол арқылы менің қай ертегіні жұмбақтап отырғанымды табасыңдар.

Көк теңіз, шал мен кемпір, балық, астау (Балықшы мен балық)

Оқушылар, мен ертегі бөлімдері бойынша интербелсенді тақтадан суреттер көрсетемін, сендер сол арқылы ертегінің мазмұнын айтып бересіңдер. Бұл ертегіні бірінші атаған себебім, ертегі 1833 жылы, «Алтын әтеш» ертегісінен бұрын жазылған. «Алтын әтеш» ертегісі 1834 жылы жазылған.

«Балықшы мен балық» ертегісі бойынша сұрақтар:

Көк теңізде кемпір шал қанша жыл тұрған еді? (33)

Шал қандай балық аулады? (Алтын)

Алтын балық қарт қармағын нешінші рет салған кезде түсті? (3)

Алтын балық шалға қандай өтініш айтты? (Теңізге жіберуді)

Ертегіде кемпірдің кім болғысы келді? (ақсүйек, патшайым, теңіз билеушісі)

Ақсүйек кемпір шалын қай жерге жұмысқа жіберді (Ат қораға, жылқы бағуға)

Шалдың теңізге әр барғандағы теңіздің өзгерісін ертегіден тауып оқы

Неліктен теңіз беті өзгеріп отырды? (адам баласы секілді алтын балық та өз қарсылығын, ашуын теңіз бетіндегі толқындар арқылы көрсетті)

Кемпір не үшін жазасын алды? (тойымсыздығы, қанағатсыздығы, байлыққа құмарлығы)

Ертегідегі балықтың ерекшелігі неде? (Алтын болғандығында, адамның тілінде сөйлеуінде, армандарды орындауында).

Патша, данышпан, әтеш, ханшайым (Алтын әтеш туралы ертегі)

«Алтын әтеш» ертегісі бойынша сұрақтар:

Ертегінің басты кейіпкерлерін атаңдар? (Дадан патша мен әтеш)

Ертегінің оқиғасы қай жерде өрбиді? (Нақты оқиға орны жоқ. Себебі, бұл оқиға кез келген елде, кез келген адамның басында болуы мүмкін оқиға.

Беріде емес, әріде
Пәлен жұрттың жерінде).

Дадан патшаға Алтын әтеш не үшін қажет болды? (Елін жаудан қорғау үшін).

Ертегіде данышпан неліктен әтеш сыйлады? (Әтеш орыс халқында сәттіліктің, бақыттың, байлықтың, ақылдың белгісі).

Данышпанға Дадан патша Алтын әтештің ақысына не бермек болды? (Қалаған нәрсесін.

Риза болып, айтар хан: 
"Бұйым алтын, күміс пе? 
Басқа мүдде, жұмыс па? 
Тауалыңды қайтарман. 
Сенен немді аярмын! 
Қашан болса, даярмын 
Не сұрасаң беруге - 
Не десең де еткізіп, 
Не мүддеңе жеткізіп, 
Өз көңілімдей көруге").

Алтын әтештің міндеті не? (Жау келе жатқанын хабарлау, патшалықты қарауылдау).

Әтеш сырық басына орнатылғалы елде неше жыл тыныштық орнады?

(Жау тыйылды, басылды. 
Бір жыл өтті, екі жыл, 
Тапты рақат жұрт дамыл, 
Әтеш отыр жай, тыныш).

Ертегіде Шамахан ханшайымы неге теңеледі? (күнге).

Нұры күндей шашылып, 
Шамаһанды билеген, 
Нөкері жоқ, жап-жалғыз 
Шыға келіп патша қыз).

Ханшайымды әкелгенде халық оларды қалай қарсы алды?

(Таянғанда қалаға, 
Дулап, шулап далаға, 
Хан алдынан ел шықты). 
• Данышпан алтын әтештің ақысына Дадан патшадан не сұрады?

(Шал айтады: "Хан Дадан! 
Бар-ды айтқан уағдаң 
Тілегімді беруге 
- Не десем де еткізіп, 
Ризалыққа жеткізіп, 
Өз көңіліңдей көруге. 
Ақы алатын күн жетті, 
Мойныңдағы міндетті 
- Өте бүгін қарызды. 
Сүйсең көңілім тынуын, 
Бер Шамаһан сұлуын!).

Дадан патша қалай қаза болды?

(Сырығынан түсіп кеп, 
Алтын әтеш ұшып кеп, 
Хан басына қонады. 
Тұмсығымен қақты да, 
Ханның миын шақты да, 
Әтеш кетті аспанға. 
Арбасынан хан ұшты, 
Кеудесінен жан ұшты).

Дадан патша не үшін жазасын алды? (Уәдесінде тұрмағандықтан, жақсылыққа жақсылықпен жауап бермегендіктен)

Нағыз патша қандай болуы керек? (Оқушылар пікірі тыңдалады).

Сергіту сәті.

Пушкиннің өзіміз оқыған кейіпкерлерін атағанда қол соғамыз. Өзге ертегі кейіпкерлері аталғанда аяғымызбен еденді тақылдатамыз.

Алтын әтеш Құбыжық

Ақшақар Күлше қыз

Жеті ергежейлі Шал

Алтын балық Эльза ханшайым

Кемпір Шамахан ханшайымы

Данышпан Дадан патша

Карточкамен жұмыс.

1. Әр ертегі кейіпкерін өз ертегісіне сәйкестендір

АDrawObject1 лтын балық

ДDrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 адан патша «Алтын әтеш» туралы ертегі

Алтын әтеш

ШDrawObject5 ал

КDrawObject6 емпір «Балықшы мен балық» ертегісі

Шамахан ханшайымы

2. «Балықшы мен балық» ертегісіндегі артық кейіпкерлердің астын сыз

Шал, кемпір, алтын әтеш, Дадан патша, алтын балық, Ұйқыдағы ару.

3. «Алтын әтеш» туралы ертегідегі артық кейіпкерлердің астын сыз

Дадан патша, Балда, Салтан патша, Шамахан ханшайымы, даныщпан, алтын әтеш.

4. Пушкин ертегілерінде кездесетін қасиеттердің антонимін жаз

Жақсылық - жамандық

Еңбекқор - еріншек

Адал - арам

Жауапкершілік - жауапсыздық

Батыл - жасық

Достық - қастық

Ақылды - ақымақ

5. «Балықшы мен балық» ертегісінде кездеспейтін бұйымдардың астын сыз

Ау, жіп, ожау, құмыра, астау, сағат, жүзік, білезік, шәйнек, айбалта

«Балықшы мен балық» ертегісіндегі әр кейіпкердің сөзін кейіпкерге сәйкестендір

ЖDrawObject8 DrawObject7 анымды бір шыбындай қи, ақсақал,
Бар болса не қажетің менен алып! Кемпір


DrawObject9 Балықтан барыпсың да үй алыпсың,
Ақымақ, миың ашып, кеткен шіріп.
Ізіңмен, үйге кірмей, қайт балыққа!
Қадірсіз мұжық деген ат халыққа. Шал


Кемпірім ұрсып, әбден мазам кетіп,
Жаңа астау сұрайын деп келдім, тақсыр! Балық

«DrawObject11 DrawObject10 Алтын әтеш» туралы ертегідегі әр кейіпкердің сөзін кейіпкерге сәйкестендір
Мынау алтын әтешім! 
Қондыр сырық басына, 
Қой сарайың қасына, 
Болар мықты күзетшің Дадан патша


КDrawObject12 іри-ку-ку, жат, ханым! 
Жатып жұртты бақ, ханым! Данышпан


Екі азамат сұлтаным! 
Екі лашын-сұңқарым! 
Ауға түскен, алданған. 
Маған күйік! Маған дерт! 
Маған өлім! Маған мерт! Алтын әтеш


Кейіпкерлерге мінездеме беру.

Кемпір: мейірімсіз, тойымсыз, қанағатсыз, рахымсыз, қызғаншақ, дөрекі, байлыққұмар.

Шал: жуас, мейірімді, жасық, батыл емес.

Балық: мейірімді, әділетті.

Дадан: уәдеге берік емес, қатыгез, ызақор, қызғаншақ, дөрекі.


Қорытынды.

- Балалар, А.С. Пушкин ертегілерінің ерекшелігі өлеңмен жазылғандығында. Өлеңмен ертегі жазу өте қиын, себебі өлең жолдары ұйқасуы керек. Қазір біз де өлеңмен ертегі жазуға тырысып көреміз. (Әр оқушыға соңғы сөздері қалдырылып ертегінің бір шумағы беріледі. Тиісті сөздерді оқушылар төменде берілген тірек сөздерден алып қояды. Оқушылар ертегіні аяқтаған соң қағаздан қиылған алтын балық беріледі. Алтын балықтың артына тілектерін жазып, тақтадағы теңіз бетіне жапсырады).


Рефлексия.

Қызыл түс – мен өте жақсы жұмыс жасадым. Өзіме сеніп, бойымдағы күшімді қолдана білдім.

Сары түс – менің жұмыс жасағым келді, бірақ бүгін менің күнім емес.

Жасыл түс – мен жақсы жұмыс жасадым, бірақ бойымда қорқыныш болып, өзіме сенбедім.


Бағалау.


Үйге тапсырма: қалаған ертегісі бойынша сурет салып келу.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ