400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Алгоритм" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүйелі түрде жоспарланған сабақтарымның бірі осы қысқа мерзімді жоспарға түсірілген Алгоритм тақырыбы. Жас маман ұстаздарға оның ішінде информатика пәні ұстаздарына қажет деп ойлаймын. Өздеріне қажетті бір дүние алар деген үміттемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Информатика

Мектеп: Абай атындағы ЖОББМ

Күні:20.04.2016ж.

Мұғалімнің есімі: Рахымжанова Г.О.

Сынып:6

Қатысқандар саны: 13

Қатыспағандар: 0


Тақырыбы:

Алгоритм


Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылардың алгоритмдік тілдің ережелерін білуге, өз бетінше алгоритм құрып, оған программа жазуға және компьютерде теріп, орындау іскерлігін қалыптастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Алгоритм түсінігін білуге деген қызығушылықтары дамиды

Оқушылардың басым бөлігі:


Алгоритм түсінігін біледі

Кейбір оқушылар:

«алгоритм» ұғымын құндылық ретінде түсінеді,дәлелдейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

«алгоритм», «блок-сызба», «негізгі элементтер»

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

  1. « алгоритм», «блок-сызба», «негізгі элементтер» тақырып бойынша сұрақ-жауап. «Құпия жәшік» әдісі арқылы. Слайд.

Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм орындаушысына анықтама бер

Алгоритмге мысал келтір

Алгоритмнің неше түрі бар?

Блок-сызба элементтерін сипаттаңдар


  1. Тест жұмысы. «Өзіңді тексер!»

Қорыту:

  • Төмендегі құжаттардың қайсысы алгоритм?

  • Кез-келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер

  • Блок-сызба алгоритміндегі іс-әрекет дегеніміз?

  • Алгоритм дегеніміз-...

  • Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс.

  • Оқушыларға миға шабуыл әдісімен венгр сөзжұмбағы берілді

  • «Алгоритм» түсінігі бойынша түсінгендерін айту, мысалдар келтіру




Жазылым бойынша ұсыныстар:

1. «Алгоритм» түсінігіне өмірмен байланыстырып мысал жазу

2.Блок-сызбаға «Жұмыртқа қуыру» мен «Сүт пісіру» алгоритмдерін түсіру


Алдыңғы тақырып


Ақпарат дегеніміз не?

Ақпараттың қасиеттері

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

  1. Сәлемдесу

  2. Шаттық шеңбері

  3. Жеке жұмыс

  4. Үй тапсырмасы тексеру



Психологиялық ахуал

Бағалау парағы

Ортасы

  1. «алгоритм», «блок-сызба», «негізгі элементтер». Сұрақ-жауап.

  2. Тест жұмысы

  3. Шығармашылық жұмыс. Оқушыларға венгр сөзжұмбағы жасырылған



Слайд.



А4 қағазы


слайд




Аяқталуы

  1. Үй тапсырмасы: алгоритм түрлерімен танысу,блок-сызба элементтерін жаттау

  2. Рефлексия



Слайд


стикер

Қосымша ақпарат

Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?



Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс




Қабілеті жоғары оқушыға ізденушілікке,жүйелілікке, қорытынды шығара білуді басшылыққа алатын тапсырмалар беремін.

«А» оқушыны «С» деңгейіндегі оқушымен бірлестіру арқылы тапсырмалар орындатып, өз ойларын ашық да еркін жеткізу.


Бағалау парағы арқылы ауызша, жазбаша жауаптары арқылы


АКТ модульі, ондағы барлық құндылықтарды бір-бірімен байланыстырып, кез-келген жерде тиімді де орынды қолдана білу

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.


Бүгінгі сабағым өз мәнінде өтті деп есептеймін. Жалпы осы сабақтағы мақсатыма жеттім десем де болады.Бүгін оқушылар алгоритм түсінігін білді. Кез-келген іс-әрекеттің тізбектей орындалатындығын білді. Оқушыларға да қызықты болғандығын сабақ соңында кері байланысқа жазған пікірлерінен білуге болады. Бүгінгі сабақта қолданған тақырыпты ашу мақсатында қолданған оқушының сабаққа бару алгоритмін АКТ бойынша жоспарлағаным тиімді болды. Алдағы уақытта өз жоспарыма АКТ-ның тағы басқа мүмкіндіктерін қосар едім.

Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1: Оқушылар арасында диалогтің өрбуі


2: Сабақта сирек сөйлейтін, сабақ айтуға қиналатын оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығының артуы; 


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1: АКТ модульі бойынша жасалған жаңа тақырыпты ашу үшін қолданған түйінді сөзім




2: Миға шабуыл әдісі бойынша оқушыларға берілген венгр сөзжұмбағы



Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Оқушылардың бір-бірлерінің сөзін тыңдап, әрбірінің құнды ойларын тыңдап, сыныптастарының ойланып жауап берулеріне мүмкіндік беру секілді ережелерді сақтау үшін ереже жазылған қағазды сыныпқа іліп қою;

Жеке тапсырмаларға уақытты аз беру;

Уақытқа сай тапсырмалар әзірлеу;

Көптеген тәсілдерді және бағалаудың бірнеше түрлерін қолдану; 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі