Материалдар / Сабақ жоспары Әскери техниканы дайындау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары Әскери техниканы дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Күрделі макеттерді модельдеуде, оқушылар әр қадамын жоспарлап, сызбалармен жұмыс жасауды үйренеді, ұсақ бөлшектерді өндеу барысында өз бойында ұстамдылық пен ептілік қабілеттерін жетілдіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2022
296
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫ МОДЕЛЬДЕУ»

  • Мақсаты: күрделі макеттерді модельдеуде, оқушылар әр қадамын жоспарлап, сызбалармен жұмыс жасауды үйренеді, ұсақ бөлшектерді өндеу барысында өз бойында ұстамдылық пен ептілік қабілеттерін жетілдіреді.

  • Құрал-жабдықтар: Кеңсе пышағы, карандаш, егеу, коврик, темір сызғыш, транспортер, циркуль, пинцет, лобзик, әртүрлі қалындықтағы құмқағаздар.

  • Материалдар: Пвх 8,5,3 мм, секундный клей, автомобильный шпатлевка, оркстекло, баннер, жіңішке сымдар, заклепка, дөңгелек резинкасы.

  • Жұмыс барысы: Бүгінгі шеберлік сыныпта біз әскери техниканың 2 түрін модельдеуді қарастырамыз. Бұл Америка қарулы күштерінде қолданыста жүрген БТР Страйкер және БМП Брэдли әскери техникалары.

  • Практикалық жұмыс:

1. Сызбаларды дайындау: Ең алдымен интернет желісінен модельдің сызбалары мен әр түрлі көріністері бар фотосуреттерді жүктейміз. Кейін осы суреттерді қолдана отырып қағаз бетіне сызбаларды өлшемдерін нақтылап, өзімізге қажетті масштабта түсіреміз.

2. Модельдеу: Қозғалыс бөлігі. Әскери техниканы модельдеуді ең бірінші қозғалыс бөлігінен бастаймыз. 4,3 мм лік пвх материалынан сызбаларды қолдана отырып макеттің астыңғы бөлігін жасақтауға кірісеміз.

3. Корпусын дайындау: Макеттің астыңғы бөлігін дайындап болған соң корпусын жинауға кірісеміз. Дайындаған сызбалар мен суреттерді қолдана отырып өлшемдерін ескеріп отырамыз

4. Дөңгелектер мен шынжыртабан дайындау: БТР Страйкерді моделін жасақтауда 8 мм-лік пвх дан 8 дөңгелек дайындаймыз. 8 мм-лік пвх ны 3 қабаттап желімдеп дөңгелек етіп кесіп аламыз. Кейін оны құмқағазбен өндеп, тазалап, сыртқы протекторын модельдеуге кірісеміз. 3 мм-лік пвх-дан протектор формасын кесіп алып модельдеуге арналған арнайы пинцеттермен дөңгелек сыртына желімдейміз.

БМП Брэдли үлгісінде алдымен шынжартабанды қозғалысқа келтіретін подвескаларын дайындаймыз. 8 мм-лік пвх дан 2 қабат желімдеп сызба бойынша 12 подвеска сызып, лобзик арқылы кесіп аламыз. Кейін кесілген бөліктерді құмқағазбен өндеп заклепқа арқылы корпуска бекітеміз.

Шынжартабан. Шынжартабанды 3 мм-лік пвхдан 5х30 өлшемінде кесіп аламыз. Осы бөлшектерді орнататын лента негізінде баннер қалдықтарын қолдамыз. Бұл лентаға пвх- дан кесілген бөлшектерді ара қашықтығын сақтай отырып желімдейміз.

(БТР Страйкер) (БМП Брэдли)

5. Мұнара мен корпустың ұсақ бөліктерін модельдеу.

Корпустың мұнарасын 3 мм-лік пвх ны қолдана отырып сызба бойынша желімдеп құрастырамыз. Кейін мұнараны қаруландырып корпустың қалған ұсақ бөліктерін жасаймыз.

6. Модельді бояу.

Мұнарасы мен корпустың барлық ұсақ бөлшектерін дайындап болған соң макетті қорытындылап тазалап, ұсақ құмқағазбен өндеп (тегістеп) бояуға дайындаймыз. Кейін бояу барысында жабысып қалмауы үшін қозғалысқа келетін бөлшектерді ажыратып әр қайыссысын бөліп, боуға кірісеміз.

Модельдердің қорытынды көрінісі:

(БТР Страйкер) (БМП Брэдли)

Макетті бояу барысы:







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!