Мақсаты: Оқушылардың « білім »
құндылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, «Ақиқат» құндылығының
мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділігі:
оқушыларға білімнің адам өміріндегі маңыздылығын
түсіндіру;
Дамытушылығы:
оқушылардың білімге, оқуға құштарлықтарын
арттыру;
Тәрбиелігі:
оқушыларды жақсы оқуға, шыншылдыққа, жауапкершілікке,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
оқулық, дәптер, үнтаспа,
дәйексөз, стикер, маркер, түсті бояулар,
А4
|
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңi.
Оқушылармен
амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану»
сабағының «5-Т»
ережесін
қайталаймыз.
Тәртіп, талап, тыныштық,
тазалық, татулық.
Тыныштық сәті Нұрға
бөлену.
Ыңғайланып отырып,
денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай,
қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді
жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің
төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта
тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып
келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын
елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды
қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле
шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға
көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін
шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.
олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің
аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі
сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.
Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі
ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып
жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды
уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың
да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан –
жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның
барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен
нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды
жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің
жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады.
Рахмет.
Сұрақтар:
1.Қандай сезімде
болдыңыздар?
2.Жаттығу сіздерге қалай әсер
етті?
Үй тапсырмасын
тексеру.
«Ата өсиеті» мазмұнын
айту
|
Сабақ барысын
талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс
отыруын қадағалау
|
Дәйексөз.
«Талаптан да, білім мен өнер
үйрен,
Білімсіз, өнерсіз, болады ақыл
тұл»
Ш.Құдайбердіұлы
(Оқушылар дәйексөзді
бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып, мағынасын
түсіндіреді)
Қорытынды:
Оқу
арқылы білімнің, өнердің қыр – сырларымен таныс боласыңдар. Білім,
өнер – жақсы өмір сүруге септігін тигізеді. Жастайыңнан көп
оқысаңдар, көп білесіңдер өздеріңе жақсы. Көп білгендерің –
қиындықты жеңгендерің. Білімді адамның, ала алмайтын
биігі жоқ. Бәріне де өнердің, білімнің нәтижесінде қол
жеткізуге болады. Сол себепті әрі жақсы, әрі көп оқуға ұмтылғанымыз
дұрыс.
|
|
Әңгімелеу
(Мұғалім
сыйы)
«Білім мен
тәжірибе»
Аңыз
әңгіме
Бір күні шәкірті қария
данышпанға келіп:
алмаған қамалы жоқ шығар.
Айтыңызшы, күнделікті тұрмыста да сондай шеберсіз бе?-деп
сұрайды.
Артынша ұстазының жауабын
күтпестен:
-Мен болсам, балтамен ағаш
бұтауды шебер меңгердім. Алдыма жан салмаймын. Сізді де жеңетініме
сөз жоқ, жарысып көрейік,-деді.
Данышпан асықпай,
сабырлылықпен:
-Мен дайынмын,-деп жауап
берді.
Олар орманға барып, әрқайсысы
өзіне жер бөліп алады да, жарысты бастап
кетеді.
Шәкірт дем алмастан ағашты
шаба береді. Ұстазы жаққа құлақ салып қояды. Ол данышпан балтасының
даусын естімей қалса, демалып отыр деп құанып
қояды.
Жарыс біткен кезде,
данышпанның шапқан ағашы көп болып
шығады.
-Қалайша?-деп айқайлап
жібереді шәкірті.- Сіздің кейде ағаш шаппай, демалып отырғаныңызды
естідім ғой...
-Иә, ол кезде мен балтамды
қайрап отырғанмын. «Ісім өнсін» десең, алған біліміңді өмірде дұрыс
қолдана біл, балам. Қайралған балта сияқты білім де тәжірибемен
шыңдалып отыруы керек,-дейді данышпан өз
шәкіртіне.
Шәкірт ұстазының сөзі мен
ісінен өзіне мәңгілік сабақ алады.
Сұрақ:
-Данышпанның өз шәкіртімен
жарысқа түсуінің мәні неде?
-Ұстаз шәкіртіне дұрыс өмір
сүруді қалай үйретті?
-Білімді өмірде қалай дұрыс
қолдануға болады?
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық
жұмыс
(Оқулықтағы көп нүктенің
орнына тиісті сөздерді қойып, мақал – мәтелдерді жалғастырып
айтады)
І
топ: «Алғыр»
ІІ
топ: «Білгір»
-
Оқу - білім
...,(бұлағы)
Білім - өмір ... .
(шырағы)
2. Оқу ...құдық қазғандай.
(инемен)
3. Білімдіге дүние
...(жарық)
4.Оқымасаң ... жоқ
(білім)
5. Білікті ... жығар,
(бірді)
Білімді ... жығар.
(мыңды)
6.Ақыл тозбайтын тон,...(Білім
таусылмайтын кен)
7.Білімдіге дүние
жарық,...(Білімсіздің күні - ғаріп)
8.Білім –арзан,...(Білу
–қымбат)
Қорытынды:
Білімнің
адам өміріндегі маңызы зор екенін түсіндік.
Білім оқу
арқылы жинақталатынын ұғындық. Білім арқылы өмірдің ақиқатына
көз жеткізесің. Өйткені, білім – ақиқат
бастауы.
|
|
Топпен ән
айту
СЫҢҒЫРЛА, ҚОҢЫРАУ,
СЫҢҒЫРЛА!
Сөзі
С.Қалиевтікі
Әні
М.Дауылбаевтікі
Армысың, аяулы
мектебім!
Сағынып оралдық қайта
біз.
Демалыс, жаз қалай
өткенін
Өзіңе жыр қылып
айтамыз.
Қайырмасы:
Әкелдік көл лебін, күн
нұрын,
Гүлдерін ойдың да, қырдың
да.
Той бүгін шаттанбас кім
бүгін
Сыңғырла, қоңырау,
сыңғырла!
Көп сырын қоңырау
үнінде
Ырысын арқалап күз
келді.
Ыбырай атадай
білімге
Шақырып тұрсың-ау
біздерді.
|
|
Үй
тапсырмасы
«Білім мен тәжірибе» аңыз
әңгімені оқып, түсінік айту.
Білім туралы мақал – мәтелдер
жазу
|
|
Соңғы тыныштық
сәтi.
Балалар ішкі тыныштығымызды
жүрегімізде сақтап, өз ойымыз, ісімізбен сөзімізге сенімді болып,
ешкімге қиянат жасамай, дұрыс әрекет етіп, отбасымызды, бүкіл
адамзатты риясыз сүйіспеншілікке бөлейік. Бүгінгі сабақтан алған
әсерлерімізді жүрегімізге
орналастырайық.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
тыныштық бар жерде,
тыныштық, тыныштық, тыныштық,
тыныштық бүкіл әлемде.
|
|