Материалдар / Сабақ жоспары: «Батыр туса - ел ырысы», «Ер есімі - ел есінде»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары: «Батыр туса - ел ырысы», «Ер есімі - ел есінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын жинақталған мектептердегі кіріктірілген қысқа мерзімді жоспар 5-7 сыныптар: тақырыбы: «Батыр туса - ел ырысы», «Ер есімі - ел есінде»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2022
425
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5-7 сыныптарға арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен біріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектебі: «Комаровка орталау мектебі» КММ

Мұғалім: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенеспаева Айша Айкыновна


5-сынып

7-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ер есімі – ел есінде!

Батыр туса – ел ырысы.

Оқу мақсаты:

5.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру;

5.А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту;


5.Ж1. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау.


7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Сабақтың мақсаты:

  1. Барлық оқушылар орындай алады: тыңдалған материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді.

  2. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәліметтерді жинақтайды, тақырып бойынша постер жасайды.

  3. Кейбір оқушылар орындай алады: ауызша мәтіндер құрайды, төл дыбыстардың дыбысталуын, үңдестік заңын ескереді.

  1. Барлық оқушылар орындай алады: повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды

  2. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды, тақырыбын аша алады.

  3. Кейбір оқушылар орындай алады: повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды, тақырыбы мен идеясын талдайды.

Бағалау кретерийі:

  • Тыңдалған материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді;

  • Мәліметтерді жинақтайды, тақырып бойынша постер жасайды;

  • Ауызша мәтін құрайды, төл дыбыстардың дыбысталуын, үңдестік заңын ескереді.

  • повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды

  • повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды, тақырыбын аша алады.

  • повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды, тақырыбы мен идеясын талдайды.

Сабақтың барысы

  1. Жағымды психологиялық ахуал туғызу

  2. Сабақтың мақсатымен таныстыру


5-сынып 7-сынып

«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа шығамын. Ұлы Отан соғысы жайлы деректі фильм көрсетіледі. Балалар, қалай ойлайсыңдар бүгін біз кімдер туралы айтатын боламыз?


Білу. Түсіну.

1-тапсырма. «Бастапқы танысу» әдісі арқылы деректі фильмнің негізінде дара диаграмманы толтырады.

/топтық жұмыс/

Дескриптор:

  • қажетті мәліметтерді толтырады.

Shape1


Мұғалім интербелсенді тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді түсіндіреді, аудармасын айтады, сөздік дәптерге жаздыртады


Интерактивті тақтада сурет көрсетіледі.

  1. Сурет туралы не ойлайсыңдар?

  2. Суреттің сабаққа қандай қатысы болуы мүмкін?

  3. Сурет бойынша пікір білдіріңдер.

Кері байланыс
-
сурет туралы ойларын айтады
- сурет бойынша сабаққа болжам жасайды
- өз ойларын білдіреді
- сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
Жаңа сөздермен жұмыс
Оқушылар сынып қабырғаларында ілініп тұрған сөздердің ішінен өзі мағынасын түсінетін сөзді алады немесе мағынасын тез арада сөздіктен қарап, өзге балаларға түсіндіреді.
Сөздер: мәңгілік, тегістеу, жойылу, бейбіт, жаңғырық, жоқтамау, жанбау, кестелі, тершіген, маңдай, қайғы.

1-тапсырма «Постер» әдісі арқылы тыңдалған мәтінді негізге ала отырып, постер құрастырады. Мәтін не туралы? Олар кім болды? Қандай ерлік жасады? сұрақтарына жауап беруге тырысады.

/топпен жұмыс/

(Қолпаштау арқылы топаралық бағалау)

Дескриптор:

  • мәтіннен қажетті мәліметтерді табады;

  • негізгі ақпараттарды анықтайды;

  • постер жасап, қорғайды.



Тапсырма 1
Оқушыларға өлең мәтінін тыңдату

Нұрасылдың әні ұнады ма? Даусы қандай?

Ән қандай тақырыпқа арналған?
Ән мәтінінен естеріңде қандай сөздер қалды?
Жұпқа бөлу
Оқушыларға суреттер мен сөздер таратылады. Сурет пен сөзді сәйкестендіру арқылы жұптар құрылады.
Сөздер: оқ, күрек, дала, әлем, бомба.


Кері байланыс:
- ән тақырыбын анықтайды
- тірек сөздер арқылы мәтін мазмұны ашылады

Сурет пен сөздердің мәтінге қатысы айтылады.

2-тапсырма. «РАПТ» әдісі арқылы сабақ тақырыбы бойынша қорытынды шығарады.

/шағын топпен жұмыс/

(«Табыс сатысы» арқылы бағалау)

Дескриптор:

  • тақырып бойынша пікір білдіреді;

  • қорытынды шығарады.

Р – кім?

А – кім үшін?

П – қандай?

Т – кім (не) туралы?




2-тапсырма
1. Мәтінде не туралы айтылған?
2. Еске сақтап оқу. Өзі қалаған бір сөйлемді есіне түсіріп айту.
3. Мәтіндегі кейбір сөйлемге комментарий беру.

Кері байланыс:
- Мәтіннің не туралы екенін айта біледі;
- Сөйлемдерді еске сақтап айтуда белсенді болады;
- Еске сақтап айтуында белсенділік танытады;
- Сөйлемге комментарий бергені ұнады, себебі ойын еркін айтты;
- Комментарий беруде жеткізуге талпынады.
- Өлең идеясы айқындалады.

Оқушылар мәтінді тағы бір рет оқып шығады.
Тапсырма 2
Жұптық жұмыс.
Жұбымен пікірлеседі. 1 минут. Мәселе іздейді. Сөйлемдерге назар салады.
Мәтінде көтерілген мәселені табады.
Өлеңнің үшінші шумағына назар аударсақ. Қандай ой барын аңғарыңдар.

Оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдап, өз ойын білдіру керек.

Кері байланыс:
Мәселені таба алу керек;
Мәселеге өз ойын білдіру керек.
Өзгенің ойын мұқият тыңдап, өз пікірін ұсынуы керек.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Естерінде қалған сөздермен қорытынды ой жазу.

Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы беріледі

Кері байланыс:

Рефлексия «Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ: мен білдім:----------------------

Балан үйрек: маған қызықты болды:-------

О ртан терек: мен жасай алдым: -------------

Шылдыр шүмек: мен қиналдым: -----------

Кішкене бөбек: менің сұрағым: -------------

Үйге тапсырма

«Жеңіс күні» /өлең жаттау/.



Жаңа сөздерді жаттау


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!