Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақ жоспары "Ауа мен суды ластамау үшін не істеу керек?"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ
ПӘНІ: Жаратылыстану Тақырыбы: Ауа мен суды ластамау үшін не істеу керек? |
Мектеп №34 ОМ |
||
Күні |
Педагогтің аты-жөні: Бошанова Г.А. |
|
|
Мектепалды даярлық сыныбы |
Қатысушылардың саны: |
Қатыспағандардың саны: |
|
Сабақтың оқытылу мақсаты |
0.4.1.2. Ауа, судың ластану себептерін білу, оларды атау. |
||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: • «Ауа мен суды ластамау» деген ұғымды түсіндіре алады. |
||
Көпшілік балалар:
|
|||
Кейбір балалар:
|
|||
тілдік мақсат |
Дағдыларды дамыту. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиялық тәсілі шегінде болжамдар ұсыну. Болжамдар ұсыну үшін тіректер пайдалану. Ауаны ластамауға пайдалы іс-әрекеттер мен зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды салыстыру. Суды таза ұстауға пайдалы іс-әрекеттер мен зиян келтіруі ықтимал жағдаяттардың маңыздылығы туралы әңгіме. Көптілділік: Су – вода – water негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Табиғат қорғау, ауаны ластамау, суды ластамау, пайдалы іс-әрекет, зиянды іс-әрекет; ағаш отырғызу, гүлге су құю, қоқысты тастау, ағаш сындыру. сабақта диалог/хат үшін қолданылатын тіл: |
|
Талқылауға арналған сұрақтар. Ауаны ластамауда пайдалы және зиянды іс-әрекеттер? Сен ауа мен суды ластамауға қандай пайдалы іс-әрекет жасадың? |
|
Өткен сабақтардан алған білім |
Табиғат туралы қарапайым түсініктер; табиғатты сүйіп, оған қамқорлық жасап, ауланы ластамау – бұл адамның бойындағы ең жақсы қасиет. |
|
Жоспар |
||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
ресурстар |
I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин. |
(Ұ) Ұсынылатын мәтін (мысал ретінде) Ауа және су – тіршілік көзі. Ауасыз табиғат, адам өмір сүруі мүмкін емес. Су адам үшін – тіршілік нәрі. Адам ерте кезден-ақ табиғатты аялап, оны кейінгі ұрпаққа ағаш отырғызып, ауаны ластамауға үйретіп отырған. «Көзге көрінбейтін сиқыршы?» әңгімесін баяндап беру. «Көрінбейтін сиқыршы». Педагог баяндаған әңгімеден бала «ауаның қасиеті» бойынша өз ойын еркін жеткізіп болжамдап айтады. Адам немен тыныс алады? Ауа туралы не білесіңдер? Ауасыз өмір сүру мүмкін бе? Су қалай пайда болады? Судың қандай күйлерін білесіңдер? Судың табиғатта кездесетін түрін іше аламыз ба? Суды ластамау үшін не істеу қажет? т.б. |
|
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 2–5 мин. |
(Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды және онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Ауа). Кейіннен сабақ тақырыбы тұжырымдалады: «Ауа мен суды ластамау». Педагог балалардаң табиғатты қорғап, ауаны және суды ластамау жайында не білетінін анықтап, бүгінгі оқу іс-әрекетінде не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың пікірлері тыңдалады). |
Табиғатты қорғауға байланысты бейнеленген суреттер. |
|
Болжамдар:
Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз? Кітаптардан.
|
Табиғатты қорғауға байланысты бейнеленген суреттер. |
||||
Сабақтың ортасы III. Cабақтың тақырыбы бойынша жұмыс 6 – 28 мин. |
(Ұ) Презентация бойынша жұмыс. Педагог балаларға экранға қарап, қандай заң бұзылғандығын анықтауды сұрайды. (Слайдта пайдалы және зиян іс-әрекеттер көрсетіледі. Мысалы, ағаш отырғызып жатқан бала мен ағаш сындырып жатқан баланың қайсысы заңды бұзып жатыр?) (т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Табиғатты қорғау керек пе, керек емес пе? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес. (Не үшін? Неге?). Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:
|
|
|
(Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-тапсырма). Балаларға табиғат аясын қалай таза ұстап, ауасын ластамауды, топ ауасын табиғат бұрышы арқылы тазартып тұруды тәжірибе жүзінде жүргізу. Балаларға ауа мен суды ластайтын іс-әрекеттердің қасына дөңгелектерді қаламмен белгілеп қою ұсынылады. Педагог балаларға кейбір ісәрекеттердің болуы табиғатты құртатыны туралы болжам жасауға көмектеседі. (т) Ауаны ластамау не үшін қажет? Зиян амалдар мен пайдалы ісәрекеттерді бөліп, суреттерді тәртібімен қойып шығу. Педагог балаларға ауа мен суды ластамау туралы түсініктерін қорытынды жасауға әкеледі. (Ұ) Өзекті мәселе. Ауаны таза ұстау іс-әрекетіне ағаш отырғызуды жатқыза аламыз ба? БОЛЖАМДАР. Ойланшы, бұл іс-әрекет табиғатта ауаға қалай көмектесе алды? (Ұ) Динамикалық кідіріс. (Ұ, т) Зерттеу. Педагог балаларға тіршілік үшін бәріміз бірге табиғатты қорғамасақ не болатындығы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды. (Ағаштарды кесу. Ағаштың суреті бар карточка тақтаға бекітіледі). Ағаштарды кесіп азайтып, не тіпті жойып жіберсек, не болады, болжамдаңыз. Ал егер ағаштарды көптеп отырғызып жүрсек не болады? (Таза ауа, желден). Сонымен Жануарларды аялап, сақтауға тырысу табиғатты қорғауға жатады ма? (Қошақанды емізіп жатқан бала. Сөз жазылған карточка тақтаға бекітіледі). Өсімдіктерді қорғау үшін не керек? (Жарық, су. Сөздер жазылған карточкалар тақтаға бекітіледі). |
Әліппе-дәптер. Ағаш отырғызып жатқан суреттер. |
|
(Ұ) Өзекті мәселе. Практикалық жұмыс: «Мен ауаны ластамаймын». (Пт) Табиғат өзін қалай сақтайды? • Жануарлар жыл мезгіліне қарай түсін ауыстырады. Өсімдіктер өсетін жеріне қарай бейімделеді. (Ұ) Педагог балалардың назарын экологтардың мамандығына аударады. Балаларға экологтар ауаны қалай қорғайтыны туралы пікірлерін айтқызады, Экологтар әртүрлі зерттеулер жүргізеді – жақсы немесе жаман? Неге жаман? Неге жақсы? (Ө) Өзекті мәселе. Ауызекі ғылыми жұмыс. «Егер мен ... болсам,» Ғылыми жұмыста әрбір топ өздерін «су, ауа»-ның орнында болып қалған жағдайда адамдар үшін қандай пайда әкелетіндігін айтып беруге тапсырма беру. Тәжірибелік-зертханалық жұмыс іс-әрекеті (сабақ уақытының мүмкіндігі болып жатса, педагог пен балалар іс-әрекетінің шапшаңдығына байланысты): ауа мен барлық тіршілік иелерінің тыныс алатынын, онсыз мерт болатынын, су тіршілік үшін олардың көзі болып табылатынын. Нәтижесінде балалар судың қадір-қасиетін түсініп, оны көп ысырап етпеуін үйренуі керек. Әр тәжірибенің элементі туралы сипаттау керек. Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен сұрақтар құрастыруға тапсырма беру. Балаларға түсінікті және қарапайым суреттерді қолдану. Үлгі сұрақтар: Ауаға зиян келтіретін қандай іс-әрекеттер бар? Пайдалы іс-әрекет дегеніміз не? Суды қалай таза ұстаймыз? Табиғатқа қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер? т.б. Ауаны ластамауға не керектігімен салыстырамыз. (Ауаны қаншалықты таза ұстасақ, соншалықты таза ауамен демалатынымыз туралы қорытындыға келеді, дәл солай суды да.) |
|
|
Қорытынды жасай отырып: балалар мына түсініктерді ұғынуы қажет: Ауа – түссіз, иіссіз, көзге көрінбейді. Ауаның ластануы – ағаштар отырғызбау, қоқыстар тастау, өрт нәтижесінде болатынын. Таза ауа – өсімдіктердің оттегі бөлу арқылы тазаратынын. Су – қар, мұз, жаңбыр күйінде жерге түсіп пайда болатынын. Ауызсу – арнайы құрылғылар арқылы тазаланып жасалатынын. (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 2-тапсырма. «Су бізге не үшін қажет?» сұрағы бойынша әңгіме құрастырады. |
Ағаш қоқымдары, попирустар, қазіргі қағаздар. Әліппе-дәптер. |
Сабақтың соңы IV. сабақтың қорытындысы. рефлексия. 28-30 мин. |
(Ө) Педагог балаларды қорытынды жасауға әкеледі: барлық тіршілік үшін су және ауа керек. Өсімдіктерге де осы компоненттер қажет. Ауа мен суды ластамау арқылы біз табиғатты қорғаймыз. Рефлексивтік бағалау.
Қысқасы – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіре аламын – жасыл қарындаш. Төмендегі тірек сөздер пайдаланылады: Қызықты болды … Шамам жетпейді … Мен түсіндім… Үйде көрейін ... |
Әліппе-дәптер. Түрлі түсті қарындаштар. |