Сабақтың
тақырыбы:
Адам қалай
есейеді?
|
Мұғалімнің
аты-жөні:Каденова
К.М
Күні:
|
СЫНЫП: 1
|
Қатысқан оқушылар
саны:
|
Қатыспаған оқушылар
саны: 0
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаттары
|
1.2.3.2 адам
өмірінің кезеңдерін
сипаттау;
1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы
үшін керек қажеттіліктерді
анықтау
|
Сабақ
мақсаттары:
|
Барлық
оқушылар: адам өмірінің кезеңдерін
сипаттау;
Оқушылардың басым
бөлігі:
қоршаған әлемнің құбылыстарын,
үдерістерін және нысандарды зерттеудің маңыздылығын
түсіну;
Кейбір
оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін
өмірде қолданады.
|
Тірек
сөздер
|
Сәби – ребенок –
sable;
Жасөспірімдік кезең – стадия
юности – adolescence stage;
Кемелдену кезеңі – срок
погашения – maturity period;
Балалық шақ – детство –
childhood;
Жастық шақ – молодежь –
younger;
Қарттық шақ – старость – old
age.
|
Пәнаралық
байланыс
|
Сауат ашу, көркем
еңбек,дене шынықтыру.
|
Сабақтың
жоспары
|
Жоспарланғануақыт
|
Сабақ барысы
:
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Психологиялық
ахуал
Біз бақытты
балдырған,
Достығымыз
жарасқан.
Жаратылыстану
еліне,
Батыл қадам
жасаған.
Топқа
бөлу:
Суреттерді құрастыру арқылы,
«Балалық шақ», «Жастық шақ», «Қарттық шақ» деп үш топқа
біріктіремін.
Оқушылар бүгінгі
сабақта адам өмірінің кезеңдерімен
танысады
|
«Мозайка»
әдісі.
|
Жаңа
білім
|
Кіріспе: Сенің інің немесе қарындасың
(сіңлің) бар ма? сұрағын қою арқылы, (інісінің немесе қарындасының)
жасын нақтылатамын. Сәбиді сипаттауын, не істей алатынын сұраймын.
Оның дүниеге келген күнінен бастап отбасында қандай өзгерістер
болғанын сұраймын.
Ширату
жаттығуы. «Сен қалай өстің?» суретіне
назар аударта отырып, сұрақтар
қоямын.
•
Жаңа туған сәби
қандай болады?
•
Қалай ойлайсың, ол
не істей алады?
•
Бала уақыт өтісімен
қалай өзгереді? Ол не істеуді
үйренді?
•
Үшінші суретті
екінші суретпен салыстырыңыз. Сәбиде қандай өзгеріс болды? Қазір не
істей алады?
•
Соңғы суреттегі бала
нешеде деп ойлайсың?
Сұрақтарға жауап ала отырып,
адам өмірі көптеген кезеңдерден тұратынын, сол туралы оқушыларға
қысқаша мағлұмат беремін. Бейнеролик көрсету.«Адам өмірінің
кезеңдері» туралы видеоны оқушыларға
көрсетемін.
|
«Сен қалай өстің?»
суреті
Бейнеролик «Адам өмірінің
кезеңдері»
|
Ортасы
|
Сен дүниеге
келдің, сәби болдың. Одан әрі
сенің балалық
шағың басталды. Қазір сен
оқушысың.
Топтық
жұмыс:
«Сәбиге, бүлдіршінге және
оқушыға не керек?»
Мынадай сұрақтар
қоямын:
Сәби қалай
тамақтанады?
Оған не беру
керек?
Қандай ойыншықтар
керек?
Әр топқа тамақтануға арналған
бөтелке, емізік, сылдырмақ, текше, қуыршақ, ойыншық машина, картон,
оқулық, қаламсауыт, дәптер суреттерін үлестіру. Заттарды әр
кезеңнің қажеттілігіне байланысты бөлуді ұсынамын. Әр топ алған
заттарын өмірінің кезеңдеріндегі қажеттілігіне байланысты үш топқа
бөліп, таңдауының себебін түсіндіруін
сұраймын.
Кіші мектеп жасынан
кейін жасөспірімдік кезең, одан кейін жастық шақ, кемелдену кезеңі,
қарттық шақ келеді.
|
Оқулықпен
жұмыс.
Үлестірме парақша, заттардың
суреті
Оқулықпен
жұмыс
|
Сергіту
сәті
|
«Қаңқалар
биі»
|
Музыка әуенімен
орындайды.
|
Аяқталуы
Сабақты
бекіту
|
Зерттейік. Оқушылар жұмысты топпен
жалғастырады. Зерттеу бірнеше кезеңде өтеді.
Нұсқау1-кезең. Бастапқыда өзім сұрақ
қоямын, топ мүшелері ақылдасып, дәлелмен жауап береді. Әр топқа
атасын немесе әжесін қосуға болады.
Сұрақтар:
— Кім жүз метрлік
арақашықтықты тез жүгіріп өтеді: атасы ма әлде немересі
ме?
— Адамдар кімнен ақыл
сұрайды: әжесінен бе әлде немересінен
бе?
— Кім тауға тез
көтеріледі: атасы ма әлде немересі
ме?
2-кезең. Қандайда бір
іс-әрекетті балалардың жақсы орындай алатынын, керісінше атасы мен
әжесі орындай алмайтынын саралатамын. Оқушылардан өз қорытындыларын
түсіндіруді сұраймын. Ата-әжелерге не жетіспейді? (Күш, денсаулық,
белсенділік).
Ата –әжелер нені жақсы
атқарады? (Ақыл айту, үйрену, өмірдің қиын жағдайында көмек
беру).
Неге? (Олардың өмірлік
тәжірибесі мол).
3-кезең. «Қариясы бар үйдің
қазынасы бар» деген мақалды қалайтүсінетіндігін сұраймын. Қартайған
адамдарды тыңдауға бола ма?
Олар құрметке лайық
па?
Есте
сақта!
Бала сәбилік, балалық
шақта және жасөспірімдік кезеңде тез өседі. Жастық шақта
өсіп-жетіледі. Кемелденген және қартайған шағында адамның өсуі
тежеледі.
Балалық шақта адам жылдам, жеңіл қимылдайды. Жасы ұлғайған
сайын оның қимыл-қозғалысы баяулайды. Бірақ қарт адамның жастарға
айтар ақылы мен білімі болады.
|
Оқулықпен
жұмыс
|
Бағалау
Кері
байланыс
|
Бүгінгі сабақта болған көңіл –
күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы
бағалау.
«Білім
ағашы»
Білім ағашына жапырақтар
ілу
Түсіндім –жасыл
жапырақ, сұрағым бар- көк жапырақ, түсінбедім – қызыл
жапырақ.
|
Білім ағашының
суреті, стикер
|
Үйге тапсырма:
мазмұндау.
|
Саралау – Сіз
қосымша
көмек
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Сіз
қабілеті
жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
|
Бағалау -
Оқушылардың
үйренгенін
тексеруді
қалай
жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық
байланыс
Қауіпсіздік жəне
еңбекті
қорғау
ережелері
АКТ-мен
байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
|
|
|
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не
білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен
жоспарлаған
саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен
берілген уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен өз
жоспарыма
қандай түзетулер енгіздім жəне
неліктен?
|
|
Қорытынды
бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды
да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды
да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген
оқушылар туралы менің келесі
сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не
білдім?
|