Сабақ жоспары Әдептілікке үйренейік .Сөз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Әдептілікке үйренейік .Сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ құруға арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Сауат ашу Мектеп: № 21 ЖОББМ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Тусупбекова А.С


Сынып: 1 Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

7- сабақ. Әдептілікке үйренейік. Сөз.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: әдептілік сөздерін айта алады, біледі.


Көптеген оқушылар: берілген сөздерден сөйлем құрастырады, әріп элементтерін жазады


Кейбір оқушылар: берілген суреттер, сөйлемдер бойынша мәтін құрастырып, әңгімелейді

Бағалау критерийлері

Түрлі жағдаяттарда сыпайы сөздерді қолданады.

Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады.

Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады.

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады.

Иллюстрация бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салады.

Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Құндылықтарды дарыту

Үлкенді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға, әдептілікке баулу, тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Ортақ тақырыптар аясында бейнелеу, дүниетану, математика пәндерімен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, маркер, постер, суреттер, аудиожазба

Бастапқы білім

Оқу құралдарымен таныс болайық . Сөз. тақырыбына қысқаша шолу жасау



Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап

Оқып білім аламыз

ІІ. Топқа бөлу

- Ал енді балалар, топқа бөлінейік,- балаларды түстер бойынша топқа бөлу

ІІІ. Өткен сабақты бекіту

«Оқу құралдарымен таныс болайық» тақырыбына сай сұрақтар

- Қандай оқу құралдарын білесің?

- Қандай оқу құралы бізге көбірек қажет ?

- Сөз дегенді қалай түсінесін?








Shape3 Shape4 Shape1 Shape2





Сабақтың ортасы

20 мин

Тыңдалым: аудиозаписьті тыңдату.

- Өлең не туралы?

- Не істеу керек?

- мына өлең сөздерінен бала қандай болу керек деп айтылған?

- Балалар сендер әдепті болу дегенді қалай түсінесіңдер?

- Әдептілікке байланысты қандай сөздерін білесіңдер?

(Т) 1.Оқулықпен жұмыс.

Сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Жетелеуші сұрақтар арқылы суретті талдайды

Айтылым:

1 тапсырма

-Өлеңдегі әдептілік ережелерін суреттерге сүйеніп, айтып көр

-Сен осы ережелерді орындап жүрсің бе?

ҚБ Ауызша мадақтау.

2 тапсырма

(Ж) Сурет мазмұнына сәйкес сәлемдесу, қоштасу сөздерін таңдау

- Қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш, қайырлы түн деген сөздер тәуліктің қай уақытында айтылады?

ҚБ Жұлдызшамен мадақтау

2. Сергіту сәті

Оңға , оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр

Артқа қарай бір адым

Алдыға қарай бір адым,

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық
3 (Т) қосымша тапсырма

Жұмбақ жасыру

Аяғы бар, жүрмейді,

Аузы бар, күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.

Бұл не? (қуыршақ)

Ұшып-қонып тынбайды,

Қанша ұрсаң да

сынбайды.

Суға салсаң батпайды,

Түскен жерде жатпайды.

Бұл не? (доп)

Үрлесең жеп-жеңіл,

Елпілдеп кетеді.

Ұшырсаң көк теңбіл,

Бұлтқа да жетеді.

Бұл не? (шар)

Дескриптор: Білім алушы

- жұмбақтардың шешуін табады;

- жұмбақтың шешуін табуға қатысты сөздер мен

сөйлемдерді атайды;

- жұмбақтардың шешуін қатыстырып, сөйлем

құрастырады.

- Қуыршақ, доп, шар- бұлар заттардың атауы, оларды сөз деп те айтуға болады

ҚБ Смайликпен бағалау

(Ж)4 .Дәптермен жұмыс

Жазылым:

Берілген сурет бойынша заттарды ата, боя.

Балалар жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

-Қолға қалам алып, дәптердегі элементтерді жазып көрейік, алдымен ауаға жазып көрейік.

ҚБ:

Түрлі жағдаяттарда сыпайы сөздерді

қолданады.

Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады.

Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды

қолданады.

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады.

Иллюстрация бойынша қойылған сұрақтарға

жауап береді.

Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып

салады.

Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай

жазады.

Аудиозапись









Суреттер, оқулық 10 бет










Суреттер






Жұлдызшалар






Қуыршақ, доп, шар






























Смайликтар

Жұмыс дәптері 9 бет



Сабақтың соңы

10 мин

Рефлексия

«Допты лақтыру» Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы

сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді.

Доп

Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Жоспарлайсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді

Денсаулық және техниксының сақталуы

Оқушыларды мақтап,мадақтау арқылы қолдау көрсетемін.

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы.

Смайлик арқылы бағалаймыз.


Сергіту кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау


Сабақ бойынша рефлексия




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2018
1590
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі