ӨЗIН-ӨЗI ТАНУ САБАҒЫНЫҢ
ЖОСПАРЫ
Пәні : «Өзін-өзі
тану»
Мерзiмі:22.01.2021ж
Сынып : 4
«А
Мұғалiм : Юлдашева
Малика
Жетекші: Тұрсынова
С.Ш
Тақырып: «Білімге
құштарлық»
Құндылық: дұрыс
әрекет
Қасиеттері: Әдеп, қанағат, парыз, ризашылық,
дұрыс – ой, дұрыс
сөз.
Сабақ мақсаты: Оқушыларды білімнің адам
өміріндегі маңыздылығы арқылы дұрыс әрекет құндылығына
тәрбиелеу.
• Міндеттері: Оқушылардың «білім», «ақыл» туралы түсінік беру;
• Оқушыларды әдеп, ризашылық, қанағат болуға үйрету.
• Дұрыс - ой, дұрыс сөз арқылы оқушыларды жауапкершілікті сезіне
отырып әлем туралы түсініктерін
кеңейту.
Ресурстар:
оқулық, дәптер
(аудио, видио жазбалар)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т ережесі
2. Тыныштық сәті.
«Күннің нұры» (5 минут)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ -
қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға
болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге
қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі
орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және
таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек
- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.
Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.
Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,
ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға
тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық
жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің
денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға таныстарыңызға
бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да
бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға,
өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір
- түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын... Нұр
менің ішімде... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.....
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем
сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көздеріңізді ашуға болады.
Рахмет!
Үй тапсырмасын тексеру:
Тапсырма:
Құштарлық» әңгіме сін оқу
• Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?
• «Оқу инемен құдық қазғандай» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Талапты баланың білімге деген құштарлығын қалай аңғаруға
болады?
• Әдептілік құндылығын қалай түсінесіңдер?
• Дұрыс сөйлеу әрекеті не үшін адамға қажет деп ойлайсыңдар?
• Дұрыс әрекеттің құндылықтарын атаңдар? Сабақ барысын талдау:
1. Дәйексөз.
«Өнер, білім бәрі де, оқуменен табылған»
Ы. Алтынсарин
Не себепті Ы. Алтынсарин өнер, білім оқуменен табылады деп
есептеген?
Бәріміз қосылып айту.
2 - рет ұлдарға, 2 – рет қыздарға айтқызу, 1 – рет барлық сыныппен
айтқызу
2. Әңгiмелеу
«Сәтемір хан»
Сәтемір жеті жасар күнінде ата - анасынан жетім қалыпты. Күндерде
бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде
шаршаған соң сүйеніп, жан - жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ
құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне
барғанда құлап түседі; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі
жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және
тырмысады; ақыры бар күшін салып, қисая - мисая барып, тамның
төбесіне шығып кетеді. Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: «Жан -
жануардың ең кішкентайы осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай жұмыс
істеп жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да
қоймай, ақырында мұратына жетті; тамның басына шықты; мұны көріп
отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық
екен»,- деп ойынын тастап, қалаға барды.
Қалада бір зор білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға
жалданып, ақысына оқу оқыпты - мыс.
Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, әлемге атағы жайылған кісі
болыпты.
Әңгімеге байланысты сұрақтар
• Бала құмырсқаға қарап нені үқты деп ойлайсыңдар?
• Сәтемір неге ойынын тастап қалаға кетті?
• Бала жетістікке жетер жолдың бірі білім деп неге ойлады?
• Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?
• Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп
ойлайсыңдар?
3 Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сынып екі топқа бөлінеді. Бір - біріне жұмбақтар жасырады. Жауап
бере алмаған топтың ұпай саны кеміп отырады.
4. Топпен ән айту.
Ұстазым, менің ұстазым
(с. А. Шамкенов, ә. Ә. Еспаев)
1. Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде, әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы: Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс - жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым.
2. Зердемді сен ашпасаң не етер едім,
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы: Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс - жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым.
3. Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім.
Қайырмасы:
3. Үй тапсырмасы.
2сабақ 6 - сабақ. «Кітаптың жыры».
3сабақ 5 - сабақ. «Ана қиялы».
4сабақ 5 - сабақ. «Әже әңгімесі».
Дәптердегі 5 - 3 - 2 - сабақ. 1, 2 - тапсырмаларын орындап
келу.
4. Соңғы тыныштық сәтi.
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой
елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып
орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің
қуаныш әкелсін!